Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ТҰРҒЫН ҮЙ САЛУҒА ҮЛЕСКЕРЛЕРДІҢ АҚША ҚАРАЖАТЫН ЗАҢСЫЗ ТАРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

ТҰРҒЫН ҮЙ САЛУҒА ҮЛЕСКЕРЛЕРДІҢ АҚША ҚАРАЖАТЫН ЗАҢСЫЗ ТАРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

2023 жылдың 4 мамырында Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы тарапынан Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 07 сәуірдегі №486-V «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңының кейбір нормаларына сәйкес, Бірыңғай оператор («ҚТК» АҚ – «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ) және жергілікті атқарушы органдардың тиісті рұқсатынсыз тұрғын үй кешендерін салу кезінде құрылыс ұйымдарымен үлескерлердің ақша қаражатын заңсыз тарту мәселесі, сондай-ақ құрылыс салушылардың салынып жатқан жылжымайтын мүлік объектілерінің пәтерлерін алдын ала сату, брондау мақсатында жарнамалық өнімдерді әлеуметтік желілерде орналастыру әрекеттері бойынша қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшылығымен үлестік құрылыс саласындағы заңнаманы бұзушыларға қолданылып жатқан шаралар туралы ақпарат беріледі.
2023 жылы Шымкент қаласы аумағында тұрғын үй кешендерінің құрылысын жүргізу барысында үлестік қатысу туралы заңнама талаптарын бұзу бойынша — 4 тұрғын үй кешендеріне қатысты 4 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік сотқа негізінен қарау үшін жолданды. Сот шешімдері негізінде әкімшілік жауапкершіліктерге тартылды.
Олар;
1. «Туран» ТК — «Kanfar Building» ЖШС
2. «Отбасы» ТК — «Kanfar Building» ЖШС
3. «Qaratau» ТК — «Nomad Story Group» ЖШС
4. «Tolebi» ТК — «SDN Construcoin» ЖШС

Сонымен бірге, қала әкімдігі қала тұрғындарының назарына ескертеді.

Алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты бойынша көппәтерлі тұрғын үй кешендеріне қатысты қолданыстағы заңнаманы айналып өтіп жасалған барлық мәміле – жарамсыз болып саналады. Рұқсат құжаттары болмаған жағдайда тұрғын үй сатып алуды кеңес етпейді.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
«Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасында үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға тыйым салынған. Бұл ретте Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы «Қылмыстық» кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілікке тартылады.
Үлескерлердің ақшасын қабылдауға берілген рұқсаттар туралы ақпарат «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ-нің сайтында орналасқан. Барлық сұрақтар бойынша келесі телефондарға хабарласу қажет.
Тел.: 8 707 201 9150, 8 775 447 78 89, 8 747 309 44 87.

Пікір жазу