Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМДЫҚ КӘСІПКЕР МАУСЫМДА 50 ТОННА ҚИЯР ӨНІМІН АЛДЫ

САЙРАМДЫҚ КӘСІПКЕР МАУСЫМДА 50 ТОННА ҚИЯР ӨНІМІН АЛДЫ

Сайрам ауданы Қайнарбұлақ ауыл округі Қасымбек-Датқа ауылында орналасқан «Бозінген» шаруа қожалығы 1989 жылдан бері егін және мал шаруашылығын қатар алып жүруде. Аталған шаруа қожалығы 5 гектар аумақты құрайды. Өнім жинау уақытында 15-20 ауыл тұрғыны жұмысқа тартылады.
Кәсіпкер Әбілқасым Мустафаевтың айтуынша биыл маусымда 50 тонна қияр өнімін алған. Шаруашылық 2021 жылы жаңбырлатып суғару тәсілімен 20 гектар жерде мал азық-дақылдар егіп бастады. Биылғы жылы бірінші өнімге мал азықтық дақыл жоңышқа егіп, екінші өнімге су үнемдеу технологияларының бірі – тамшылатып суғару әдісімен 5 гектар жерге қияр еккен. Егілген Голландиялық қияр сортын аудандағы консервалық өнімдерді шығаратын кәсіпорын сатып алуда. Бұдан бөлек, өінімді жергілікті базарда сауда саттық жасайтын сатушыларда келіп алуда. Сонымен қатар, шаруашылық иелігіндегі 30 шақты түйеден өндірілген сүтті ауыл округі халқы сатып алуда.

Пікір жазу