Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазығұрт » ҚАЗЫҒҰРТТА «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ МОБИЛЬДІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

ҚАЗЫҒҰРТТА «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ МОБИЛЬДІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

Қазығұрт ауданында «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесінің шалғай елді-мекендерде мобильді қоғамдық қабылдау өткізу іс-шарасы болып өтті, деп жазады аудан әкімінң баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Алдымен Сарапхана ауыл округі «Мәңгілік ел» аллеясында жергілікті тұрғындардың қатысуымен қоғамдық қабылдау өткізіліп, одан соң Қызылқия ауыл округінің мәдениет үйінде ауыл азаматтарының белсенділігімен жалғасты.
Атаулы іс-шараға «AMANAT» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің Ақтөбе облысы бойынша кураторы Жылқыбаев Сағындық Олжабайұлы, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Үмбеталиев Алтынсары Дүйсенбекұлы, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Тұрсынбаев Полат Мұратұлы және консультанттары мен партия қызметкерлері қатысты. Одан бөлек тиісті облыстық департаменттер мен басқарма басшылары, мәслихат депутаттары, аудандық әкімдіктің тиісті бөлім басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Мобильді қоғамдық қабылдау барысында жергілікті тұрғындар көкейлеріндегі кез-келген сұрақтар бойынша тиісті мамандардан жауабын алып, өтініштерінің шешілу жолын бірге қарастырды. Атап айтар болсақ, ауылды жерлерде жұмыс орынын құру, мал жайылымына жер бөлу, ауыл аманаты бағдараламасының несиесіне қолжетімділікті арттыру, дипломмен ауылға бағдарламасы мәселесі, ауыл ішіндегі жолдарды жөндеу, азық-түлік бағасының қымбаттауы, кәсіпкерлік нысандарын көбейту, жер аманаты бағдарламасы туралы, субсидия мәселесі, табиғи газ, ауыз су, әлеуметтік көрсетілетін көмектер, білім беру бойынша және басқа да бірқатар мәселелер төңірегінде сұрақтар мен өтініштер айтылды.
Арнайы қоғамдық қабылдау үшін келген «AMANAT» партиясының өкілдері мен басқарма басшылары ел аузындағы барша мәселелер бойынша жауап беріп, заң аясында шешілу жолдарын қарастырып, көптеген өтініштерді жол карталарына жазып алысты.

Пікір жазу