Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түлкібас » Спорт күніне орай мекемелер арасында спартакиада өтті

Спорт күніне орай мекемелер арасында спартакиада өтті

Баршаңызға белгілі, тамыз айында «Спорт күні» кәсіби мерекесі атап өтіледі.
Спорт саласы Қазақстанда кең қолдауға ие. Елде спорттың дамуына бұқаралық спорт қозғалысын кеңейтуге, спорттағы жетістіктерді ынталандыруға бағытталған саясат ықпал етуде. Қазақстандық спортшылар түрлі халықаралық жарыстарда үздік нәтижелерді көрсетіп келеді. Мемлекеттің өзі беделді халықаралық жарыстарды өткізетін орынға айналуда.
«Спорт күні» кәсіби мерекесіне орай Түлкібас аудандық мекемелер арасында спартакиада өтті. Жарысқа қатысушылар спорттың 6 түрінен өзара бақ сынасты.
Атап айтқанда асық ату, нысана көздеу, кіші футбол, кермеге тартылу, гір тасын көтеру, арқан тарту сынды ұлттық спорт түрлерінен кіл мықтылар арасында тартысты ойын өтіп, жеңімпаздар анықталды.
Жарыс нәтижесінде:
№1 БЖСМ команда құрамы 1 орынға ие болды.
№2 БЖСМ команда құрамы 2 орынға ие болды.
№ 4 БЖСМ команда құрамы 3 орынға ие болды.
Жарыс жеңімпаздарына Түлкібас аудандық мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің дипломы мен сыйлықтары табыс етілді.

Пікір жазу