Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » КІТАП — ӨМІРЛІК ҰСТАЗ

КІТАП — ӨМІРЛІК ҰСТАЗ

Шымкенттегі Әл -Фараби атындағы қалалық ғылыми- әмбебап кітапханасында 2 сәуір — Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Кітап — өмірлік ұстаз» атты мерекелік кеш өтті.
Кешке «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, демеуші Калыйма Жантөреева, «Қызмет» газетінің бас редакторы Бейсенкүл Нарымбетова қатысты.
Шара барысында «Ақылдым» балаларға арналған республикалық журналының бас редакторы Ардақ Жақсылықова балаларға журнал жайлы көптеген ақпараттар берді.
Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапхананың ұйымдастыруымен өткен Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына арналған “Шәкәрім оқулары” республикалық байқауының жеңімпазы, кітапханамыздың тұрақты оқырманы Дінмұхамед Кәдірхан байқаудан алған әсері жайлы ой – бөлісті.
Жергілікті драматург С.Қасымбектің «Шөжек пен көжек» ертегісінен үзінді қойылып, балалар әдебиетінің бәйтерегі Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасы негізінде пікірталас өтті. Сонымен қатар «Кітап менің өмірімде», «Мен оқыған кітап» тақырыбында пікір алысу өткізіліп, оқырмандар арнайы жасақталған кітап көрмесімен танысты. Мерекелік кеште белсенді болған оқырмандарға арнайы сыйлықтар тарту етілді.

Айта кетейік, Халықаралық балаларға арналған кітап күні 1956 жылдан бастап Халықаралық кеңестің шешімімен жыл сайын дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туылған күніне орай атап өтіледі. Көптеген елдерде балалар мен жасөспірімдер кітабы апталығы аясында әлемнің үздік кітаптарына арналған байқаулар, көрмелер, конференциялар мен фестивальдар өткізіледі.

Халықаралық күн саналатын атаулы мереке аясында түрлі балалар кітаптары жарнамаланады. Оларға бұрыннан таныс болмай келген кітаптар жайында айтылып, кішкентайлардың санасын ояту мақсатында түрлі дәрістер де оқылады. Әлемнің ұрпақтары білімді де, саналы болып өсу үшін қай мемлекет болса да, жай қарап жатпасы анық.

 

Пікір жазу