Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » КЕЛЕСТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

КЕЛЕСТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда:
КЕЛЕСТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Келес ауданы №29 жалпы орта мектебінің базасында «10-11 сынып курсы үшін күрделі тақырыптарды игеруде информатика пәні мұғалімдерінің құзыреттілігін дамыту» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті.
Семинар «Білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің жылдық жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. Информатика пәнінің мұғалімдері бас қосқан жиынға облыстық орталықтың әдіскері Дінмұхаммед Саипов арнайы қатысып, семинарға оң бағасын берді.
Мақсат – мұғалімдердің кәсіби дамуына қолдау көрсету, сындарлы көзқарас қалыптастыру, олардың құзіреттілігін арттыру, оқушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалу дағдыларын дамыту.
Семинарда «Google диск бұлттық сервисін қолдану. Практикалық жұмыстар», IT Startup, Обьектілердің 3D модельдері. Жоба құру», «Жасанды интеллект пен ақпараттық коммуникациялық технологияларын ҰБТ — да тиімді қолдану» сияқты т.б. тақырыптарда ашық сабақтар мен коучингтер өткізілді.
БАСҚАРМА БАСШЫСЫ АЛҒАШҚЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
Түркістан облысының Білім басқармасының басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлы мәселелері бойынша халыққа қоғамдық қабылдау өткізді.
Қоғамдық қабылдауға жеке мәселелері бойынша бірқатар қала және ауылдық округтерден 20-дан астам тұрғын қатысты.
Халықтың көмек сұрап келгендегі көтерген мәселелерінің басым бөлігі: әлеуметтік көмек алу, білім саласына қатысты өтініштерін жеткізіп, сауалдарын қойды.
Басқарма басшысы, қоғамдық қабылдауға келген басқа да азаматтардың өтінішітерін бақылауына алып, шешілу жолдарын қарастыратындығын атап өтті.
Бұдан бөлек, қабылдау барысында жауапты сала мамандарымен байланысып, заңнама бойынша тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кеңестер берілді.
Тиісті азаматтардың өтініштері жеке-жеке қаралып, құжат толтырылып, өз мерзімінде қарап мәселені шешу үшін сала басшыларына тапсырмалар берілді.
ШАРДАРА: БАСТАУЫШ ПӘН МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
Жуырда Шардара ауданы, Қ.Аманжолов атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Бастауыш сыныпта оқу сауаттылығын арттыруда оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру» тақырыбында аудандық семинар өтті.
Негізгі мақсат — бастауыш сыныпта оқу сауаттылығын арттыруда оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға, білім мазмұнын іске асыруда өзара тәжірибе алмасу, білім алушылардың оқу жетістіктермен баллдық бағалаудың дағдыларын меңгеру.
Оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын арттыру және ұстаздарды бір-бірімен ой бөлісуге, пікір алмасуға, ынтымақтастық қарым-қатынас жасауға шақыру. Бағдарлама барысында бастауыш пән мұғалімдерінің қазақ тілі, математика, әдебиеттік оқу пәндері әр күннің бағдарламасына сәйкес өтті. Семинарда мұғалімдер оқушыларды оқытудағы жаңа əдіс-тəсілдердің тиімділігін шебер көрсете білді.
Оқушылар өз бетінше жеке, топтық, қосымша ресурстармен жұмыс жүргізсе, ал мұғалімдер қауымы болса, өзара тәжірибе алмаса білді.
ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕН ҰЛТТЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТУДЕ
Түркістан қаласы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің базасында 7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен Ұлттық Олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілуде.
Олимпиада мақсаты — географиялық білімнің, дағдылардың және географиялық зерттеулер белсенділігінің сапасына назар аудара отырып, оқушылардың пәнді тереңдетіп оқуға деген қызығушылығын арттыру. Олимпиадаға облысымыздың аудандық, қалалық білім бөлімдерінен және мамандандырылған білім беру ұйымдарынан жалпы 115 оқушы қатысуда (7-сыныптан 57 оқушы, 8-сыныптан 58 оқушы).
Олимпиада 2 айналымнан тұрады: І — Теориялық тур (тест); ІІ — Практикалық (жазбаша).
ІІІ ЫБЫРАЙ ЖАЗУЛАРЫ БАЙҚАУЫНА 112 ПЕДАГОГ ҚАТЫСТЫ
Отырар аудынына қарасты Т.Ибрагимов атындағы жалпы білім беретін мектебінде аудан мұғалімдері арасында ІІІ ЫБЫРАЙ жазулары байқауы өтті. Ең алғаш қазақ даласына мектеп ашқан, орыс жазу таңбалары негізінде қазақ әліпбиін құрастырушы Ыбырай Алтынсаринның тарихи-әдеби еңбектерін насихаттау, педагогтардың шығармашылық қабілетін дамыту, мемлекеттік тілде оқу, жазу сауаттылығын арттыру бойынша өткізілген байқау 3 номинацияны қамтыды.
— «Үміт еткен көзімнің нұры балам…» Ыбырай Алтынсариннің мәдениет, әдебиет, ағартушылық, ғылым мен білімді арқау еткен мақалалары, шығармашылығы жайлы мақала жазу;
— «Біз болмасақ, Сіз барсыз, үміт еткен достарым» — хат жазу байқауы. Қатысушы болашақтағы білім әлемнің қандай болуын жазуы тиіс.
— «Қазақтың тілімен қандай кітап болса да жазуға болады…» — аударма жұмысы. Бұл бағытта педагогтер Ы.Алтынсаринның шағын әңгімелері негізінде дайындалған тапсырмаларды бір тілден екінші тілге аударуы тиіс.
Байқауға 4 бағыттан жалпы білім беру ұйымдарынан 112 педагог қатысты. Ал облыстық кезеңіне жолдама алған пән мұғалімдері: Қ.Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бәдіренова Индира, Т.Ибрагимов атындағы жалпы білім беретін мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Искакова Гүлнәз, М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Бозымбаева Айгүл, Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаттың география пәні мұғалімі Мәжитов Арыстан.
Байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алған пән мұғалімдеріне сәттілік тілейміз!
ЖЕРЛЕСІМІЗ ТҮРКИЯДА ӨТКЕН «ЖҰЛДЫЗ АРТ ҚАЗАҚСТАН» ӘН БАЙҚАУЫНДА «БАС ЖҮЛДЕ» ИЕЛЕНДІ
Түркістан облысы, Отырар ауданына қарасты «Отырар» жалпы білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы Аман Іңкәр Түркияда өткен «Жұлдыз Арт Қазақстан» ән байқауында «Бас жүлде» иеленді. Конкурс мақсаты: жан-жақты шығармашылық, мәдени және достық байланыстарды нығайту, кәсіби шеберлегін шыңдау мен біліктілігін арттыру.
Аталған ән байқауында талантты оқушы Іңкәр Аман Ташкент қаласында өткен вокалдық номинациядан ГРАН-ПРИ жеңіп алып, Анталья қаласындағы байқауда ел мерейін үстем етті.
ТӨЛЕБИЛІК ПЕДАГОГ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АЛДЫНДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ
25 қазан – Республика күніне орай Астана қаласындағы опера және балет театрында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан өнер шеберлерінің концерті өтті.
Осы концертте Ленгір қалалық балалар саз мектебінің домбыра сыныбының мұғалімі Ерлан Жолдас бүкіл елімізге әйгілі күйші-домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айгүл Үлкенбаева мен жас домбырашылармен бірге бір сахнада өнер көрсетті.
Аталмыш концертте Ерлан Болысбекұлы әріптестерімен бірге қазақ композиторларының танымал күйлерін нақышына келтіріп орындап, көрерменді домбырада ойнау шеберлігімен тамсандырды.
Бір айта кетерлігі, Ерлан Жолдас Астанадағы концертке Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ әуендері» акционерлік қоғамының арнайы шақыртуымен қатысты.
ТӨЛЕБИДЕ КІТАПХАНА МАМАНДАРЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТУДЕ
Бүгінде елімізде жас ұрпақтың кітапқа құштарлығын ояту мәселесіне ерекше назар аударылып отыр. Бұл істе, әсіресе мектеп пен колледж кітапханашыларының маңызды роль атқаратыны белгілі. Сондықтан қазіргі кезде білім беру мекемелеріндегі кітапханалардың жұмысына серпін беру мақсатында түрлі іс-шаралар өткізіліп жүр.
Сондай шаралардың бірі — Ленгір қаласындағы №7 IT мектеп-лицейінің базасында облыстық білім беруді дамыту орталығы мен Төлеби аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Заманауи кітапхана: мазмұн мен форматқа жаңаша көзқарас» тақырыбында өтіп жатқан кітапхана мамандарының облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы.
Конференция қатысушыларына алдымен төлебилік кітапханашылардың балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында қолға алған жобасы таныстырылып, қызықты кітап көрмесі, ерекше коворкинг бұрышы көрсетілді. Түске дейін жалғасқан конференцияның пленарлық отырысында түрлі өзекті тақырыптарда мазмұнды баяндамалар оқылды, құнды пікірлер тыңдалды, ұтымды ұсыныстар айтылды.
Сондай-ақ, «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қаламгер Төлен Әбдіктің «Оң қол» атты әңгімесі талқыланды. Талқылауға белсене қатысқандарға сыйға кітап берілді.

Пікір жазу