Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Тұлға (страница 7)

Тұлға

ҚАЖЫМҰҚАННЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ СИПАТЫ

Мұңайтпасұлы тұратын үйде қонақта болған филолог-ғалым Әуелбек Қоңыратбаев палуанның физикалық өлшемдерін жазып алған. Сол кезде 75 жастағы палуан жалаңаш тұрғанда 174 келі тартқан. Шалбарының өзіне үш метр мата, көйлегіне 6 метр сұрып кетеді екен. Бойы – 195 сантиметр, төбеден белге дейін – 77 сантиметр, белінен аяғына дейін – 118 сантиметр. Кеудесі – 146 сантиметр, кіндік тұсы – 173 сантиметр, жуан ...

Толығырақ »

ҚАЖЫМҰҚАННЫҢ ЖЕҢІСТІ ЖОЛЫ ҚАЛАЙ БАСТАЛДЫ

1905 жылы Қажымұқан алғашқы ірі жетістігіне қол жеткізді. Харбинде өткен жарыста Мұңайтпасұлы «джиу-джитсу» күресінен алтын медаль жеңіп алды. Осы додадан кейін  «Маньчжурия чемпионы » деген атаққа ие болды. Ал бір жылдан кейін Алманияда өткен дүниежүзілік жарыста топ жарды. Швецияның Гётеборг қаласында өткен француз күресінен әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты. Сөйтіп, осы күрес бойынша әлем чемпионы атанған алғашқы қазақ болды. 1910 ...

Толығырақ »

МҰҢАЙТПАСҰЛЫ ОН ЖЕТІ ЖАСЫНДА ТАНЫЛДЫ

Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен кәсіпқой балуан. Қажымұқан жастайынан байларға жалданып, ауыр жұмыс істеген. Сол кезде батпаққа батып қалған өгізді жалғыз өзі тартып шығарып алғаны туралы әңгімелер де бар. Елдің есінде тағы бір оқиға қалды. Қажымұқанның қожайыны ...

Толығырақ »

АТАЛАРЫ АҒАШТЫ ТАМЫРЫМЕН ЖҰЛҒАН

Күрес өнерінің бірнеше түрін жетік меңгеріп, әлем чемпионы атағына қол жеткізген тұңғыш қазақ — Қажымұқан Мұңайтпасұлының аталары да тегін болмағаны анық. Осындай батыр аталарының ұрпағы қазақтың атын әлемге  танытып, алып күш иесі атанып отыр. Қажымұқан Қыпшақтың Алтыбас руынан шыққан. Аталары: қыпшақ Тоқтарбай, одан кейін Қобыланды, Тірлікбай, Ойбас, Ұзын, Алтыбас, Қарыс, Жоламан, Санбай, Шадибатыр, Ернақ және әкесі Мұңайтпас. Атасы Ернақ ерекше ...

Толығырақ »

МҰҢАЙТПАСҰЛЫ МАРАПАТТАРЫН САҚТАЙ АЛМАДЫ

Қазақ елінің мақтанышы, алып күш иесі, теңдесі жоқ кәсіпқой палуан Қажымұқан Мұңайтпасұлы – күрес өнерінің бірнеше түрін жетік меңгеріп, әлем чемпионы атағына қол жеткізген тұңғыш қазақ. Қажымұқан жиырма алты мемлекетте өнер көрсетіп, елуден астам медаль жеңіп алған. Ол наградаларының бәрін сақтай алмады. Мәселен, Рига қаласында жүргенде әкесінің қайтыс болғанын естіп, жолға ақша іздеген екен. Сөйтіп, медальдардың жартысына жуығын атақты палуан ...

Толығырақ »

БАЛУАННЫҢ ҰРПАҚТАРЫ

Қажымұқан Мұңайтпасұлы тағдырдың жазуымен болар төрт рет отбасы құрып, төрт әйел алғаны белгілі. Алғаш Рига қаласында гострольмен жүргенде ат үстінде ойнайтын цирктегі поляқтың акробат қызы Н.Н.Чепковскаямен, содан елге келгеннен кейін 1925 жылы екінші рет қазақ әйелі Ырыстыға, үшінші некесі әмеңгерлікпен қосылған Мінайымға үйленеді. 1944-45 жылдардың бірінде палуан төртінші әйелі Бибіжан Бүркітқызымен отандасады. 1948 жылы дүниеге палуанның кенже ұлы Жанабіл Қажымұқанов ...

Толығырақ »

ЕЛГЕ ОРАЛҒАН СОҢ …

Палуан елге келгеннен кейін, 1925 жылы екінші рет қазақ әйелі Ырыстыға үйленген. Бұл некеден Қажымұқанова Азия, София, Рашида атты үш қыз туылған. Бірақ өкініштісі соңғы екі қызы анасымен бірге, сол кездегі медициналық емі белгісіз аурудан қайтыс болып, палуанға ауыр соғады. Бірақ бүгінде қызы Азияның тұрмыс құрған елі Қызылорда облысы, Шиелі ауданында, қыздан тараған ұрпақтар, яғни жиендер тұрып жатыр. Бүгінде Азия ...

Толығырақ »

БАЛУАННЫҢ ОТБАСЫ

Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының отбасы. Әр түрлі тағдырдың жазуымен болар төрт рет отбасы құрған, яғни төрт әйелі болған. 1909 жылы сонау Рига қаласында гострольмен жүргенде ат үстінде ойнайтын цирктегі поляқтың акробат қызы Н.Н.Чепковскаямен танысып үйленген. Бұл отбасымен Омбы қаласында тұрған. Мұсылманша неке қидыртып, Қажымұқан әйелі Надеждаға Батима деп ат қояды. 1910 жылы дүниеге Халиолла Мұқанов, яғни ...

Толығырақ »

ШЕЖІРЕ

Қажымұқанның тегі  — орта жүз, қыпшақ руынан шыққан.  Қазақ эпосындағы қара қыпшақ Қобыланды батырдың он бірінші ұрпағы. Қажымұқан палуан мен Қобыланды батырдың арасында он ата бар. Анасы Қабира  ерте қайтыс болып, бала Мұқан әкесі Мұңайтпас пен әжесі Айсарының тәрбиесінде өседі. Қажымұқанның атасы Ернақ батыр да Абылайханның тұсындағы үзеңгілес батыры, үлкен қолды бастаған әскер басы болған тұлға еді. Балуанның әкесі Мұңайтпас ...

Толығырақ »

ПАЛУАНДЫЛЫҚ — ҚАЖЫМҰҚАННЫҢ ТАБИҒИ ТАЛАНТЫ

Қандай тарихи тұлғаны болсын халық тудырады, заманы ширатып жаратады. Қажымұқандай алыптың тарих сахнасына көтерілуі де тегін емес. Арғы тегі Қарақыпшақ Қобыландыдан тарайтын осынау даңқты тұлғаның қалтарысы мен бұлтарысы, қайғысы мен қуанышы қат-қабат, қиын да қызық, жеңісті де жемісті ғибратты ғұмыры — соның айғағы. Қажымұқандай ұлы перзентінің теңдесіз табиғатына, бірегей болмысына тәнті болғаны соншалық, көзін көргендердің ортамызда жүргеніне қарамастан, ел-жұрты палуанның ...

Толығырақ »

ҚАЖЫМҰҚАНҒА ЖАСАЛҒАН ҚАСТАНДЫҚ

Өмірдің тар жол, тайғақ кешуін бір кісідей бастан өткерген көрнекті ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор Абай Тұрсынов Ленинград қаласының жоғары оқу орындарында ұзақ жыл ұстаздық етіп, бертінде Алматыға көшіп келген зейнеткер. Абай Тұрсыновтың айтуынша, Қажымұқанмен жақсы қарым-қатынаста болған ата-анасы бір жолы әйгілі балуанды төніп келген ажалдан аман сақтап қалыпты. Оған өзі тікелей куә болған. Сол туралы Әбекең былайша сыр шертеді: ...

Толығырақ »

ОТАНҒА КӨМЕК

ҰОС-ң отты жылдарындағы Қажымұқан бейнесі, оның өмірі және тірлігі, оның саналы да жеңіске толы өмірінің тағы бір тың, патриоттық, отансүйгіштік қырын көрсеткендей болды. Жасының егде тартып, жетпістен асып, қарттық шағы келіп жеткен палуанға соғыстың өте қатты әсері тиеді. Елінің, жұртының арқа сүйер азаматтарының бірі болған ол үйінде тыныш жата алмаған. Бұлайша құр уайыммен жатпай, әскерге алынып, соғыс майданына барып қолынан ...

Толығырақ »

ҚАЖЫМҰҚАН ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫМЕН БІРГЕ

Өмірінің көпшілігін спортқа арнап, мол жылдарын шет мемлекеттерде өткізген ұлы палуан өз Отанына оралған кісілік шағында, ұлтының қамы мен елінің рухы үшін тынбастан елдегі ұлт зиялыларымен  араласып, жиі кездесіп, шамасының келгенінше басқосуларға қатысқанды. Елдегі түрлі жиындар мен іс-шараларға бір кісідей атсалысып қатысып, ел жаңалықтарымен етене байланыста болды. Оған дәлел музей қорындағы бірнеше фото суреттер арқылы сөйлесек, мысалы 1918 жылы Семейде ...

Толығырақ »

ҚАЖЫМҰҚАН МЕН ҚАЖЫТАЙ ҰШҚЫШ

Халқымыздың бiртуар ұлы — қас батыр Қажымұқан туралы ел iшiнде аңыздар да, естелiк әңгiмелер де аз емес. Ал мен болсам, сонау 1946 жылы ел аралап, ғажайып өнерлерiн көрсетiп жүрген балуан атамыздың дамбалының балағынан өткен балалық шағымды ешқашан ұмыта алмаймын… Сол жылдың тамыз айы болатын. Сарысу ауданының (Жамбыл облысы) орталығы болған Байқадам (қазiргi Саудакент) селосында тұратын нағашы ағам Амантайдың үйiне шешеммен ...

Толығырақ »

БАЛУАНДЫ КӨРГЕН КӨНЕКӨЗ

Менің әжем Мінуара Нұрта­зақызы Омбы қаласының түбіндегі Бәкізе деген ауылда дүниеге келген. Өзінің айтуынша, қой жылы, күн жылынып, төлдер қорадан шығып, жер аяғы кеңіген кезде туған. Менің әжем Мінуара Нұрта­зақызы Омбы қаласының түбіндегі Бәкізе деген ауылда дүниеге келген. Өзінің айтуынша, қой жылы, күн жылынып, төлдер қорадан шығып, жер аяғы кеңіген кезде туған. Ал құжатта 1916 жылы 8 наурызда туды деп ...

Толығырақ »

ҚАЖЫМҰҚАНҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТКЕН ЕКЕУ

Осыдан бірер жыл бұ­рын Астана қаласына жол түсіп, біраз күн бас шаһарды араладым. Қала­дағы мәдени, тарихи ескерт­кіштерді тамашаладым. Сол уақытта өзім куә болған жайлардың ішіндегі бөле-жара айтарым әйгілі жазушы, қоғам қайраткері, бәрімізге бала жасымыздан өзінің «Тоқаш Бокин» романымен таныс Зейін Шашкиннің шаңырағында қонақ болғаным дер едім. Жазушының зайыбы Мә­риям Нұрланқызы жасы сексен жетіге келсе де әлі күнге сергек, ширақ, ба­қуат­ты ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ТҰҢҒЫШ КӘСІПҚОЙ БАЛУАН

Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы — Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажы Мұқан бабамыз. Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер ...

Толығырақ »

ҚАЖЫМҰҚАН ТҰРҒАН ҮЙ

Күш атасы Қажымұқан өз қолымен тол­тырған өмірбаянында Ақмола облысында дүниеге келгенін жазады. Оған дау жоқ. Алайда, Отырар ауданы, Шілік ауылдық округі Ақтөбе елді мекенінде дүниеге келді деген сөз ертеден айтылып келеді. Сол Ақтөбеде өткен келелі жиында күш атасының көзін көрген ағайыны, бүгінде марқұм Дүрман Есжанов ақсақал «Қажымұқанның атасы Ернақ Шiлiк елдi мекенiнен шығаберiс жердегi қо­рым­да жерленген. Балуан бабамыз – күллi ...

Толығырақ »

ҚАЖЫМҰҚАННЫҢ БАТАСЫ

Таяуда Павлодар облысы, Қашыр ауданы Тереңкөл ауылында тұратын сексен жасқа толған Мағатай Мұстафина мынадай әңгіме айтып берді. Апамыз әңгімесінде былай дейді: – Менің келін болып түскен жерім осы өзіміздің ауданымыздағы қазіргі Федоровка ауылдық округіндегі, кезінде (Максим Горький ауданы) Қызылтудың Қоянды деп аталған жері болған. Мұстафа әулетінен, баласы Сләмғалының үш қыздан кейінгі көрген ұлы Жасаумен отау құрдым. Бір кездері аталарымыз осы ...

Толығырақ »

ИМАНЖҮСІПТІҢ ТАПҚЫРЛЫҒЫ

Қаламгер Әлімқұл Бүркітбаевтың «Қажымұқан» атты хикаяты 1990 жылы «Жалын» журналында алғаш рет жария­ланып, артынан жеке кітап бо­лып шықты. Осы туындыда Ұлытау өңірін­де атақты Иманжүсіп Құтпанұлы, Балуан Шолақ, Қажымұқан балуан үшеуі бас қосып, даланы ду-дырдуға бөлегені жайлы айтылады. Бірін-бірі көріп, бас қосуға ынтызар болып жүрген қазақтың арыстары алқа-қотан өнер көрсетеді. Балуан Шолақ білектей темірді арқан сияқты білегіне үш-төрт қайыра орап, екі ...

Толығырақ »

ҚАЖЫМҰҚАН КӨТЕРГЕН ТАС

Ғасырға жуық уақыт бұрын қазақтың даңқты балуаны Қажымұқан Мұңайтпасов Баянауылдағы досы Сүбек ұстаның үйінің іргесіне таудан алып тасты көтеріп әкеліп орнатыпты. Алып тасты алып келерде таразыға салып өлшемеген, әрине. Кейін ғой тастың салмағы 480 келі екені мәлім болғаны. Сүбек ұста Баянауылға таны­мал болған деседі. Дерек­тер­ге қарағанда, өткен ғасыр­дың жиыр­масыншы жылдары Қажы­мұ­қан бабамыз Павлодар уезі Ақ­келін, Далба болыстарын ара­лап өнер көрсеткен. ...

Толығырақ »

ҚАЖЫМҰҚАННЫҢ ҚОС ҚАНАТЫ

– Сонымен, соғысқа барамын деңіз… Аудандық әскери комис­сариат­тың бастығы, капитан Данияр Әлі­мов шау тартып қалған дала баты­рына таңырқай қарады. – Иә, несі бар! Соғысып жат­қан­дар­дан менің жаным артық па екен? Ел басына күн туғанда өзін еркек­пін дейтін арда азаматтар үйінде бұғып жата ма? Ата-баба сал­тында ер-азамат ел шетіне жау түре кіргенде жамбастап жатып өл­мейді. Сен де айтады екенсің… – Мен ...

Толығырақ »

БАЛУАН-БАТЫР ЖАЙЛЫ ДЕРЕКТЕР

Балуан — батырымыз Қажымұқан Мұңайтпасов жайлы қызықты деректерді ұсынып отырмыз. Бұл ақпаратты әр қазақ баласы және күрес жанкүйерлері білуі тиіс. 1. Өмірінің соңғы кезеңі Түркістан жерінде өткізді. Бүгінде Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірланда балуанға арналған ескерткіш пен музей бар. 2. Ол өмірінің соңғы жылдары жасы жетпістен асса да ел аралап, цирк өнерін көрсетіп, жиналған 100 мың сомға майдан үшін деп ...

Толығырақ »

ҚАЖЫМҰҚАН БАЛУАННЫҢ ӘЖЕСІНІҢ ҚАБІРІ

Ол зират Астана іргесіндегі Төңкеріс ауылының қорымында жатыр. Қажымұқан  балуанның өмір тарихы алып күшінің арқасында әлем спорт тарихына енді. Қазақ халқы осы тумасы арқылы әлі талай ғасыр  мақтана алады. Уақыт – ұлы таразы. Екшейді, елейді, ақиқатты ақтайды, өнегеліні өрге сүйрейді. Тек таңдаулы тұлғаларға ғана тарих өз қойнауынан орын береді. Осындай таңдаулының бірі — Қажымұқан Мұңайтпасұлы. Көзі қарақты қауым түгел біледі. ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚТЫҢ ХАС БАТЫРЫ

Қажымұқанның тұңғыш рет әлемдік деңгейде көрінген шағы — 1906 жыл. Алманияда өткен дүниежүзілік сайыста ол әлем чемпионы атанады. Бірақ орыс әкімшілігіне бұратана халықтың атын шығарған палуан онша ұнай қоймайды. Сол үшін де Қажымұқан орыс палуандарының атымен күресуге мәжбүр болды. Қажымұқанға неше түрлі лақап аттар беріледі. Сол кездегі саясат бойынша, бізде тек орыстар ғана емес, жапондықтар да күреседі деген жарнамалар жасалып, Қажымұқанды «Ямагата Мухунури» деген ...

Толығырақ »