Жергілікті мамандар қырық жылдан астам уақыттан бері «Арыс МТ» барокамерасының көмегімен күйік шалған ауыр жағдайдағы науқастарды емдеп, ажалдан арашалап жүр.
Т. Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығындағы бұл кешенде қан қысымы көтерілген, қант диабетіне шалдыққан пациенттерге де терапиялық емдеу жүргізіледі. Әуе ұшағына ұқсас жасалған апаратта дәрігерлер бір мезетте терапиялық ем-шаралармен қатар ота да жасайды.
1994 жылы дәл осы барокамерада ауыр жағдайдағы жүкті әйелдерге кесір тіліктері де жасалған. Бұл өз кезегінде ана мен бала өлімі көрсеткішін төмендетуге сеп болған.
Осыған дейін дәрігерлер кешеннің көмегімен түрлі диагнозға шалдыққан ауыр жағадайдағы мыңдаған науқастың өмірін аман алып қалған.
Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша стационарлық көмек көрсететін 15 медициналық ұйым бар. Ал, жалпы төсек-орын саны 3407 құрайды. Сонымен қатар, қалада көп бейінді 4 стационар бар. Оның ішінде қалалық клиникалық ауруханасында 490 төсек орын, №2 қалалық ауруханасында 390 төсек орын, №3 қалалық ауруханасында 210 төсек орын, қалалық балалар клиникалық ауруханасында 315 төсек орын бар. Сондай-ақ қалада 5 монопрофильді стационар да жұмыс істейді. Шымкент жүрек орталығында 134 төсек орын, қалалық онкологиялық орталықта 231 төсек орын, Т.О.Орынбаев атындағы гипербарикалық оксигенация орталығында 125 төсек орын, психикалық денсаулық орталығында 435 төсек орын, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы 360 төсек орынмен жабдықталған. Сонымен қатар, қалада 2 босандыру стационары бар. Оның ішінде қалалық перзентханада — 162 төсек орынмен және қалалық перинаталдық орталық — 165 төсек орынмен жабдықталған. Одан бөлек, 2022 жылы 20 төсек орынға арналған онкгематология бөлімшесі ашылып, қазіргі таңда Шымкент қаласы тұрғындарына жоғары дозалы химио-имунттерапиялық ем жүргізілуде. Шымкент қалалық онкология орталығында 2018 жылдан бастап заманауи эндовидеохирургиялық құрылғылырдың орнатылуымен науқастарға инвазивті емес жоғарғы технологиялық операциялар жасау күнделікті тәжірибеге енгізілуде.