Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ (страница 370)

Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ

ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬЛЕР ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ

Түркістан облысының бас мемлекеттік санитар-дәрігерінің жаңа қаулысы негізінде біршама шектеулер жеңілдетіліп, әлеуметтік нысандар іске қосылуда. Мәселен, биыл лагерьлерге оқушыларды қабылдау 15-30 маусым аралығында басталады деп жоспарлануда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев мәлім етті. Оның айтуынша, биылғы жаз мезгілінде қала сыртында 23 сауықтыру лагері жұмыс істейді деп жоспарланған. Оның ішінде 8-і ...

Толығырақ »

В АГРОИНДУСТРИАЛЬНОЙ ЗОНЕ ТРЕТЬЕГО МЕГАПОЛИСА БУДЕТ ПОСТРОЕН ТЕПЛИЧНЫЙ КОМПЛЕКС

Общий объем инвестиций в данную зону в Шымкенте составил 5,5 млрд тенге. При этом планируется реализовать шесть проектов. В результате ожидается создание более 500 новых рабочих мест. Об этом на совещании под председательством акима города Мурата АЙТЕНОВА сообщил руководитель управления сельского хозяйства и ветеринарии Аскар КАНЫБЕКОВ. Для успешной реализации проектов сельскохозяйственного назначения в индустриальной зоне разработана дорожная карта. «В агроиндустриальной ...

Толығырақ »

КЕҢЕЙТІЛГЕН МӘЖІЛІС ӨТТІ

Бүгін Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінде Түркістан облысы әкімінің аппарат басшысы Әуелхан Тұрғымбековтің қатысуымен Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты кеңейтілген мәжіліс өтті. Жиынды Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов ашып, жүргізіп отырды. Мәжіліске сондай-ақ, Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев, облыстық басқарма басшылары, Жетісай, Шардара, Сарығаш, Келес ауданы ...

Толығырақ »

БІРҚАТАР НЫСАНДАР ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Түркістан облысында 1 маусымнан бастап өңірдегі барлық блок-бекеттер алынып, қала және ауыларалық көлік қатынасы іске қосылды. Сондай-ақ, карантиндік режимді сақтай отырып, қоғамдық орындар мен нысандар өз жұмысын бастады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстың бас санитар-дәрігері Нұрбек Нышанов мәлімдеді. Оның айтуынша, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, қоғамдық тамақтану орындарының (50 орынға дейін) ашық жазғы алаңдарында сағат 10.00-ден 22.00-дейін адамдарды ...

Толығырақ »

НАЗНАЧЕН РУКОВОДИТЕЛЬ УПРАВЛЕНИЯ ГОСУДАРСТВЕННЫХ ЗАКУПОК ГОРОДА ШЫМКЕНТА

Распоряжением акима города Шымкента на должность руководителя городского управления государственных закупок назначен Амиржанов Хамит Уадутбекович. Он родился в 1981 году. Имеет высшее образование по специальности «Финансы». За период трудовой деятельности работал специалистом налогового комитета в Амангельдинском районе Костанайской области, главным специалистом департамента внутреннего администрирования финансов в Министерстве финансов Республики Казахстан, главным экспертом управления материально-технического обеспечения департамента Министерства финансов, руководителем данного ...

Толығырақ »

ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАЙТЫН КҮН ЖАҚЫН

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты. Ең алдымен қала басшысы «7-20-25» бағдарламасы аясында «Shymkent» ӘКК» АҚ қаржыландыруымен салынып жатқан «Асар-2» шағын ауданындағы 10 тұрғын үйді және Тұран шағын ауданындағы екі көп қабатты тұрғын үй құрылысын аралап көрді. Мұрат Дүйсенбекұлы сонымен қатар, «Шымкент Сити» мен «Тұран» шағын аудандарында мемлекеттік бюджет есебінен салынып жатқан ...

Толығырақ »

БАСҚАРМАҒА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Шымкент қаласында мемлекеттік сатып алу басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Қала әкімінің өкімімен бұл лауазымды енді Әміржанов Хамит Уадутбекұлы атқаратын болады. Хамит Уадутбекұлы — 1981 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша қаржыгер. Еңбек жолында Қостанай облысы, Амангелді ауданы бойынша салық комитетінің маманы, ҚР Қаржы министрлігі қаржыны ішкі әкімшілендіру департаментінің бас маманы, Қаржы министрлігі мемлекеттік орган қызметін қамтамасыз ету департаменті материалды-техникалық қамтамасыз ...

Толығырақ »

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН ЖИЫН ӨТТІ

Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Бағдатбек Жанғазиев аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен аудандық жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерімен жиын өткізді, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Жиынның күн тәртібінде аталған бөлім мен орталықтың атқарып жатқан жұмыстары атап айтқанда төтенше жағдай кезінде азаматтарға төленетін түрлі әлеуметтік жеңілдік қаржылай көмектерге құжаттар рәсімдеу барысы бойынша атқарылған ...

Толығырақ »

АЛМА БАҚТА АЛМАТЫҢ ОН ТҮРІ ЕГІЛГЕН

Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков Боралдай, Ақбастау ауылдық округтеріне жұмыс сапармен барды. Сапар барысында аудан басшысы бірінші Боралдай ауылдық округі, Талап елді мекеніндегі «Тау Алма Бақ» ЖШС-нің 47 гектар жерге қарқынды бау отырғызылған алма алқабымен танысты. 2014 жылы қолға алынған жоба бүгінде нәтижесін беріп отыр. Алманың 10 түрі және шабдалы жеміс талдары егілген. Сонымен қатар аудан әкімі Боралдай ауылдық округі ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР МӘРМӘРМЕН ҚАПТАЛУДА

Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы қарқыны үдей түскен құрылыс алаңдарын алалап, құрылысшылармен кездесті. Өңір басшысының тапсырмасына сәйкес, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеті тұтастай ашық түсті травертин мен ақ мәрмәр таспен қапталуда. Олардың сапасын тексеріп шыққан аймақ басшысы, мердігер компания жауаптыларына жұмыс қарқынын жылдамдатуды жүктеді. Өмірзақ Естайұлы құрылыс басында сақтық шараларын күшейте отырып, тәулік бойғы жұмыс кестесіне көшуді тапсырды. «Жұмыс көлемі ...

Толығырақ »

ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ КОНКУРСЫ ӨТУДЕ

Мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, үздік кәсіби білімі мен дағдысы бар мемлекеттік қызметшілерді анықтау және ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен «Қазақстан Республикасының Үздік мемлекеттік қызметшісі» конкурсы өткізілуде. Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаменті ағымдағы жылдың 30 мамырына дейін қаланың мемлекеттік қызметкерлері арасында құжаттарды қабылдауды жүзеге асырды. Конкурсқа қатысуға 48 адам ниет білдірді. Конкурсқа жіберілген 37 қатысушыларға 30 мамыр ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТҚА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Шымкент қаласы әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығында мемлекеттік грантқа құжат қабылдау басталды. Төмендегі санаттағы азаматтар мемлекеттік грантқа қатыса алады және оларға «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне немесе қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курсынан өту талап етілмейді. • Тұрмысы төмен, аз қамтамасыз етілген атаулы әлеуметтік көмек алатындар; • Табысы аз және (немесе) көпбалалы отбасылардың мүшелері; • Оралмандар мен қоныс аударушылар. Сондай-ақ, ...

Толығырақ »

АЛТЫ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

Нәтижесінде жаңадан 500-ден астам жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, құрылыс барысында 300-ге жуық адам жұмыспен қамтылмақ. Бұл туралы бүгін қала әкімі М.Әйтеновтің төрағалық етуімен өткен жиында ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбеков мәлімдеді, деп жазады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Ауыл шаруашылығы бағытындағы аталған аймақтағы жобаларды сәтті жүзеге асыру мақсатында екі кезеңді қамтитын жол ...

Толығырақ »

ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗЕДІ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті табиғи монополия субъектілерімен, «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалының, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының, жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктер өкілдерімен бірлесіп тұтынушыларды қоғамдық қабылдауды өткізеді. Тұтынушыларды қабылдау 2020 жылғы 2 маусымда сағат 15-00-ден 16-00-ге дейін facebook әлеуметтік желісіндегі Департамент басшысының парақшасында тікелей ...

Толығырақ »

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСТЫҢ ӨҢІРЛІК ДЕҢГЕЙІ ТУРАЛЫ

Түркістан облысында «Үздік мемлекеттік қызметші» республикалық конкурсының өңірлік деңгейі өткізілуде. Конкурстың мақсаты мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибесін, үздік кәсіби білімі мен дағдыларды таратуды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін айқындау және оларды ынталандыру жүйесін жетілдіру. Өңірлік деңгейдегі жеңімпаздарды анықтау үшін мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен өңірлік конкурстық комиссиясы құрылды. Өңірлік конкурстық комиссия құрамы келесі тұлғалардан ...

Толығырақ »

ЖАЙНАМАЗ ТІГІП, КӘСІБІН ІЛГЕРІЛЕТТІ

Жайнамаз тігіп, жеке кәсібін дөңгелетіп отыр. Ордабасылық Ақниет Өскенбай атты келіншектің игі ісіне мемлекет қолдауы ерекше екпін берді. Қолының ебі бар келіншек бұған дейін балалар жөргегін, қыз жасауын тігіп, сүйікті ісін кәсіпке айналдырған болатын. Қазір арманы асқақ Ақниет үйде отырып-ақ, табыс тауып, тұтынушы сұранысын қамтып отыр, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Г.Қалмырзақызының материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Ақниет Өскенбайдың есімі ауыл-аймаққа ...

Толығырақ »

КЕНТАУ ҮЙЛЕРІ ЖАҢҒЫРТЫЛУДА

Соңғы жылдары Кентаудағы көпқабатты үйлер жаңа кейіпке енді. «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының» тұрғын үй қорын жаңғырту тетігі аясында атқарылған жұмыстар халық тарапынан қолдау табуда, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Н.Кенжеханның материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Кентау қаласында барлығы 324 көпқабатты үй бар. Кеншілер қаласында Тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндеу жұмыстары 2017 жылы басталды. Содан бері 79 ...

Толығырақ »

ШАРУАНЫҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков Бөген ауылдық округіне жұмыс сапармен барды. Сапар барысында аудан басшысы бірінші округ аумағындағы «Мырзахмет ата» өндірістік кооперативінің төрағасы Айдар Байысбековпен кездесіп, кооператив жұмысымен танысты. Аталған ӨК өткен жылы ауыл шаруашылығы қолдау қорынан несие алып, шетелден 96 бас сиыр әкеліп, жұмыс жасап отырған шаруашылық. Одан кейін егін және мал шаруашылығымен айналысып отырған «Шонай» шаруа шаруашылығының төрағасы ...

Толығырақ »

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 48 БАЛА БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Бұл туралы қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. Бүгінде Шымкент қаласы бойынша 29 жасқа дейінгі 1698 балалар тұрғын үй кезегінде есепте тұр. Оның ішінде кәмелетке толмаған балалар саны – 589-ды құрайды. Бұған дейін 2016-2018 жылдары тұрғын үй кезегіндегі 345 бала, 2019 жылы 108 бала баспанамен қамтылып, республика бойынша алғашқы 3 орынға шыққан болатын. Ал ағымдағы ...

Толығырақ »

КӨПБАЛАЛЫ ПОЛИЦЕЙДІҢ БАЛАЛАРЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Мақтаарал ауданының тәртіп сақшылары көпбалалы полицейдің балаларын мерекемен құттықтады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Мақтаарал аудандық полицейлері өздерінің қызметтес жолдастары Құрманғазы Тузеловтың шаңырағына арнайы барды. Негізінде, Мақтаарал АПБ-нің криминалисі Тузелов Құрманғазы Сұңқарбекұлы көпбалалы әке, оның отбасында 4 ұл, 3 қыз өсіп келеді. Сондықтан Мақтааралдық тәртіп сақшылары, балалар мерекесінде осы ...

Толығырақ »

ПОЛИЦЕЙДІҢ НЕМЕРЕСІН МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Сарыағаштық тәртіп сақшылары қызмет бабында қайтыс болған полицейдің немересін мерекемен құттықтады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Сарыағаш аудандық полиция бөлімі басшылығының ұйымдастыруымен 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында ерекше іс-шара өткізілді. «Адам ұрпағымен мың жасайды»- деген қасиетті сөз бар емес пе?! Осыған орай аудандық полицейлер 1988 жылы қылмыскерлерді ұстау барысында қайтыс болған Бақдәулет Елшинбековтың ...

Толығырақ »

БАҚЫТТЫ БАЛА — АТА-АНАНЫҢ ҚУАНЫШЫ

Бала – бұл біздің болашағымыз. Бастаған ізгі істеріміздің жалғастырушысы, үкілеп ұшырған үміт — құсымыздың қанаты. Жаздың алғашқы күнін Халықаралық балаларды қорғау күнімен бастаймыз. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде қамқорлығымыз да арта түседі. Бұл мерекені атап өтудің басты мақсаты – жұртшылық назарын мүмкіндігі шектеулі және көмекке мұқтаж балаларға, олардың құқығын қорғауға, бақытты балалық шағын тыныш әлемде өткізуге және өз ...

Толығырақ »

МЕРЕКЕДЕ БАЛАЛАРҒА СЫЙЛЫҚ ЖАСАДЫ

Тәртіп сақшылары мереке қарсаңында балаларға сыйлық жасады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні! Жаздың алғашқы күні осындай керемет мерекемен бастау алатыны баршамызға белгілі. Бұл күні біздің балдырған балаларымыз ерекше ықыласқа бөленеді. Аталған мереке қарсаңында Түркістан ҚПБ Көші-қон қызметметкерлері балаларды қуантуға асықты. Қаламыздағы көпбалалы, аз қамтылған отбасының балаларына мерекелік базарлық жасап, сый-сыяпат ...

Толығырақ »

ЕЛІМІЗДЕ КЕҢІНЕН ЕНДІРУ ҚАЖЕТ ӘДІС

Түркістан облысында көктемгі егістік жұмыстары толығымен аяқталды. Ендігі мақсат – егістікті әртараптандыру. Яғни, дәстүрлі мақта, масақ дақылдарын азайтып, олардың орнына көкөніс, мал азығы мен майлы дақылдарды көбейту қолға алынған. Бұл туралы Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов баяндады. Бұл сала еңбек өнімділігін арттыру үшін жан-жақты талдап, нақты нәтиже беретін 3 негізгі ...

Толығырақ »

ЫДЫС-АЯҚ ҰРЛАҒАН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

Түркістан облысы полицейлері ыдыс-аяқ ұрлаған күдіктіні ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Келес АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Ер азаматтың айтуынша таңғы уақытта белгісіз тұлға тұрғын-үйіне заңсыз кіріп, қонақ бөлмедегі шифонердің ішінен әрқайсысының құны 200 теңге тұратын 60 дана шыны кеселерін, одан бөлек ыдыс-аяқ жиынтығын жасырын жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 15 000 теңгеден асты. ...

Толығырақ »