Шымкент қаласының аумағына кіретін жолдардың жалпы ұзындығы 3247,6 шақырымды құрайды. Оның ішінде, қаланың магистралды және ішкі орам көшелерінің 2066,1 шақырымы асфальт жол. Бұл жолдардың асфальт үлесімен 63,6% пайызды құрайды. Ал қала меншігіндегі 1024 шақырым жол, яғни 31,5% пайызы шағал тас төселген көшелер. 2022 жылдың қорытындысымен қала аумағындағы жолдар мен елді мекендердің көшелеріне жол құрылыс жұмыстар 287,8 шақырымға жүргізілді. Ал, 2023 ...
Толығырақ »Годовые архивы: 2023
ЖАС ОҚЫРМАНДАРҒА РУХАНИ АЗЫҚ БЕРДІ
Отбасылық балалар кітапхансының ұйымдастыруымен 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Кітап – ғажайып әлем» атты кеш өтті. Мерекелік кешке Қазақстан Жазушылар одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, балалар ақыны Дәркен Танабаев пен фантаст-жазушы Сарманбай Исақ және А. Байтұрсынов атындағы №50 көпсалалы мектеп-гимназиясы, Титов атындағы №20 мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты. Кеш қонақтары жас оқырмандарға кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің ...
Толығырақ »СЕССИЯДА 2023-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛА БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәслихаттың кезектен тыс ІІ сессиясына қатысты. Күн тәртібінде мегаполисті дамытуға бағытталған бірқатар маңызды мәселелер қаралды. «2023-2025 жылдарға арналған қала бюджеті нақтыланып, қаржы көлемі алғаш рет 613 млрд. теңгені құрады. Бюджеттің басым бөлігі қаланың өзекті мәселелерін шешуге, халықты тұрғын үймен қамтуға және инфрақұрылымды жақсартуға жұмсалады. Сондай-ақ бүгінгі басқосуда жергілікті бюджеттен жалақысы төмен азаматтық қызметшілерге үстеме ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР УЛАНҒАН НАУҚАСТАРДЫ ОРТА АЗИЯДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРМЕН ЕМДЕЙДІ
Жергілікті мамандар қырық жылдан астам уақыттан бері «Арыс МТ» барокамерасының көмегімен күйік шалған ауыр жағдайдағы науқастарды емдеп, ажалдан арашалап жүр. Т. Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығындағы бұл кешенде қан қысымы көтерілген, қант диабетіне шалдыққан пациенттерге де терапиялық емдеу жүргізіледі. Әуе ұшағына ұқсас жасалған апаратта дәрігерлер бір мезетте терапиялық ем-шаралармен қатар ота да жасайды. 1994 жылы дәл осы барокамерада ауыр жағдайдағы ...
Толығырақ »Шымкентте ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған орталық ашылды
Шымкентте Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күніне орай, ерекше күтімді қажет ететін балаларға қызмет көрсететін “Қамқорлық” орталығы іске қосылды, деп хабарлайды didarbek.kz. Онда жыл сайын 125 бала мамандардың кешенді көмегін тегін алатын болады. Орталық 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған. «Қазақстан халқына» қорының «Қамқорлық қоры»және «Samruk-Kazyna Trust» қорларымен бірлесіп іске асыратын «Аутизмі және басқа да менталды бұзылыстары бар ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ КОНГРЕСС-ХОЛЛ ҚҰРЫЛЫСЫН МЕРЗІМІНДЕ АЯҚТАУДЫ ТАПСЫРДЫ
Шымкент сити шағынауданында Конгресс-холл бой көтеріп келеді. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов нысанда атқарылып жатқан құрылыс барысын қадағалады. Қазір мұнда әрлеу, ауланы абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылысқа 200-ден астам жұмысшы, 20 техника жұмылдырылуда. 5 блоктан тұратын 3 қабатты, ғимаратта 2066 орындық көрермен залы, 190 орындық конференц-зал, 80 орындық салтанат залы, 40 орындық баспасөз орталығы, 148 орындық асхана қарастырылған. ...
Толығырақ »МҰРАТ ӘЙТЕНОВ НҰРСӘТ ШАҒЫНАУДАНЫН САПАЛЫ ЖАРЫҚПЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫН ҚАДАҒАЛАДЫ
Шымкент қаласындағы Нұрсәт шағынауданында ескі жарық жүйелері жаңартылуда. Бүгін қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов елдімекендегі электр желілерінің құрылысымен танысып, жұмыс барысын қадағалады. Осыған дейін қуаттылығы 10 кВ 2 дана электр тарату бекетінің құрылысы аяқталып, іске қосылды. Қазір мұнда тарату бекетінен шығатын 10 кВ кабель желісін салу, қазылған жерлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Арнайы бригадалар тұрғын үйлерді жаңа желіге ауыстыруда. ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: БИЫЛ ТАССАЙ ШАҒЫНАУДАНЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Тассай шағын ауданын инженерлік инфрақұрылым жүйелермен қамтамасыз ету жұмыстарын тексерді. Қазір елдімекенге табиғи газ, кәріз жүйелері жүргізілуде. Бүгінге дейін газдандыру құрылысы 70 пайызға, кәріз жүйелерін жүргізу 87 пайызға аяқталған. Инфрақұрылым жұмыстарына 60 адам, 12 техника жұмылдырылып отыр. 68,8 шақырымды құрайтын газ жүйелерінің құрылысы толық аяқталғанда 3 мыңнан астам отбасы табиғи газ көзіне қосылады. ...
Толығырақ »КІТАП — ӨМІРЛІК ҰСТАЗ
Шымкенттегі Әл -Фараби атындағы қалалық ғылыми- әмбебап кітапханасында 2 сәуір — Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Кітап — өмірлік ұстаз» атты мерекелік кеш өтті. Кешке «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, демеуші Калыйма Жантөреева, «Қызмет» газетінің бас редакторы Бейсенкүл Нарымбетова қатысты. Шара барысында «Ақылдым» балаларға арналған республикалық журналының бас редакторы Ардақ Жақсылықова балаларға журнал ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: ТҰРАН АУДАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БӨЛІМШЕСІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Шымкентте жаңадан құрылған Тұран ауданы бойынша жұмыспен қамту бөлімшесі ашылды. Енді ауданның құрамындағы 21 елдім екен мен тұрғын алап тұрғындары жұмыспен қамту және атаулы әлеуметтік көмек бағыттары бойынша қызмет түрлерін Қазыбек би №50 мекенжайынан ала алады. Тұран ауданы мегаполис аумағының 32%-ын құрайды, яғни жалпы аумағы 36,3 мың га. Халық саны 220,7 мың. Жаңадан ашылған бөлімше күнделікті 100-200-ге жуық адамды қабылдай ...
Толығырақ »ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН НЫҒАЙТУҒА ҒАЛЫМДАР ДА ҮЛЕСІН ҚОСУДА
Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сарапшылық топтың кезекті жұмыс отырысы өтті. Жиынға қатысқан сарапшылар Шымкент қаласының қоғамдық қатынастар саласындағы өзекті мәселелер жөнінде пікір бөлісіп, қаладағы этникалық топтар арасында азаматтық бірегейлікті сақтау, этностардың өзара интеграциясына қол жеткізу мәселелерін талқылады. Эксперт ғалымдар қала тұрғындарын қазақстандық қоғамға тән мәдени-тұрмыстық құндылықтар аясына топтастыру, этностық топтардың өзіндік мәдени-рухани құндылықтарын сақтай отырып, мемлекеттік саясат шеңберіндегі ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: “БОЗАРЫҚ” ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫ БИЫЛ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Қазір «Қайнар бұлақ» тұрғын алабы маңында «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриялық аймағын құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов аймаққа арнайы барып, инженерлік инфрақұрылымымен танысты. 132,9 гектарды алып жатқан индустриалды аймаққа қазір су, кәріз жүйелері жүргізілуде. Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға қосалқы станцияны іске қосып, кәсіпорындарды электр энергиясымен қамтуды тездету қажеттігін ескертті. Сондай-ақ, инфрақұрылым жүйелерін биыл 90 пайызға аяқтауды ...
Толығырақ »ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН НЫҒАЙТУҒА ҒАЛЫМДАР ДА ҮЛЕСІН ҚОСУДА
Бүгін Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сарапшылық топтың кезекті жұмыс отырысы өтті. Жиынға қатысқан сарапшылар Шымкент қаласының қоғамдық қатынастар саласындағы өзекті мәселелер жөнінде пікір бөлісіп, қаладағы этникалық топтар арасында азаматтық бірегейлікті сақтау, этностардың өзара интеграциясына қол жеткізу мәселелерін талқылады. Эксперт ғалымдар қала тұрғындарын қазақстандық қоғамға тән мәдени-тұрмыстық құндылықтар аясына топтастыру, этностық топтардың өзіндік мәдени-рухани құндылықтарын сақтай отырып, мемлекеттік саясат ...
Толығырақ »КЕЛГЕН ТУРИСТЕРДІ КҮТІП АЛУ ҮШІН ДЕ БІЛІКТІЛІК КЕРЕК
2200 жылдық тарихы бар Шымкент қаласына сыртқы және ішкі туризм бойынша келушілердің саны жыл санап көбейіп келеді. Туристер санының артқанын ескере отырып, «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы қаламыздың гид-экскурсоводтары мен қонақ үй қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды назардан қалдырған емес. Осы мақсатта гид-экскурсоводтар мен қонақ үй қызметкерлері арасында жыл сайын семинар ұйымдастырылады. Осымен үшінші жыл қолға алынған семинар биыл қазан айында өтеді ...
Толығырақ »ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРАЛАРЫ
Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы нақты жол саласына қатысты 8 бағытта жұмыс атқарады. Соның бірі — қала аумағындағы жол көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осыған орай, жол белгілері, жасанды жол кедергілері орнатылып, жаяу жүргіншілер өткелдері мен жол таңбалары сызылады. Салаға жауапты мамандар күнделікті қала көшелерінде зерделеу жұмыстарын қарқынды жүргізеді. Ағымдағы жылы қала аумағында сонымен қатар, шағын аудандар ...
Толығырақ »Шымкенттік шаруаларды мемлекеттік қолдау шаралары жалғасып жатыр
Шымкент қаласының аумағында мал шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді, деп хабарлайды didarbek.kz. Осы орайда, шымкенттік шаруаларға мемлекеттік қолдау шаралары жалғасып келеді. Атап өтетін болсақ, 2022 жылы 1 074,0 миллион теңгеге 48 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен келіп түскен 393 өтінімге сәйкес субсидиялар берілген болса, 2023 жылға жергілікті бюджеттен жалпы 1 071,8 миллион теңге қаралды. Субсидиялау бағыттары бойынша берілетін қаржы көлемі: Етті ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІ ӨТТІ
Еліміздің үшінші мегаполисінде «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеевтің төрағалығымен Үйлестіру кеңесі өтті. Үйлестіру кеңесіне салалық кәсіподақ төрағалары мен кәсіподақ активі қатысты. Күн тәртібінде «Қалың қалай бастауыш үйым?» акциясын жалғастыру, ағымдағы 2023 жыл — «Еңбек қауіпсіздігі жылы» туралы, Өзбекстан Республикасы Ташкент облысының Кәсіподақтар кеңесі және «Шымкент қаласы кәсіподақтар бірлестігі» АКБ арасындағы келісім және өзара іс-шаралар жол ...
Толығырақ »ЖЫРШЫ-ТЕРМЕШІЛЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Бүгін Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Текті сөздің төресі – терме» тақырыбында жыршы-термешілердің қатысуымен шығармашылық кездесу өтті. Бұндай шығармашылық кездесулердің мақсаты – атадан балаға қаймағы бұзылмай жеткен ұлттық өнерді алқалы әлеуметке боямасыз ұсыну және дәстүрлі өнерді жастар арасында кеңінен дәріптеу. Іс-шараға ҚР мәдениет үздігі, республикалық конкурс лауреаты, Шымкент саз колледжі ән салу бөлім меңгерушісі, дәстүрлі әнші, термеші — Жақып Сынабайұлы, Б.Өтеп ...
Толығырақ »Шымкенттік оқушылар республикалық олимпиадада топ жарды
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиадада Шымкент окушылары топ жарды, деп хабарлайды didarbek.kz. Атап айтатын болсақ, Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Серікбай Қанат пен Сыдыков Арсен 1 орын иеленсе, ал Тазабек Еркебұлан 3 орынмен марапатталды. Аталған олимпиаданың басты мақсаты – оқушының жеке тұлға ретінде өзін-өзі қалыптастыруда шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білім мен практикалық дағдыларын тереңдетуін жүзеге асыруына ...
Толығырақ »ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСҚА ЖОЛ БЕРГЕНДЕР ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛАДЫ
Шымкент қаласында 2022-2023 жылдары 30 нысанды мәжбүрлеп бұзу туралы сотқа талап арыз берілген, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Қала аумағында өз бетінше құрылыс салу, рұқсатсыз аула немесе көшелерде қазу, құрылыс пен жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін қалпына келтіру жұмыстарын орындамаған тұлғаларға заңнамада белгіленгендей шара көріледі. Шымкент қалалық Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы мәліметінше, шаһарда 2022-2023 жылдары 30 нысанды мәжбүрлеп бұзу туралы сотқа талап ...
Толығырақ »БАЛАНЫ ҚОЛДАУ – БОЛАШАҚТЫ ОЙЛАУ
Шымкентте дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Қалалық білім басқармасы тарапынан бұл салада бірнеше бағытта іс-шаралар қолға алынған. Атап айтқанда, «2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту бойынша өңірлік жол картасының» жоспарына сәйкес, қыркүйек айында психологиялық-медициналық педагогикалық кеңес және бір психологиялық-педагогикалық түзету кабинетін ашу жоспарланған. Сонымен қатар, №1 А.С.Пушкин атындағы мектеп-гимназиясында ...
Толығырақ »АГРОБИЗНЕСТЕ КЛАСТЕРЛІ ЖОБАЛАРҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов аграрлардың жағдайымен танысып, ауыл шаруашылығындағы кластерлі жобаларды қадағалады. Бадам тұрғын алабының шаруалары 6,5 гектар алқапқа құлпынай өсіруде. Өнім көлемін арттыру үшін бүгінде шаруалар бірігіп, ауыл шаруашылығы кооперативін құруда. Алдағы уақытта егістікті 30 гектарға арттыруды көздеп отыр. Маусымдық жұмысқа кіріскен шаруалардың жағдайымен танысқан қала әкімі жауаптыларға тауарларды тікелей тұтынушыларға жеткізуді қамтамасыз ету үшін алқап маңындағы жол ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ИНВЕСТОРЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУДЫ ТАПСЫРДЫ
Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен инвестициялық штаб отырысы өтті. Инвесторлар денсаулық сақтау, құрылыс салалары мен жеңіл өнеркәсіп пен сауда-саттықты дамытуға бағытталған 10 жобаны таныстырды. Басқосуда инвестициялардың орындалу барысы пысықталып, жаңа жобаларды іске асырудағы өзекті мәселелер талқыланды. Қала басшысы жауаптыларға жер телімдерін бөлу, сапалы инфрақұрылыммен қамту жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Бұл ретте бюрократиялық кедергілерді жойып, кәсіпкерлердің алаңсыз жұмыс істеуіне қажетті барлық ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ «АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» БАС ҚОСТЫ
Шымкент қаласы «Достық үйі» ғимаратында қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы «Ассамблея жастары» ұйымының мүшелері ұйымдастыруымен еркін форматтағы жастардың кездесуі өтті, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бас қосуда «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық өкілдігінің төрағасы Н.Мейірбеков 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын және жаңа құрамын бекітті. Қалалық ассамблея жастары төрағасының орынбасары болып Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенті М.Нышан бірауыздан сайланды. ...
Толығырақ »МЕДИАЦИЯ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Шымкент қалалық «Достық» үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиын барысында қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы медиация кеңесінің төрайымы, «ЕураАзиялық медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры Л.Ақшегірова медиация құрамын қайта қарап, өзгертілген бірлестік мүшелерін бекітті. Өз сөзінде, Қазақстан халқы Ассамблеясы 2010 жылдан бастап медиация институтын даулар мен жанжалдарды шешудің қоғамдық-құқықтық құралы ретінде дамыту бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп ...
Толығырақ »