Еліміздің үшінші мегаполисінде «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеевтің төрағалығымен Үйлестіру кеңесі өтті. Үйлестіру кеңесіне салалық кәсіподақ төрағалары мен кәсіподақ активі қатысты. Күн тәртібінде «Қалың қалай бастауыш үйым?» акциясын жалғастыру, ағымдағы 2023 жыл — «Еңбек қауіпсіздігі жылы» туралы, Өзбекстан Республикасы Ташкент облысының Кәсіподақтар кеңесі және «Шымкент қаласы кәсіподақтар бірлестігі» АКБ арасындағы келісім және өзара іс-шаралар жол картасы туралы қаралды. Сонымен қатар, «QAZAQSTAN KÁSIPODAǴY» газетіне 2023 жылы жазылу науқаны талқыланды.
Бірінші мәселе бойынша сөз алған аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбек «Қалың қалай бастауыш үйым?» акциясын жалғастыру, ағымдағы 2023 жыл — «Еңбек қауіпсіздігі жылы» аясында еңбек ұжымдарымен кездесулерде еңбек қауіпсіздігі, тех инспекторлар жұмысын жүйеге келтіру, келісу комиссиясы, еңбекті қорғау және еңбек заңнамалары бойынша семинар оқытулар бекітілген кестеге сай орындалып жатқаны туралы баяндама жасады.
Жиын барысында Бауыржан Ілімшеұлы осындай кездесулерді еңбек ұжымдарында жиі өткізудің тиімділігін алға тартып, жұмысшылардың мүдделерін қорғаудағы кәсіподақтардың рөлі және кәсіподақ еңбек адамының тірегі екенін алға тартты. Кеңес мүшелеріне бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен кездесу кестесін қайта әзірлеуді тапсырды. Бұдан бөлек, өңірдің кәсіподақ мүшелерінің еңбек жағдайлары туралы сұрады және Кеңес мүшелерінің толғандырған сұрақтарына жауап берді.
Өзбекстан Республикасы Ташкент облысының Кәсіподақтар кеңесі және «Шымкент қаласы кәсіподақтар бірлестігі» АКБ арасындағы келісім және өзара іс-шаралар жол картасы туралы баяндап, алдағы іс-жоспарларымен бөлісті. Жол картасына сәйкес жыл соңына дейін іс-шаралар жоспары түзілді. Оның ішінде: кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерін енгізу, еңбек дауларының, жалақы қарыздарының алдын-алу, ұжымдық шарттар жасаудың құқықтық негіздері тақырыптарында семинар-тренингтер өткізу, еңбек даулары мен жанжалдардың алдын алу мен шешу, әлеуметтік әріптестік, ұжымдық шарттарды жасаудың технологиясы, еңбек заңнамасын қолданудың тәжірибесі көзделген. Күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша салалық кәсіподақ филиалдары басшыларының «QAZAQSTAN KÁSIPODAǴY» газетіне жазылу туралы мәліметтері тыңдалып, тиісті тапсырмалар берілді.