Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2023 (страница 17)

Годовые архивы: 2023

ПАРАСАТ КЛУБЫНЫҢ КЕЛЕСІ ОТЫРЫС «ҰРПАҚ БОЛАШАҒЫ-ҰЛТ ТӘРБИЕСІНЕ» АРНАЛДЫ

Түлкібас ауданында Парасат клубы отырысының күн тәртібі «Ұрпақ болашағы-Ұлт тәрбиесіне» арналды. «Тәрбие басы тал бесік»деп атам қазақ бекер айтпаған.Ең бірінші бізге білім емес тәртіп керек яғни білім алу үшін тәрбиелі инабатты болу қажет. Осы ретте, халқымыз қашанда бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, «Тәрбиесіз берген білім-адамзаттың қас жауы»-деп те атап өткен. «Парасат» пікірталас клубының кезекті отырысы аудандық мәдениет үйінде өтті. Түйінді ...

Толығырақ »

САЙРАМДЫҚ КӘСІПКЕР МАУСЫМДА 50 ТОННА ҚИЯР ӨНІМІН АЛДЫ

Сайрам ауданы Қайнарбұлақ ауыл округі Қасымбек-Датқа ауылында орналасқан «Бозінген» шаруа қожалығы 1989 жылдан бері егін және мал шаруашылығын қатар алып жүруде. Аталған шаруа қожалығы 5 гектар аумақты құрайды. Өнім жинау уақытында 15-20 ауыл тұрғыны жұмысқа тартылады. Кәсіпкер Әбілқасым Мустафаевтың айтуынша биыл маусымда 50 тонна қияр өнімін алған. Шаруашылық 2021 жылы жаңбырлатып суғару тәсілімен 20 гектар жерде мал азық-дақылдар егіп бастады. ...

Толығырақ »

МАЛ БОРДАҚЫЛАП, СҮТ ӨНДІРЕДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы ұлықтау рәсімінде «ауылдағы жағдайды жақсарта алмасақ – бәрімізге сын» деген сындарлы сөз айтты. Ауыл шаруашылық саласын дамыту-маңызды міндет. Сансыз баптар жатқан Сайрам ауданы ауыл шаруашылығы көш ілгері дамыған аудан. Қарасу ауылдық округі, Ақбай елді мекенінде орналасқан » Умарали ата» шаруа қожалығы бүгінде ірі қара мал өсіріп отыр. Шаруашылық басшысы Мирзали Усманов Умаралиұлының қазіргі таңда ...

Толығырақ »

«ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫНА» ҚАТЫСУШЫ ШАБАНДОЗДАР АСТАНАДАН ТҮРКІСТАНҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Астанада «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон бәйгесі басталды. Екінші рет ұйымдастырылып отырған сайысқа биыл 19 команда өте жақсы дайындалған. Төзімділік пен шыдамдылықты, қайсарлықты талап ететін сайыс Астана маңындағы Қаражар ауылынан басталды. Жарыс жолының қашықтығы 1300 шақырымды құрайды және бағыт Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда және Түркістан облыстарын қамтиды. Марафон 19 қыркүйекте Түркістанда аяқталады. Жорық 14 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңнің қашықтығы – ...

Толығырақ »

ШЕТЕЛДІК ТУРИСТЕР ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙ ТАҒАМЫН ҰНАТАДЫ?

Елімізге келген туристердің басым бөлігі қазақтың ұлттық тағамдарына таң қалып жатады. Отандық туроператорлар жүргізген сауалнамаға сәйкес, шетелдік қонақтар арасында ең танымал ұлттық тағам – қазақша ет екендігі анықталды. Қазақша ет еліміздің барлық қалалары мен демалыс орындарында беріледі. Туристердің талғамына сай жылқы, сиыр немесе қой етінен дайындалып, қонақтарға ұсынылады. Екінші орында – бауырсақ. Еліміздің әр өңірінде ұннан жасалатын өнімнің өзіндік рецепті ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ ПЕН ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫН ЖАЛҒАЙТЫН ЖОЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен «Қазығұрт және Төлеби аудандарын жалғайтын облыстық маңызы бар КХ-29 «Шарапхана – Жаңабазар – 1 Мамыр» автомобиль жолының 42-50,6 шақырымы аралығына (Алғабас, Зағамбар, 1-Мамыр елді мекендері) орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Мердігер мекеме – «Бірлік» ЖШС. Жөндеу жұмыстары барысында ескі асфальт қабаты толығымен жаңартылды. Сондай-ақ елді мекендер ішіне жаяу жүргіншілерге арналған ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИЕТ САЛАСЫН ДАМЫТАТЫН ЖАҢА МАМАНДАР ҚАБЫЛДАНЫП ЖАТЫР

Түркістан өңірінің рухани-мәдени саласын дамытуға оң қадамдар жасалуда. Бүгін «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде жаңа мамандарды қабылдау бойынша іріктеудің екінші кезеңі өтті. Өнерпаздардың арасынан вокалдық, классикалық, дәстүрлі оркестр жасақталып, би ұжымы іріктелді. Мамандарды Қазақстанның үздік өнер иелерінен құралған кәсіби комиссия бағалады. Бүгінгі күнге 40-тан астам үміткер өз өтінішін білдіріп, соның 21-і өтті. Ал бұған дейін 33 өнерпаз іріктеліп, жалпы 54 маман ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТЫҚ КӘСІПКЕР ЖЫЛЫНА 5-6 МЫҢ КӨШЕТ ШЫҒАРАДЫ

Сарыағаш ауданына қарасты Жемісті елді мекенінің тұрғындары көшет өсіруді кәсіпке айналдырған. Жемісті ауылдық округінің тұрғыны С.Пернебеков 25 жылдан астам уақыт жеміс және көрнекілік ағаштарының көшеттерін өсірумен айналысып келеді. Көшет егудің қыр-сырын жетік меңгерген көпбалалы әке жылына 5-6 мың көшет шығарады. Сонымен қатар кәсіпкер жеміс көшеттерін 2 жыл бойы өсіріп, сонан соң саудаға қояды. Жалпы бүгінде аталған көшеттерге сұраныс жоғары, сондай-ақ ...

Толығырақ »

ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС КҮНІН ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАУДАН БАСТАДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Көрме» орталығында қала тұрғындарын қабылдап, алғашқы жұмыс күнін жергілікті халықтың талап-тілектерін тыңдаудан бастады. Қала әкімінің азаматтарды бірыңғай қабылдауында 300-ден аса тұрғын өтінішін білдірді. «Көрме» орталығында әкім орынбасарлары, департамент басшылары, аудан әкімдері, басқарма басшылары мен сала мамандары қабылдауға келген азаматтардың талап-тілектерін назарға алып, бағыт-бағдар беріп, тиімді шешу жолдарын қарастырды. Ғабит Әбдімәжитұлы халықпен ашық диалог құруға ...

Толығырақ »

ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ: “ШЫМКЕНТТІҢ ӨНЕРКӘСІП АЙМАҚТАР ҚҰРУ ТӘЖІРИБЕСІ БАРЛЫҚ ӨҢІРДЕ ҚОЛДАНЫЛАДЫ”

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Шымкентке арнайы келіп, қала әкімін тағайындау мақсатында мәслихат депутаттарының жиналысына қатысқан болатын. Жиын барысында мегаполистің жаңа әкімі Ғабит Сыздықбековке маңызды тапсырмалар жүктеп, қаланың кәсіпкерлікті дамытудағы жетістіктеріне арнайы тоқталды. Шымкенттің қолайлы экономикалық және іскерлік ортасы бар қала болуға тиіс екенін ескерткен Үкімет басшысы ол үшін инвесторларға тиісті жағдай жасалып, мегаполистің дамуына серпін беретін ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: МАҚСАТ АЙҚЫН, МІНДЕТ ЗОР

Шымкент қаласының активімен өткен кездесуде ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайылов Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековке маңызды міндеттер қойды. «Бүгінде қала миллионнан астам халқы бар жетекші өнеркәсіптік және экономикалық орталықтардың бірі. Осыған байланысты тұрғындарды сапалы ауызсумен, электр және жылу қуатымен қамтамасыз ету, әлеуметтік нысандарды жаңғырту мәселелерін шешу жергілікті атқарушы биліктің алдына қойылатын басым міндеттер», — дей келе, тұрғын үй құрылысы бойынша жоспарланған ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН СПОРТШЫЛАРЫ АСЫҚ АТЫП, ӘЛЕМ КУБОГЫНДА ТОП ЖАРДЫ

Румынияның Констанца қаласында ұлттық спорт түрлерінен әлем кубогы мәреге жетті. Биыл екінші рет өткен дүбірлі дода аясында асық ату мен бес асықтан сайыстар өтіп, жеңімпаз және жүлдегерлер белгілі болды. Атап айтар болсақ асық атудан «Қазақстан-1» құрамасы топ жарса, еліміздің екінші құрамасы екінші орынға ие болды. Үздік үштікті Германия командасы түйіндеді. Бес асықтан өткен сында Қазақстан құрамасы қарсылас шақ келтірмесе, Түркия ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: “ҚАЗЫҒҰРТ” БРЕНДІМЕН КІР САБЫН ӨНДІРІЛЕ БАСТАДЫ

Қазығұрт ауданындағы Қызылқия ауылдық округінің тұрғыны Айдос Сарыбай мемлекеттік бағдарламамен 1 млн. 300 мың теңге қайтарымсыз грант алып, кір сабын өндіретін жеке кәсібін ашқан. Ол өз кәсібін бастау үшін Тараз қаласында сабынды өндірудің әдісін үйреніп, арнайы құрылғы сатып алған. Өндірістің басталғанына көп уақыт болмаса да өнімге деген сұраныс күн сайын артып келеді. Кәсіпкердің айтуынша, тәулігіне 1 мың данаға жуық кір ...

Толығырақ »

«5-10-20» ТҰРҒЫН ҮЙ НЕСИЕЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАНАДЫ

«Отбасы банк» АҚ Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде «Жылдық 5%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздарды беру арқылы әлеуметтік кредиттік тұрғын үйді сату» бағытына қатысуға өтінімдер қабылдау басталатынын хабарлайды. Конкурстық пәтерлер Шымкент қаласы,»Тұран» шағын ауданы 9 қабатты №9,13,14,15,16,17,18,19,20,21 тұрғын үйлерде орналасқан. 1 ш. м. тұрғын үйдің құны: 200 000 теңге, «таза» ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: “БІР ҮЙ – БІР БІРЛЕСТІК – БІР ШОТ” ҚАҒИДАСЫНЫҢ ТИІМДІМІГІ КӨП

Бүгінде «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңында қаралған өзгерістерге сай көпқабатты тұрғын үйлерде мүлік иелерінің бірлестіктері институтын немесе жай серіктестікті енгізу жөніндегі реформа іске асырылуда. Аудан әкімдіктері тарапынан тұрғындар арасында жаңа реформаның тиімділігі бойынша түсіндіру шаралары жүргізілуде. Осы бағытта сұрақтар туындаған жағдайда тұрғындар аудан әкімдіктеріне және қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына хабарласа алады. Өзгеріске сәйкес, «Бір үй –бір бірлестік-бір шот» ...

Толығырақ »

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕНІҢ ТІЛІМ» ФОРУМЫНДА КЕЛЕЛІ ОЙЛАР АЙТЫЛДЫ

Елімізде Қазақстан халқы тілдері мерекесі 5 қыркүйекте тойланып келеді. Оның өзіндік себебі де бар. Бұл күн – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деп, ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Сондықтан қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тіл мерекесі тойланады. Мемлекеттік тіл — ...

Толығырақ »

ҒАБИТ ӘБДІМАЖИТҰЛЫ СЫЗДЫҚБЕКОВ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЛАУАЗЫМЫНА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғабит Әбдімажитұлы Сыздықбеков Шымкент қаласының әкімі лауазымына тағайындалды. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қалалық мәслихат депутаттарының жиналысына қатысып, қала әкімі лауазымына Рашид Мыңбаев пен Ғабит Сыздықбековтің кандидатураларын таныстырды. Ә. Смайылов Мемлекет басшысының тиісті хатын оқыды. Ашық дауыс беру нәтижесінде 10 депутат Р. Мыңбаевқа дауыс беріп, 19 депутат Ғ. Сыздықбековтің кандидатурасын қолдады. Жиналысқа барлығы 29 депутат қатысты. Ғабит Сыздықбеков ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ 6 ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

Шымкент қаласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру мақсатында 2025 жылға дейін 28 мың орындық 18 мектептің құрылысын салу жоспарлануда. Биыл 17 300 орындық 12 ғимаратты салуға республикалық бюджеттен тиісті қаражат қаралған. Ал, 10 700 орындық 6 мектептің құрылысы 2024 жылы басталады деп жоспарлануда, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Бүгін қала әкімінің орынбасары Нұрсадық Ергешбек жауапты ...

Толығырақ »

ЖАСТАРҒА 2,5 ПАЙЫЗБЕН БЕРІЛЕТІН НЕСИЕ ҮШІН КЕПІЛДІК ТҮРЛЕРІ КЕҢЕЙТІЛДІ

Бүгінгі күннен бастап жастарға жылдық 2,5% жеңілдікпен шағын несие беру үшін қабылданатын кепілді мүлік түрлерінің тізбесі кеңейтілді. Сонымен, кепілмен қамтамасыз ету ретінде қосымша қабылданады: — екінші деңгейдегі банктердегі шоттарда орналастырылған ақша қаражаты; — республикалық маңызы бар қалаларда, облыстық маңызы бар қалаларда, аудан орталықтарында, облыстық және аудандық бағыныстағы қалаларда, сондай-ақ ауылдарда және ауылдық елді мекендерде жылжымайтын мүлік; — жеке меншік құқығындағы/бастапқы ...

Толығырақ »

Спорт күніне орай мекемелер арасында спартакиада өтті

Баршаңызға белгілі, тамыз айында «Спорт күні» кәсіби мерекесі атап өтіледі. Спорт саласы Қазақстанда кең қолдауға ие. Елде спорттың дамуына бұқаралық спорт қозғалысын кеңейтуге, спорттағы жетістіктерді ынталандыруға бағытталған саясат ықпал етуде. Қазақстандық спортшылар түрлі халықаралық жарыстарда үздік нәтижелерді көрсетіп келеді. Мемлекеттің өзі беделді халықаралық жарыстарды өткізетін орынға айналуда. «Спорт күні» кәсіби мерекесіне орай Түлкібас аудандық мекемелер арасында спартакиада өтті. Жарысқа қатысушылар ...

Толығырақ »

ТІЛДЕР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

5 қыркүйек қазақ лингвистикасының негізін қалаушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнінде осы датаға байланысты Қазақстан Республикасы халқының «Тілдер күні» атаулы мерекесі тойланады. Қазақстан Республикасында мекендеген ұлттар мен ұлыстарды тығыз байланыстыратын күндердің бірі — тіл мерекесі. 4 қыркүйек күні мерекелі күнге орай Түлкібас ауданының мәдениет үйінде «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халқын біріктіретін тіл» тақырыбында іс-шара атап өтілді. Ауданда тұратын этнос ...

Толығырақ »

ҚАЗЫҒҰРТТА «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ МОБИЛЬДІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

Қазығұрт ауданында «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесінің шалғай елді-мекендерде мобильді қоғамдық қабылдау өткізу іс-шарасы болып өтті, деп жазады аудан әкімінң баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Алдымен Сарапхана ауыл округі «Мәңгілік ел» аллеясында жергілікті тұрғындардың қатысуымен қоғамдық қабылдау өткізіліп, одан соң Қызылқия ауыл округінің мәдениет үйінде ауыл азаматтарының белсенділігімен жалғасты. Атаулы іс-шараға «AMANAT» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау ...

Толығырақ »

ЖОЛДАУДА ЗИЯНДЫ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЖҰМЫСШЫЛАРҒА 55 ЖАСТАН БАСТАП АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ ТӨЛЕНЕТІНІ АЙТЫЛДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Жолдауында ел дамуының болашағы қатысты өзекті мәселелерді орынды көтерді. Ауыл шаруашылығы саласын дамыту, халыққа қолайлы жағдай жасауда инфрақұрылымды жақсарту, су жүйесіне реформа жасау және мықты өнеркәсіптік негізді қалыптастыруда нақты тапсырмалар жүктеді. Қазақстанда агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасау керек, деген Мемлекет басшысы: «Ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор. Бірақ біз қолда бар мүмкіндіктерді әлі де толық пайдаланбай ...

Толығырақ »

ҚАРАТАУ АУДАНЫ: ҚАЙТПАС ЕЛДІМЕКЕННІҢ КӨШЕЛЕРІ БИЫЛ 100 ПАЙЫЗ АСФАЛЬТТАЛАДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жол сапасына айрықша назар аударып келеді. Мемлекет басшысы Үкіметке, жергілікті әкімдерге республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту жөнінде кешенді шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Шымкент аумағындағы жол инфрақұрылымын жақсартуда, жолдардың сапасын арттыру бағытында қабылданған 2021-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспары жоспары кезең-кезеңімен жүзеге асып келеді. Шымкент қаласы Қаратау ауданының аумағы 19 500 гектар жерді алып жатыр. Аудандағы халық ...

Толығырақ »

КҮРДЕЛІ МІНДЕТТЕРДІ ОРЫНДАУ ҮШІН БІРЛІГІМІЗ БЕКЕМ, ЫНТЫМАҒЫМЫЗ БЕРІК БОЛУЫ ТИІС

1-қыркүйек Білім күнімен тұстастырған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» кезекті халыққа Жолдауында бұрын-соңды болмаған құбылмалы геостратегиялық жағдайда және еліміздің алдында тұрған күрделі міндеттерді орындау үшін біздің бірлігіміз бекем, ынтымағымыз берік болуға тиіс екендігіне тоқталды. Шынайы демократия әрбір азаматтың ортақ іске белсенді әрі саналы түрде қатысуын білдіреді. Халық сенімі әділеттілікпен шыншылдықтың даңғыл жолының жандануына үлкен үміт арттыруда. Осы ...

Толығырақ »