Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН НЫҒАЙТУҒА ҒАЛЫМДАР ДА ҮЛЕСІН ҚОСУДА

ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН НЫҒАЙТУҒА ҒАЛЫМДАР ДА ҮЛЕСІН ҚОСУДА

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сарапшылық топтың кезекті жұмыс отырысы өтті.
Жиынға қатысқан сарапшылар Шымкент қаласының қоғамдық қатынастар саласындағы өзекті мәселелер жөнінде пікір бөлісіп, қаладағы этникалық топтар арасында азаматтық бірегейлікті сақтау, этностардың өзара интеграциясына қол жеткізу мәселелерін талқылады.
Эксперт ғалымдар қала тұрғындарын қазақстандық қоғамға тән мәдени-тұрмыстық құндылықтар аясына топтастыру, этностық топтардың өзіндік мәдени-рухани құндылықтарын сақтай отырып, мемлекеттік саясат шеңберіндегі мақсаттар мен міндеттерге жұмылдыру бойынша өз ойларын ортаға салды.
Бейресми форматта, еркін пікір алмасу алаңы ретінде өткен басқосуда Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Е.Байқонақов «Этносаралық фактор – қоғам тұрақтылығын бағалаудағы маңызды өлшем», — деп атап өтті.
Осы орайда, ассамблеяның ғылыми әлеуеті қоғам тұрақтылығына тікелей ықпалы бар сын-қатерлердің даму үрдісін бақылап, мемлекеттік ұйымдарға ықтимал тәуекелдерді бағалауда жәрдемші болуы керек екенін айтты.
Елдегі тұрақтылықты сақтау үшін мәдениет пен білімнің, ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы зор. Біз бұл бағыттағы мемлекеттік саясаттың жан-жақты әрі тиімді, яғни инклюзивті болуын қамтамасыз ететін жүйелі шаралар қабылдадық. Осы мақсатта арнайы құрылымдар жасақталды. Дегенмен, этносаралық келісімді нығайту ісінде мекеме айрықша рөл атқарады. Әсіресе, әлеуметтік саладағы саясаттың орны бөлек. Шын мәнінде, этносаясатқа құзырлы органдар ғана жауап бермеуі керек. Алдағы міндеттерді табысты орындау үшін мемлекет пен қоғам бірлесе жұмыс істеуі қажет. Ассамблея халықтың тұтастығын нығайтуға, қазақстандықтарды қоғамдық-саяси өмірге жұмылдыруға, мемлекеттік тіл мен оның Қазақстандағы мәртебесін ілгерілетуге және азаматтық белсенділіктің жаңа формасының қалыптасуына қосқан үлесін атап өтті.
Жиын қорытындысымен қоғам тұрақтылығын одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар маңызды тұжырымдар қабылданды.

 

 

Пікір жазу