Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түлкібас » ПАРАСАТ КЛУБЫНЫҢ КЕЛЕСІ ОТЫРЫС «ҰРПАҚ БОЛАШАҒЫ-ҰЛТ ТӘРБИЕСІНЕ» АРНАЛДЫ

ПАРАСАТ КЛУБЫНЫҢ КЕЛЕСІ ОТЫРЫС «ҰРПАҚ БОЛАШАҒЫ-ҰЛТ ТӘРБИЕСІНЕ» АРНАЛДЫ

Түлкібас ауданында Парасат клубы отырысының күн тәртібі «Ұрпақ болашағы-Ұлт тәрбиесіне» арналды.
«Тәрбие басы тал бесік»деп атам қазақ бекер айтпаған.Ең бірінші бізге білім емес тәртіп керек яғни білім алу үшін тәрбиелі инабатты болу қажет. Осы ретте, халқымыз қашанда бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, «Тәрбиесіз берген білім-адамзаттың қас жауы»-деп те атап өткен.
«Парасат» пікірталас клубының кезекті отырысы аудандық мәдениет үйінде өтті. Түйінді мәселелердің түйінін тарқату мақсатында құрылған клуб отырысында көпшіліктің ұсынысымен сайланған Өтепбай Мәткеримов төрағалық етті.
Жиынға аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов, аудандық мәслихаттың төрағасы Хамит Байысбаев, дербес бөлім басшылары, ел ағалары, ардагерлер, қоғамдық кеңестер төрағалары, аудан белсенділері, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және ауыл тұрғындары қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Е.Қадірбек білім саласындағы атқарылған жұмыстар барысы жайында баяндамасы тыңдалса, жергілікті полиция қызметінің бастығы Б.Амиров жасөсіпірімдердің қатысуымен орын алған құқық-бұзушылықтар туралы баяндап, оны алдын алу бойынша атқарылып жатқан профилактикалық шараларды қамтып өтті.
Әрі қарай күн тәртібіндегі мәселе пікірталас клубының мүшелерімен жан-жақты талқыланып, мектептерде әкелер кеңесінің жұмысын жандандыру, ардагерлер мен оқушылардың кездесулерін жиі ұйымдастырып тұру, бала тәрбиесінде ата-анасының белсенді болуы, жастарды еңбекке баулу, ауыл тазалығына қоғам болып ат салысу қажеттілігі айтылды.
Жиынды аудан әкімі Нұржан Жақсылықұлы қорытындылап, аудан әкімдігіне қатысты қойылған сауалдарға жауап берді. Ауданымыздың дамуына жанашырлық танытып жүрген жандарға алғысын білдіріп, ел ағаларының және белсенді жерлестеріміздің бүгінгі басқосуда көтерген барлық мәселесі құптарлық іс екенің айтып, әкімдік тарапынан барлық қолдаулар көрсетілетіндігін жеткізді.
Жиын соңында ауыл ақсақалдары арнайы келіп, халық үніне құлақ асқан әкімдік қызметкерлері мен халық белсенділеріне және қатысушыларға ризашылықтарын білдіріп ақ баталарын берді.

Пікір жазу