Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түркістан » ШЕТЕЛДІК ТУРИСТЕР ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙ ТАҒАМЫН ҰНАТАДЫ?

ШЕТЕЛДІК ТУРИСТЕР ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙ ТАҒАМЫН ҰНАТАДЫ?

Елімізге келген туристердің басым бөлігі қазақтың ұлттық тағамдарына таң қалып жатады. Отандық туроператорлар жүргізген сауалнамаға сәйкес, шетелдік қонақтар арасында ең танымал ұлттық тағам – қазақша ет екендігі анықталды. Қазақша ет еліміздің барлық қалалары мен демалыс орындарында беріледі. Туристердің талғамына сай жылқы, сиыр немесе қой етінен дайындалып, қонақтарға ұсынылады.
Екінші орында – бауырсақ. Еліміздің әр өңірінде ұннан жасалатын өнімнің өзіндік рецепті бар. Ал оның ішіндегі «шибауырсақты» туристер өздерімен бірге кәдесый өнімі ретінде алып кетеді екен. Себебі оны тасымалдау өте ыңғайлы.
Үшінші орында – қазы. Жылқының қабырға етін тұздап, бұрыш қосып жасалатын шұжық. Әдетте ет асқанда қазы бірге беріледі.
Туристердің талғамы бойынша бұдан кейінгі орында ұлттық тәттілер – жент және қызыл ірімшік тұр. Көптеген кәсіпкерлер туристерге бұл десерттерді кішкентай, әдемі сыйлық жиынтықтарында кәдесый ретінде сатып алуды ұсынады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір жазу