Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2023 (страница 39)

Годовые архивы: 2023

САЙРАМДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛУДЕ

Сайрам ауданы  Қайнарбұлақ ауылдық округінің тұрғындарына «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауыл шаруашылығы саласына арналған 2,5 пайыздық несиені алу жолдары түсіндірілді. Бұл жоба ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын құруға, мал мен құстың санын көбейтуге, шағын кәсіпкерлікті ашу арқылы халықтың табысын арттыруға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Несиелендіру 6 бағытта жүзеге асырылады: өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары мен ауыл шаруашылығы ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КАНАЛДАРДЫ ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Сайрам ауданына қарасты суармалы жерлерді 53 канал ағын сумен қамтамасыз етеді. Оның ішінде 47 коммуналдық меншікте, 6 жеке меншікте. Аудан аумағындағы каналдарды тазалау жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Аудандағы Құтарыс ауыл округінің аумағында орналасқан коммуналдық меншіктегі «Мұсабек», «Қызылжар» және «Оймауыт» каналдарына жоспарға сәйкес механикалық тазалау жұмыстары басталды. Тазалау жұмыстары ұзындығы 15 шақырымды құрайтын бөлігіне жоспарланған. Бұл жұмыстарға аудан әкімдігінің шаруашылық жүргізу ...

Толығырақ »

БЕЛСЕНДІЛІК БИІККЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ

Сайрам ауданының әлеуметтік-экономикалық даму барысы жылдан-жылға артып, ауданда мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, кәсіпкерлерге қолдау көрсету, инвестиция тарту және басқа да маңызды салалар бағытында жұмыстар атқарылуда. Сайрам ауданы қаржы бөлімі басшысының орынбасары Айжан Кембаеваың мәліметіне сәйкес, өткен жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны тұрақты, барлық көрсеткіштер жоспарға сәйкес орындалды. Жалпы өңірлік өнім көлемі 241,2 млрд теңгені құрап, өсім 36 млрд. теңгеге жетті. Агроөнеркәсіп ...

Толығырақ »

САЛАДАҒЫ СЕРПІНДІЛІК

Ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік саласы — ел экономикасының тірегі. Сайрам ауданында да осы 2 саланың жұмысында ілгерілеушілік бар. Былтыр біздің аудан аймақта топ жарды. Мерейіміз өсіп, шаруалар өз ісіне шабытпен қайта кірісті. Осы жетістіктердің мәнісін білу үшін аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Е.Серікбаевқа барып, төмендегідей мәлімет алдық. Ауыл шаруашылығы саласында 2022 жылы 124,2 млрд. теңгенің жалпы өнімі өндірілді ...

Толығырақ »

«ЖҰЛДЫЗ» ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҒЫНДА 411 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫМЕН 5 ЖОБАНЫ ІСКЕ ҚОСУ КӨЗДЕЛУДЕ

2021 жылы жалпы алаңы 306 га құрайтын жаңа «Жұлдыз» индустриялық аймағы құрылды. Жаңа индустриялық аймақтың аумағында машина жасау, фармацевтика, металлургия, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы салаларында 2023-2026 жылдар аралығында 200 млрд. теңгеге 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрумен жүзеге асырылатын 50 жобаның пулы әзірленді. Аталған аймақта инвестициялық құны 147,2 млрд. теңге құрайтын, 4023 жаңа жұмыс орындарымен қамтитын 42 жоба іске ...

Толығырақ »

2023 ЖЫЛДЫҢ АЛҒАШҚЫ ҮШ АЙЫНДА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНА 84,8 МЛРД. ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

2023 жылдың қаңтар-наурыз айларының қорытындысымен Шымкент қаласына 84,8 млрд. теңге инвестиция тартылып, Ол 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 109,6% құрады. Жалпы 2023 жылы Үшінші Мегаполиске 721,7 млрд.теңге инвестиция тарту жоспарлануда, бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 32%-ға артады деп күтілуде. Шымкент қаласында 2023-2027 жылдар аралығында жүзеге асырылатын құны 1,7 трлн. теңгені құрайтын 227 инвестициялық жобаның базасы жасақталды. Инвестициялық жобалар негізінде қаламызда ...

Толығырақ »

АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАҒАН КҮН

Бүгін Еңбекші ауданының әкімдігі 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр — Ұлы Жеңіс күніне орай, қатары сиреген тыл ардегерлері мен Чернобыль апатының, Ауған, Тәжік-Ауған, Таулы Қарабақ, «Семей-сынақ» қоғамдық ұйымының ардагерлерін жинап, дастархан жайып, сый-сияпат көрсетті. Жиынды ашқан Шымкент қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Кенжехан Төлебаев аға буынның Отанға деген сүйіспеншілігі жас ұрпақ үшін әрдайым үлгі-өнеге боларын айтты. – ...

Толығырақ »

БҮЙРЕК ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ СӘТТІ ӨТТІ

Шымкенттегі қалалық №1 клиникалық ауруханасында 200-ші бүйрек трансплантациясы өтті. Бас дәрігер Абылай Абдужаппарұлының жетекшілігімен жасалған ота сәтті аяқталды. Дәрігерлердің айтуынша, 1986 жылғы рецепиент 6 жылдан бері бүйрек жетіспеушілігімен кезекте тұрып, гемодиализ аппаратына тәуелді болған. Науқастың 1995 жылғы інісі донор ретінде бүйрегін берген. Әдетте, бүйрек трансплантациясы 7-8 сағатқа созылса, №1 клиникалық аурухананың білікті дәрігерлері отаға небәрі 3-4 сағат уақыт жұмсаған. Екі ...

Толығырақ »

«КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ, ЖАНЫМА ҚУАТ БЕРЕДІ»

Шымкент қаласындағы білім мекемелерінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесі аясында түрлі іс-шаралар өтіп жатыр. Бүгін Қаратау дәстүрлі өнер мектебінде «Көк тудың желбірегені, жаныма қуат береді» атты әскери патриоттық ән байқауы өтті. Ән байқауында қалалық білім басқармасына қарасты өнер мен саз мектептерінен 30 үміткер бақ сынады. Байқау шарты бойынша оқушылар Отан, туған жер тақырыбында ән шырқады. Сайыста қатысушылардың ән ...

Толығырақ »

ЕРСҰЛТАН МҰЗАППАРОВ «ШЫМКЕНТ БАРЫСЫ – 2023» ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Шымкент қаласында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай қазақ күресінен «Шымкент барысы» қалалық іріктеу турнирі дүркіреп өтті. Жеңіл атлетикалық спорт кешеніндегі сайыста салмағы 90 келіден асатын, жалпы 18 балуан күш сынасты. Турнирдің ашылу салтанатында Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, қалалық қазақ күресі федерациясының президенті Балтабай Асанов іс-шараның маңызы зор екеніне тоқталып, ұлттық спортқа қолдау жалғаса беретінін айтты. – ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ТАЙЛАНД КОРОЛЬДІГІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Таиланд Корольдігінің Қазақстандағы Елшісі Чатчаван Сакорнсинмен кездесті. Тараптар ортақ қатынастарды дамыту үшін бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру тетіктерін талқылады. Екі елдің инвестициялық әлеуеті бойынша ақпарат алмасып, достық қатынастарды нығайтудағы іс-шараларды жүйелі ұйымдастыруды қарастырды. “Қаламыздың Орталық Азияда инвестициялар, технологиялар мен зияткерлік ресурстарды тартуда мүмкіндігі зор. Біз шетелдік инвесторларды тарту мақсатында қала аумағында өнеркәсіп алаңдарын құруға ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА СОЛТҮСТІК ӨҢІРЛЕРГЕ КӨШУГЕ НИЕТТІЛЕР ҚАТАРЫ КӨП

Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен өткізіліп жатқан «Қоныс аудару» жәрмеңкесі бүгін Сайрам ауданында жалғасты. Онда Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Абай облыстарының жұмыс берушілері сайрамдықтарға бос жұмыс орындарын ұсынып, қоныс аударған жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмектер, көшу шығындарын өтеу бағдарламалары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Халқы тығыз орналасқан Сайрам ауданының азаматтарына жалпы 3934 вакансия ұсынылды. Сұранысқа ие мамандықтар қатарында медицина, білім, көлік, ...

Толығырақ »

САЙРАМДА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

Сайрам ауданы бойынша ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 52,8 мың гектарға орналастыру межеленсе, соның 49,6-ы егістік жерлерге орналастырылды, яғни жоспардың 94% орындалды. Атап айтқанда, 13,0 мың га күздік бидай, 2,9 мың га арпа, 7,9 мың га майлы дақылдар, 16,0 мың га мал азықтық дақылдары, оның ішінде жаңадан егілген жоңышқа 3,3 мың га, 5,1 мың га көкөніс, 4,2 мың гектар жерге ...

Толығырақ »

САЙРАМДА ТАҒЫ БІР ЕЛДІ МЕКЕНГЕ ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ

Сайрам ауданының Қайнарбұлақ ауылдық округінің Таскешу елді мекеніне газ берілді. Бүгінгі таңда 310 тұрғын үй көгілдір отынға қосылды. Мұнан алдын аталған ауылдық округтегі Сарыарық елді мекенінің 77 тұрғын үйі, сондай-ақ Тоған елді мекенінің 48 тұрғын үйі газбен қамтылған болатын. «Таскешу ауылын табиғи газбен жабдықтау» нысанының құрылысы 2020 жылы басталған. «Сайрам аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ...

Толығырақ »

ЕР ЕСІМІ — ЕЛ ЕСІНДЕ

9 мамыр — Жеңіс күні қарсаңында игі іске атсалысыңыз. Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлігімен есте қалған майдангерлердің ұрпақтары batyrlargatagzym.el.kz сайтына соғыс ардагерлері жайлы мәліметтерді, фотосуреттерді жүктеп, сақтай алады. Ол үшін https://batyrlargatagzym.el.kz/forma/ сілтемесіне өтіп, тиісті сұрақтарға жауап бересіз. Сондай-ақ, майдангердің фотосын жүктеп, ол жайлы қысқаша өмірдерегін ұсына аласыз. «Жеңімпаздар» жобасы 2014 жылы бастау алған. Осы уақыт аралығында мұнда 3,5 мыңнан астам ...

Толығырақ »

Шымкентте «Ұранды ердің – ұрпағы қайсар» атты мерекелік іс-шара өтті

Шымкент қаласындағы №1 дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернатында «Ұранды ердің – ұрпағы қайсар» атты мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды didarbek.kz. Аталған шараға республикалық «Мұрагер» қоғамдық бірлестігінің ардагерлері қатысты. – Біздің әкелеріміз 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан. Сол кісілердің Отанға деген сүйіспеншілігін көріп, тәрбиесін, ақыл-кеңесін тыңдап өстік. Қазіргі жастарда бұрынғы елін, жерін қорғаған батырларымыз сияқты мықты, қайсар азамат пен ...

Толығырақ »

Шымкентте жастармен «Ер-елінің қорғаны» кездесуі өтті 

Шымкент қаласы Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен №49 жалпы орта мектепте «Ер — елінің қорғаны» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды didarbek.kz. Аталған шараның мақсаты — жастарды ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттеріне дәріптеу. Кездесуге Семей ядролық сынақ полигоны ардагерлері Махамбетов Абдумалик, Дехканбаев Абдусамат және «Жани» қоғамдық қорының директоры Асан Жазира Тілеубергенқызы қатысып, жастарды елін, жерін сүюге, ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ 5 БАЗАР ЗАМАНАУИ ТАЛАПҚА САЙ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫЛУДА

Шымкент қаласында 5 базар заманауи талапқа сай қайта жаңғыртылуда, деп хабарлайды didarbek.kz. Шымкент қаласы аумағында жалпы 36 базар жұмыс істейді, оның ішінде әмбебап 19, мамандандырылған 17 базар бар. Бірқатар қала базарларының құрылысы Қазақстан Республикасы «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының нормалары мен ережелеріне сәйкестендіруді, яғни базарларды жаңғыртуды қажет етеді. Сондықтан бұл талаптарға сәйкес 19 базар қайта құрылымдалу керек. Оның ішінде 12 нысан ...

Толығырақ »

ҚАРТ МАЙДАНГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛЕДІ

Ардагерлерімізді ұлықтау – ұрпақ парызы. Қарт майдангерлеріміздың жыл сайын қатары сиреп бара жатқаны өкінішті. Бұл күнде Шымкент қаласында 3 соғыс ардагері тұрады. Соның бірі Абылай Қазбаев — Қайнарбұлақ елдімекенінің тұрғыны, Берлин түбіндегі шайқасқа дейін барып, жеңіс туып желбіретіп қайтқан. Нина Егорқызы Мосунова екінші дүниежүзілік соғыста радистер командирі, пулеметші болды. Үшінші ардагеріміз Мұраталы Төлепбергенұлы Брест қамалы, Варшава, Данск, Виссмарк, Биттенбург, Перлеберг ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: 5 ЖЫЛДА 227 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ЖОСПАРЛАНУДА

Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру мақсатында 2023-2027 жылдары жүзеге асырылатын 227 инвестициялық жобалардың базасы жасақталды. Инвестициялық ресурстардың өміршеңдігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қолдау жұмыстары жүргізілетін болады. Жобалардың жалпы құны 1,7 трлн.теңгені құрайды және жаңадан 18 мыңнан аса жұмыс орындары ашылады. Оның ішінде 2023 жылы құны 129 миллиард теңгені құрайтын 49 инвестициялық жоба іске асырылып, 2500 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. ...

Толығырақ »

«МЕЙІРІМ — ЖҮРЕКТЕН» ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ДӘРІПТЕЙДІ

Бүгін Шымкентте қалалық прокуратура және білім басқармасы бірлесе ұйымдастырған «Мейірім – жүректен» атты бір айға жоспарланған ауқымды іс-шара басталды. Игі бастама жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, жас буынның өмірге деген құлшынысын арттыру, жігерлендіру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Жоба аясында білім ұйымдарында өтіп жатқан іс-шаралар барысымен таныс болу үшін БАҚ өкілдеріне арнайы баспасөз туры ұйымдастырылды. Алдымен БАҚ өкілдері «Жеңіс» балабақшасына ат басын ...

Толығырақ »

«ҮЛЕСКЕРЛЕРДІҢ АҚШАСЫН ТАРТУҒА РҰҚСАТ БЕРУ» МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІ ҮШ ТӘСІЛМЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

Қазіргі уақытта үлестік құрылысқа қатысу қоғамдағы ең маңызды мәселе екендігін хабарлаймыз. Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасымен «Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі №352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 2 сәуірдегі №178 бұйрығына сәйкес, «Үлескерлердің ақшасын тартуға ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫН ҮЙ САЛУҒА ҮЛЕСКЕРЛЕРДІҢ АҚША ҚАРАЖАТЫН ЗАҢСЫЗ ТАРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

2023 жылдың 4 мамырында Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы тарапынан Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 07 сәуірдегі №486-V «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңының кейбір нормаларына сәйкес, Бірыңғай оператор («ҚТК» АҚ – «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ) және жергілікті атқарушы органдардың тиісті рұқсатынсыз тұрғын үй кешендерін салу кезінде құрылыс ұйымдарымен үлескерлердің ақша қаражатын заңсыз тарту мәселесі, ...

Толығырақ »

КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАДА «ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ»

Бүгін Шымкент қалалық ТЖД қоғаммен байланыс тобының хабарлауынша қаладағы №1 Қалалық клиникалық аурухананың базасында жалпы қалалық жаттығу шеңберінде медицина қызметкерлері мен клиниканың барлық құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерінің қатысуымен сейсмикалық жаттығу өтті Оқу-жаттығу кезінде төтенше жағдай қаупі төнген кезде медицина қызметкерлерінің әрекеттері пысықталды. Іс-шараға клиникалық аурухананың қызметкерлерінен құрылған құтқару командасы, санитарлық пост, барлау және өрт сөндіру топтары жұмылдырылды. Айта кетейік, жалпы қалалық ...

Толығырақ »

Шымкенттік жастар Қазақстан рекордсменімен кездесті

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы жастар ресурстық орталығы мен Политехникалық колледжінің ұйымдастыруымен TED X форматында Джиу-джитсудан әлемнің ІІ дүркін чемпионы, спорттың алты түрінен спорт шебері, еркін күрестен Азияның күміс жүлдегері, панкратионнан әлемнің күміс жүлдегері Қазақстанның рекордсмені Акбар Елубайұлымен кездесу өтті, деп хабарлайдыdidarbek.kz. Аталған кездесудің басты мақсаты — жастарға тәлім-тәрбие мен рухани бағыт бағдар беру. Кездесу барысында спортшылар жастарды салауатты өмір салтын ...

Толығырақ »