Сайрам ауданы бойынша ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 52,8 мың гектарға орналастыру межеленсе, соның 49,6-ы егістік жерлерге орналастырылды, яғни жоспардың 94% орындалды.
Атап айтқанда, 13,0 мың га күздік бидай, 2,9 мың га арпа, 7,9 мың га майлы дақылдар, 16,0 мың га мал азықтық дақылдары, оның ішінде жаңадан егілген жоңышқа 3,3 мың га, 5,1 мың га көкөніс, 4,2 мың гектар жерге картоп егілді.
Ауданның көктемгі дала жұмыстары үшін «Майсс» және «MTS XXI» ЖШС-тері арқылы 2990 тонна жанармай бөлінді. Бүгінгі таңда ақпан-сәуір айларына бөлінген 2470 тонна жанармайдың 1904 тоннасы агроқұрылымдар тарапынан алынды. Жанармай бағасы 295 теңге еркін саудалануда. Ал, агроқұрылымдар 203 теңге көлемінде жеңілдетілген бағамен сатып алуда.
Айта кетелік, аудандағы суармалы жерлерді 53 канал ағын сумен қамтамасыз етеді. Оның ішінде 47 коммуналдық меншікте, 6 жеке меншікте. 2023 жылдың бүгінгі күнге дейін жалпы ұзындығы 22,1 шақырымға жуық каналдар мен арықтар тазаланды. Бұл жұмыстар Қарамұрт ауыл округіне қарасты «Олжалы» каналында жалғасуда.
2023 жылдың ақпан айынан бастап минералды тыңайтқыштардың 50%-ын субсидиялау бағдарламасы «Госагро» субсидиялаудың автоматтық жүйесі арқылы өтінім қабылдануда.
Аудан аумағында «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы аясында 337,4 гектарға жүзеге асыру жоспарлануда.