Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТ АУМАҒЫНДАҒЫ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕЙСМОЖАТТЫҒУ КЕЗІНДЕГІ ПРАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР 3 КЕЗЕҢНЕН ТҰРАДЫ

ШЫМКЕНТ АУМАҒЫНДАҒЫ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕЙСМОЖАТТЫҒУ КЕЗІНДЕГІ ПРАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР 3 КЕЗЕҢНЕН ТҰРАДЫ

Шымкент қаласы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасуына байланысты, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментімен мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде, білім беру ұйымдарында және қаламыздың жекелеген аумақтық бірліктерінде тұрғындардың жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттерін пысықтау мақсатында тоқсан сайын сейсможаттығулар тұрақты түрде өткізілуде. Шымкентте орын алуы мүмкін төтенше жағдайдың алдын алуға және орын алған кездегі біздің атқаратын іс әрекетімізді толыққанды пысықтау мақсатында, қала әкімінің өкіміне сәйкес, жалпықалалық жер сілкінісіне даярлық оқу-жаттығуының жоспары түзілді.
Шымкент қаласы әкімінің 2023 жылғы 31 наурыздағы №29-шы өкіміне сәйкес, қала аумағында 2023 жылғы 5 мамыр күні өтетін жалпықалалық сейсможаттығу кезінде практикалық іс-шаралар өткізілетін орындары белгіленді. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Нұржан Қаракөзев мәлімдеді.
I кезең 3 мамыр 2023 жыл
1. Қауіпті өндірістік нысандарда;
2.Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасына қарасты барлық денсаулық сақтау мекемелерінде;
II кезең 4 мамыр 2023 жыл
3. Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты барлық білім беру мекемелерінде;
4. Шымкент қаласының 5 аудандық әкімдік ғимараттарында;
5. Өмір тіршілігін қамтамасыз ететін нысандар «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС, «Казтрансгаз» ЖШС, «Интергаз» ЖШС, «Қазақтелеком» АҚ, «Қауатжылу орталығы» ЖШС практикалық іс-шаралар өткізіледі;
III кезең 5 мамыр 2023 жыл
6. Қала аумағында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлер;
7. №80,№35, №102, №122, 120,118 ЖОББМ және №65, №90 мектеп-гимназияларының базаларындағы эвакуациялық жиналу пункттерінің практикалық көрсетілімі;
8. Шымкент қаласы, Бәйдібек би даңғылы,
116 мекенжайында орналасқан 12 қабатты «Наурыз Парк» тұрғын үй кешенінен тұрғындарды эвакуациялау іс-шаралары практикалық түрде көрсетіледі. Азаматтық қорғау қызметтерімен жедел әрекет ету жасағының күштері мен құралдары тартылады.
9. Жаңа Ипподром алаңында шатырлы қалашық құрылады. Оған, «Наурыз Парк» тұрғын үй кешенінен эвакуацияланған тұрғындар орналастырылады.
10. Жаңа Ипподром алаңында Азаматтық қорғау қызметтерімен жедел әрекет ету жасағының күштері мен құралдарының көрсетілімі ұйымдастырылады.

Пікір жазу