Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ КҮЗЕТ АЙМАҚТАРЫН ПАЙДАЛАНУ ҚАҒИДАЛАРЫ

ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ КҮЗЕТ АЙМАҚТАРЫН ПАЙДАЛАНУ ҚАҒИДАЛАРЫ

ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті басшысы Бекжан Алимкулов электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын пайдалану туралы қысқаша сұхбат берді.

Бекжан Мухидинұлы салеметсізбе! Қазір жаз мезгілі. Осы мезгілде құрылыс жұмыстары көп жүргізілетіні белгілі. Сондықтан электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың қағидаларын еске сала кетсеңіз.

Сәлеметсізбе! Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың қағидалары «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 30-1) тармақшасына сәйкес орындалады. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының барлық жұмыс істеп тұрған, жобаланатын, салынып жатқан және жаңғыртылатын электр желілеріне, оның ішінде ұлттық электр желілеріне қолданылады және оның аумағында заңды және жеке тұлғалармен орындалады.

Бекжан Мухидинұлы, тұрғындар электр желілері объектілерінің күзет аймақтары дегенді түсінбей жатады. Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын толығырақ түсіндірсеңіз.

Электр желілерінің күзет аймағы – электр желілерінің сақталуын қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдануын, сондай-ақ осы желілердің күзет аймағында қалған халық арасында жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында бөлінген жер учаскелері, су және әуе кеңістігі болып табылады. Яғни, қарамағында электр желілері бар ұйымның келiсiмiнсiз электр және жылу желiлерi жолдарының күзет аймақтарында құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсiру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтардың орнатылуына байланысты iздеу жұмыстарын жүргiзуге, алаңдарды, автомобиль көлiгi тұрақтарын жайластыруға, базарларды, құрылыстарды, ғимараттарды орналастыруға, материалдарды жинап қоюға, қоршаулар мен дуалдарды соғуға, күйдiргiш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастауға және төгуге жол берілмейді. Ал егер,  электр желілерінің күзет аймақтарында жұмыс жүргізгіңіз келсе, жазбаша келісім алған тұлғалар ғана өздерінің жеке қаражаты есебінен желілердің сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларды сақтай отырып, оларды орындайды.

Бекжан Мухидинұлы, электр желілерінің күзет аймақтарының жай-күйін қадағалау бойынша, Департамент тарапынан қандай жұмыстар жүргізіледі?

Электр желілерінің күзет аймақтарының жай-күйін бақылау мақсатында, осы желілер бар ұйымдармен жоспарлы, кезеңдік, сондай-ақ желілерде технологиялық бұзушылықтар пайда болған жағдайда немесе шағым, арыз болған жағдайда жоспардан тыс тексерулер арқылы қамтамасыз етіледі.

 Электр желілері күзет аймақтары шекараларын белгілеу қалай жүзеге асырылады?

 Электр желілері объектілерінің күзет аймақтары және осындай аймақтардың шекаралары электр желілері кернеуіне байланысты. Атап айтқанда, кернеуі 1 кВ дейінгі жалаң сымды әуе желілер үшін – 2 м, кернеуі 1 кВ-қа дейінгі өздігінен оқшауланған сымдар үшін – 1 м, 1-ден 20 кВ-ға дейінгі әуе желілері үшін 10 м кем емес, 35 кВ әуе желілері үшін 15 м кем емес, 110 кВ әуе желілері үшін 20 м кем емес, 220 кВ әуе желілері үшін 25 м кем емес, 330-дан 500 кВ-ға дейінгі әуе желілері үшін 30 м кем емес, 1150 кВ әуе желілері үшін 55 м кем емес болып белгіленген.

Сұхбатыңыз үшін рахмет!

© Didarbek.kz

Пікір жазу