Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ (страница 522)

Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ

86 МЫҢ ТОННА АЛМА ЖИНАДЫ

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысының бағбандары 86,4 мың тонна алма жинады. Ағымдағы жылы өңірде 654,8 гектарға қарқынды алма бауы отырғызылса, қарқынды баудың жалпы көлемі 2 800 гектарға жетіп отыр. Алма өсіру – Оңтүстікте ауыл шаруашылығының басымды бағыттарының бірі. Өңірдің табиғаты қолайлы болғандықтан алма облыстың кез келген ауданында өседі. Дегенмен бұл шаруашылықпен айналысуды Түлкібас, Қазығұрт, Төлеби, Сарығаш, Ордабасы және Бәйдібек ауданының шаруалары ...

Толығырақ »

МЕДИАЦИЯ КЕҢЕСІНІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ

Сарыағаш ауданында Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесінің көшпелі отырысы өтті. «Медиация институтын дамыту және жаңа әдістерді енгізу» тақырыбында өткен жиынға облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ербол Байқонақов, аудандық соттың судьялары, аудандық прокуратура мен ішкі істер бөлімінің өкілдері, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, аудан, ауыл әкімдіктерінің медиация саласына жауапты қызметкерлері қатысты. Жиынды сөз алған облыстық «Қоғамдық келісім» ...

Толығырақ »

128 МЫҢ ТУРИСТ КЕЛГЕН

Оңтүстік Қазақстан облысына жыл басынан бері 128 мың турист келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 55 пайызға көп. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Батырхан Құрмансейіт мәлім етті. Оның айтуынша, облыста биыл туризм саласының қарқынды дамуы байқалады. Өткен жылмен салыстырғанда туристік нысандар саны 31 пайызға өсіп, 195-ті құраған. Ал оларда ...

Толығырақ »

ЕРКІНБЕК ТҰРЫСОВ – 90 ЖАСТА

Жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық әдеби «Алаш» сыйлығының лауреаты Еркінбек Тұрысов – 90 жаста. Осы даталы күнге орай қаламгерді Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қабылдап, мерейтойымен құттықтады. Саналы ғұмырында Еркінбек Тұрысов “Оңтүстік Қазақстан” облысы газетінің әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі, меншікті тілші, аудандық “Алғабас” газетінің редакторы болды. Бүгінде 90 жасқа келіп отырған жазушы ұзақ жылдар мемлекеттік, қоғамдық қызмет ...

Толығырақ »

510 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ӨНДІРДІ

ОҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Батырхан Құрмансейіт жыл басынан бері атқарылған жұмыстар туралы баспасөз конференциясын өткізді. Онда спикер Мемлекет басшысының 5 институционалды реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 3-ші бағытында көрсетілген индустрияландыру бойынша және даму үдерісі сақталған маңызды әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер туралы баяндады. Басқарма басшысының мәліметінше, осы жылдың сегіз айында облыстағы ...

Толығырақ »

АСПАН АСТЫНДАҒЫ МУЗЕЙГЕ АЙНАЛМАҚ

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ханқорған қалашығы алдағы уақытта толық археологиялық қазба, реставрация және консервация жұмыстары жүргізіліп, ашық аспан астындағы музейге айналатын болады. Бұл туралы Сайрам ауданындағы Ханқорған қалашығында Оңтүстіктегі археологиялық тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру бойынша өткен алқалы жиында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті. Жансейіт Қансейітұлы жүргізіп отырған мәжіліске облысымыздағы тиісті басқарма басшылары, мамандар мен бір топ археолог-ғалымдар қатысты. ...

Толығырақ »

ӨНЕР ҰЖЫМДАРЫНЫҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ

Ешбір еңбек елеусіз қалмайды. Таяуда ғана әлем жұртшылығының назарын өзіне аударған Астана қаласында өткен ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесінің жоғары деңгейде аталып өтуіне атсалысқан Оңтүстік Қазақстан облысының шығармашылық ұжымдарының еңбегі министрлік тарапынан ерекше еленіп отыр. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаевқа арнайы жіберген хатында мәлім етілген. Аталған хатта министр ЭКСПО – ...

Толығырақ »

ОҢТҮСТІКТІҢ БРЕНДІ САНАЛАТЫН МАҚТА ДАҚЫЛЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының бренді саналатын мақта дақылы бәсекеге қабілетті болу қажет. Сондықтан ақ ұлпаның жаңа сорттарын шығарып, оны өндіріске ендіруіміз керек. Бұл тұста «Қазақ мақта шаруашылығы» ғылыми зерттеу институтының қосар еңбегі орасан, – деді облыс әкімі Ж.Түймебаев Мақтаарал ауданындағы «Қазақ мақта шаруашылығы» ғылыми зерттеу институтының жұмысымен танысу кезінде. «Ауыл шаруашылығы дақылдарының басқа түрлері өзге өңірлердің барлығында өсіріледі. Мәселен, республикалық көрсеткіште ...

Толығырақ »

ЛАТЫНМЕН БАСЫЛҒАН КІТАПТАР КӨРМЕСІ

«Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевқа Елордамызда таныстырылған латын әліпбиінің соңғы үлгісін таныстыруға бағыттылған «Рухани жаңғыру – кемел келешек кепілі» тақырыбында облыс кітапханашыларының жиыны өтті. Семинар-кеңесте облыста тұңғыш рет латын әрпімен басылған кітаптардың көрмесі қойылды. Оған ОҚО бас архивінде сақталған латын әрпімен жазылған құнды құжаттар, оңтүстіктің тұрғындарының қолында сақталған қолжазбалар, қан майданнан келген хаттар, 40-шы жылдары шыққан «Оңтүстік ...

Толығырақ »

БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТЫНЫШТЫҒЫ БҰЗЫЛМАСЫН!

Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаевтың айтқан уәжіне қатысты Оңтүстіктің зиялы қауым өкілдері пікір білдірді Ғасырлар бойы өзара сенім мен қолдаудың арқасында екі ел арасында қалыптасқан достық пен бауырластық қатынасқа Алмазбек Атамбаевтың сайлаудың буымен айтылған әңгімесіне бола сызат түспейтініне сенімім мол. Мұны Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев та өз мәлімдемесінде нық айтқан болатын. Тұрақты дамудың қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Біз ...

Толығырақ »

«ЖАПТЫМ ЖАЛА, ЖАҚТЫМ КҮЙЕ!»

Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаевтың айтқан уәжіне қатысты Оңтүстіктің зиялы қауым өкілдері пікір білдірді Жуырда ғана ағайын саналатын көршілес қырғыз елінің басшысы А.Атамбаевтың біздің елімізге қарата айтқан мәлімдемесі атан түйеге жүк болардай болды. Ежелден ауылы аралас, қойы қаралас, төсекте басы, төскейде малы қосылған ағайын ел басшысының атышулы мәлімдемесі «жаптым жала, жақтым күйенің» керін келтіріп тұрғандай. Күллі Орталық Азия елдеріндегі көшбасшылыққа ие ...

Толығырақ »

ШАНИННІҢ 125 ЖЫЛДЫҒЫНА – 05

Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы облыстық Ж.Шанин атындағы қазақ академиялық драма театрымен бірлесе даңқты режиссер Ж.Шаниннің 125 жылдық мерей тойына арналған дөңгелек үстел өткізді.   – Жұмат Шанин өмірінде қарны тойып тамақ ішпеген, иығына шұғадан киім кимеген, былайша айтқанда өнер жолы өксікпен өткен азамат. Қорлық пен азапты бастан өткерген тұлға. Оның ...

Толығырақ »

ШАНИННІҢ 125 ЖЫЛДЫҒЫНА – 04

Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы облыстық Ж.Шанин атындағы қазақ академиялық драма театрымен бірлесе даңқты режиссер Ж.Шаниннің 125 жылдық мерей тойына арналған дөңгелек үстел өткізді. Ел ішінде дарындылар көп дегенімен театр мәдениетін меңгергендер жоқтың қасы. Бір пьесада жас жігітке молданың рөлін ойнау тапсырылады. Бір көріністе әлгі молда жігіт дәрет алу керек. Асып-сасқан ...

Толығырақ »

ШАНИННІҢ 125 ЖЫЛДЫҒЫНА – 03

Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы облыстық Ж.Шанин атындағы қазақ академиялық драма театрымен бірлесе даңқты режиссер Ж.Шаниннің 125 жылдық мерей тойына арналған дөңгелек үстел өткізді. Жұмат Шанинмен Қоянды жәрмеңкесі табыстырған Елубай Өмірзақов пен Қалеки Қуанышбаевтар театр құру ісінде 3-4 жылдан жалақы алмай жұмыс жасаған екен. Отбасын асырау, жан бағу үшін күндіз қара ...

Толығырақ »

ШАНИННІҢ 125 ЖЫЛДЫҒЫНА – 02

Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы облыстық Ж.Шанин атындағы қазақ академиялық драма театрымен бірлесе даңқты режиссер Ж.Шаниннің 125 жылдық мерей тойына арналған дөңгелек үстел өткізді. 1972 жылы Шымкент драма театрына Жұмат Шаниннің есімі беріліп, 1992 жылы осында 100 жылдығы тойланғанын еске салды. Қазір 125 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде дүние жүзі театр әлемінде аталып ...

Толығырақ »

ШАНИННІҢ 125 ЖЫЛДЫҒЫНА – 01

Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы облыстық Ж.Шанин атындағы қазақ академиялық драма театрымен бірлесе даңқты режиссер Ж.Шаниннің 125 жылдық мерей тойына арналған дөңгелек үстел өткізді. «Ж.Шанин еңбектеріндегі этнографиялық құндылықтар» деген тақырыппен өткен алқақотан отырыста режиссер Ж.Шаниннің өмірі мен творчествосы, Қазақстанда театр өнерін қалыптастырудағы еңбегі мен оның шығармашылығындағы ұлттық ерекшеліктер, салт-дәстүр көріністерін биік ...

Толығырақ »

ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 22 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТЫ

Биылғы жылдың 8 айында Бәйдібек ауданының инвестиция көлемі 22 млрд 427 млн 100 мың теңгені құрады. Ал, өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 1 млрд. 824 млн. 300 мың теңгеге жетіп отыр. Бүгін бұл туралы Өңірлік коммуникация орталығында өткен баспасөз мәслихатында Бәйдібек ауданының әкімі Бақытбек Танагөзов мәлім етті. Аудан басшысының айтуынша, биыл өңірде ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 9 млрд. 936 млн. 200 ...

Толығырақ »

ОБЛЫС ӘКІМІ МАҚТАРАЛҒА БАРДЫ

  Жұмысшылардың әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайын жақсарту, өмiр сүрулерiне барынша қолайлы жағдай жасау мақсатында 50 жыл ішінде 100-ге тарта тұрғын үй, бiрнеше екi қабатты коттедждер салынған. Сонымен қатар, кәсіпорынның демеушілігімен 140 орынды балабақша бой көтердi. Қазiргi кезде Асықата кентіндегі «Зауыт» мөлтек ауданында 220-дан астам отбасы тұрады. Газ, ауыз су, жол мәселесi толық шешiлген. Мұнан кейін әкім Асықата кентіндегі «Ақ алтын береке» сүт ...

Толығырақ »

60 МЫҢ ТОННА МАҚТА ШИКІЗАТЫН ДАЙЫНДАЙДЫ

ОҚО әкімі Ж.Түймебаев жұмыс сапарымен Мақтаарал ауданында болып, Елбасы міндеттеген тапсырмалардың ауданда жүзеге асырылуын бақылады. Сонымен бірге мемлекеттік бағдарламалар аясында ісін өрге дөңгелеткен бірқатар кәсіпорындардың жұмысымен танысып, шаруалармен кездесті. Сапары барысында аймақ басшысы Асықата кентіндегі «Ақ алтын» мақта зауытының мақта шикізатын дайындайтын технологиялық процесімен және дайын өнім түрлерімен танысты. Құрылғанына жарты ғасыр толған Оңтүстіктегі іргелі кәсіпорынның ұжымы биыл 50 жылдығын атап ...

Толығырақ »

МАҚТАРАЛДЫҢ ҮЛЕСІ ОРАСАН – 05

Ж.Түймебаевқа Мақтарал ауданының индустриялды аймағында іске асып жатқан жобалар туралы аудан әкімі Ғ.Исмаилов таныстырып өтті. Атап айтқанда, 2015 жылы іске қосылған «Береке» мақта зауыты, келер жылы іске қосылатын салы өңдеу зауыты, асфальт бетон зауыты, гигеналық заттар өндірісі, полиэтилен өндіріс зауыттары мыңдаған мақтаралдықтарды жұмыспен қамтымақ. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржыландырылған тігін цехтары, мал бордақылау алаңдары, күн сәулесінен электр қуатын өндіретін «KADI» ...

Толығырақ »

МАҚТАРАЛДЫҢ ҮЛЕСІ ОРАСАН – 04

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев іс-сапармен Мақтарал ауданына келіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай атсалысып, үлес қосып жүрген бірқатар өндіріс ошақтарын көріп, аудан кәсіпкерлері жасап жатқан ірі жобалармен танысты. Өңір басшысының соңғы танысқан жобасы – Атакент кентіндегі «Қазақ мақта шаруашылығы» ғылыми зертету институты. Мақта шаруашылығындағы ғылыми-зерттеулерді дамыту арқылы отандық бәсекеге қабілетті мақтаның жаңа сорттарын шығару, мақта өндірудің тиімділігін, инновациялық технологияларды ...

Толығырақ »

МАҚТАРАЛДЫҢ ҮЛЕСІ ОРАСАН – 03

ОҚО әкімі аялдаған келесі нысан – Қазыбек би ауылдық округіне қарасты «Ә.Оспанов» елді мекеніндегі тік дренаж. 57,6 метр тереңдікте орналасқан нысан 2013 жылы іске қосылған. Тоқтап тұрғандағы су өлшемі 1 метр болса, жұмыс істеп тұрғандағы су өлшемі 12 метрді құрайды. Аманкелді подстанциясынан энергия алатын тік дренаж «ЭЦВ-12-210-15» атты насосбен жұмыс істейді. Жалпы, ауданда 731 тік дренаж болса, оның 300-і республикалық ...

Толығырақ »

МАҚТАРАЛДЫҢ ҮЛЕСІ ОРАСАН – 02

Мақтарал ауданына барған іс-сапары барысында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Асықата кентіндегі «Ақ алтын береке» сүт өнімдерінің цехында болып, кәсіпорынның жұмыс барысымен танысты. 2008 жылы құрылған кәсіпорын жылына 400 тонна өнім өндіреді. Сүт, қаймақ, ірімшік, айран т.б. өнімдер облыс аумағына таралып, оңтүстік тұрғындарын экологиялық таза өнімдермен қамтамасыз етуде. Амангелді Сүттібаевтың басшылығындағы кәсіпорында 20 адам жұмыспен қамтылған. Аймақ басшысы Ш.Ділдәбеков ауылдық ...

Толығырақ »

МАҚТАРАЛДЫҢ ҮЛЕСІ ОРАСАН – 01

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев іс-сапармен Мақтарал ауданына келіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай атсалысып, үлес қосып жүрген бірқатар өндіріс ошақтарын көріп, аудан кәсіпкерлері жасап жатқан ірі жобалармен танысты. Ең алдымен, облыс басшысы Асықата кентіндегі «Ақ алтын» мақта зауытына аялдады. Құрылғанына жарты ғасыр толған Оңтүстіктегі іргелі кәсіпорынның ұжымы биыл 50 жылдығын атап өтуде. Жылына 60 000 тонна мақта шикізатын дайындап, ...

Толығырақ »

АТАМБАЕВ КӨРГЕНСІЗДІК ТАНЫТТЫ

Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаевтың айтқан уәжіне қатысты Оңтүстіктің зиялы қауым өкілдері пікір білдірді Иә, Қырғыстан басшысы ең көргенсіз әрекеттерге бара бастады. Бұндай әрекет жасау – ел тұтқасын ұстап отырған азамат түгілі, қарапайым адамның өзіне дұрыс емес. Ұйып отырған екі елді бір-біріне алакөз ету кімге керек болды екен?! Сайлауда өз кандидатының жеңіліп қалуы мүмкін екенін сезген Атамбаев көргенсіздігін танытып, осындай әрекеттерге бара ...

Толығырақ »