Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН НЫҒАЙТУҒА ҒАЛЫМДАР ДА ҮЛЕСІН ҚОСУДА

ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН НЫҒАЙТУҒА ҒАЛЫМДАР ДА ҮЛЕСІН ҚОСУДА

Бүгін Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сарапшылық топтың кезекті жұмыс отырысы өтті.
Жиынға қатысқан сарапшылар Шымкент қаласының қоғамдық қатынастар саласындағы өзекті мәселелер жөнінде пікір бөлісіп, қаладағы этникалық топтар арасында азаматтық бірегейлікті сақтау, этностардың өзара интеграциясына қол жеткізу мәселелерін талқылады.
Эксперт ғалымдар қала тұрғындарын қазақстандық қоғамға тән мәдени-тұрмыстық құндылықтар аясына топтастыру, этностық топтардың өзіндік мәдени-рухани құндылықтарын сақтай отырып, мемлекеттік саясат шеңберіндегі мақсаттар мен міндеттерге жұмылдыру бойынша өз ойларын ортаға салды.
Бейресми форматта, еркін пікір алмасу алаңы ретінде өткен басқосуда Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Е.Байқонақов «Этносаралық фактор – қоғам тұрақтылығын бағалаудағы маңызды өлшем», — деп атап өтті.
Осы орайда, ассамблеяның ғылыми әлеуеті қоғам тұрақтылығына тікелей ықпалы бар сын-қатерлердің даму үрдісін бақылап, мемлекеттік ұйымдарға ықтимал тәуекелдерді бағалауда жәрдемші болуы керек екенін айтты.
Жиын қорытындысымен қоғам тұрақтылығын одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар маңызды тұжырымдар қабылданды.
Сонымен бірге,  «Достық үйінде» ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы №1147 Қаулысына сәйкес ҚХА-ның қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделін ілгерілету бойынша Шымкент қалалық этномәдени бірлестік жетекшілерінің қатысуымен жиын өтті. Жиынды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова жүргізді.

Кездесуде 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасының жобасы таныстырылып,сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер, жемқорлықтың орын алу жағдайлары мен оның алғышарттарын жою жөнінде ақпарат берілді.

Пікір жазу