Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » СЕССИЯДА 2023-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛА БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ

СЕССИЯДА 2023-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛА БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәслихаттың кезектен тыс ІІ сессиясына қатысты. Күн тәртібінде мегаполисті дамытуға бағытталған бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
«2023-2025 жылдарға арналған қала бюджеті нақтыланып, қаржы көлемі алғаш рет 613 млрд. теңгені құрады. Бюджеттің басым бөлігі қаланың өзекті мәселелерін шешуге, халықты тұрғын үймен қамтуға және инфрақұрылымды жақсартуға жұмсалады. Сондай-ақ бүгінгі басқосуда жергілікті бюджеттен жалақысы төмен азаматтық қызметшілерге үстеме ақы төлеу шешімі қабылданды.
Сонымен қатар сессия отырысында жергілікті тұрғындардың пікірі негізінде 139 көше, 13 білім беру ұйымдары мен кітапханаға атау беру бойынша Үкімет жанындағы ономастикалық комиссияға ұсыныс енгізу туралы бірлескен шешім қабылданды.
Қала аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау және сұрыптауға арналған қызметтерді көрсету тарифі бекітілді.
Бөлінген қаражат пен межеленген жоспарлар қала халқының табысын арттырып, өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Қала басшысы күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде сөз алып, депутаттар корпусына Шымкенттің әрі қарай өркендеуіне ықпал етер шешімдерге қолдау білдіргені үшін алғысын жеткізді. Айта кетейік, Шымкент қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті 468 миллиард теңге көлемінде бекітілген болатын. Оның 22,4% – даму бюджеті, 77,6% – ағымдағы шығындарды құрайдыОнда қаладағы барлық мектептегі бастауыш сынып оқушыларын бір мезгіл ыстық тамақпен қамту, жолдарды орташа және күрделі жөндеу, денсаулық сақтау мекемелерін жабдықтау, спорт және мәдениет үйірмелерін жан басына қаржыландыру, кәсіпкерлікті қолдау, қала аумағын көгалдандыру, инфрақұрылым жүйелерін жүргізу сынды маңызды салаларға қаржы бағытталған. Қала бюджетін нақтылау мәселесі қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларында, қоғамдық кеңесте жан-жақты талқыланған.

Пікір жазу