Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ БІЛІМ!

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ БІЛІМ!

Шымкент қалалық білім басқармасының ұйымдастыруымен білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жаңа оқу жылы қарсаңында «Жемқорлықсыз білім!»- атты онлайн режиміндегі профилактикалық жиыны өтті.

Шараға қалалық білім басқармасы қызметкерлері, білім ұйымдарының бірінші басшылары және арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Онлайн шараның күн тәртібінде білім саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және  оны болдырмау шаралары туралы мәселелер қаралды.

Жиында сөз алған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің алдын алу басқармасының басшысы Қасымбеков Нариман Бауыржанұлы: Білім  беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау, мұғалімдерді жұмысқа қабылдау, аттестаттау мәселелері әлі күнге дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдері орын алатын көлеңкелі тұстары болып отырғанын айта келе, Шымкент қаласының әкімдігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен бірлесе отырып,  білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жоспарын іске асырудың арнайы жол картасының дайындалғанын атап өтті.

Әсіресе, Шымкент қаласы бойынша білім ұйымының бірінші басшысы лауазымын 10 жыл және одан жоғары мерзімде атқарып жатқан басшылар саны – 26, ал 5 жыл және одан жоғары мерзімде – 55. Бұл көрсеткіш сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне алып баратыны белгілі екенін айта келе білім  басқармасы тарапынан жоғарыда аталған мәселелер бойынша  атқарылған жұмыстарға тоқталуды сұранды.

Мажимбеков Сәкен Аралбайұлы — ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің ақпараттық ағартушылық штабының жетекшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стретегияның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі» түсініледі дей келе, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілеті екенін айта келе, әсіресе білім саласы басшылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті келесі алгоритмде қарастыруды ұсынды.

Индивидтің құқықтық багажы – оның құқық нормаларын сақтауға дағдысы, заңды бұзбауға дағдысы, жемқорлыққа қарсы құқықтық белсенділігі. Ол дегеніміз индивидтің тек өз іс-әрекетін ғана құқықтық норма шеңберінде ұстауға ұмтылысы емес, сонымен қатар, жемқорлыққа қатысты кез келген заңбұзушылыққа қарсы тұруға дайындығы деп көрсетті.

 Жарқынбек Сейтімбет- Білім саласындағы сыбай­лас жем­қорлық – біздің бола­ша­ғымызға жасал­ған зұлымдық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрекеттерін оқыту мектеп қабырғасынан, балабақшадан басталуы керектігін айтып өтті.

Білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету, ата – аналардан, оқытушылардан заңсыз ақша жинауды тоқтату мәселелерін кеңінен талқылауды мақсат еткен жиында білім беру саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары сала екені Президентіміз тарапынан сынға ілінгенін, білім беру саласы жемқорлық көріністері жоғары деңгейге жетіп отырғанын айтып, білім беру ұйымдарының басшыларына жемқорлық тәуекелдерін төмендету бағытында нақты шаралар қабылдауды ескертті.

Жиында сөз алған Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Ж.Тажиева — білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған әр іс шара  ашықтықты, тазалықты, айқындықты қалыптастыру мақсатында сыбайластық жемқорлыққа жол бермеу  шаралары жөнінде баяндап өтті.

Жиынға қатысушылар жаңа 2020-2021 жаңа оқу жылынан бастап білім ұйымдарының бірінші басшыларына бірқатар ұсыныстарын жеткізді.

Жиын соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы мониторинг топ жетекшісі Әсет Әссанди, Шымкент қаласы  №9 Ө.Жолдасбеков атындағы  лицей директоры Анар Сағынбекқызы  сөз алып,  өз пікірлерін білдірді.

© DIDARBEK.kz

 

 

Пікір жазу