Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Түркінің төрі — Түркістанның түнгі келбеті

Түркінің төрі — Түркістанның түнгі келбеті

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қабылдаған тарихи шешімімен қасиетті Түркістан шаһары облыс орталығы болып, бүгінде көне қаланың келбеті айшықтала түсуде. Қай уақытта да болмасын қасиетті тарихи мекеннің өткені мен бүгініне, келешегіне Елбасымыз бастап, ел басқарған азаматтар ерекше назар аударып, мән беріп келеді.

Мәселен өткен жылдың өзінде қала халқы үшін «Түркі бағы», «Рәміздер алаңы» сынды демалыс орындары бой көтерсе, Н.Оңдасыновтың кешені, Жеңіс саябағы күрделі жөндеуден өткізілді. Бүгінде облыс орталығына айналған қаланың келбетін одан әрі кемелдендіре түсу үшін жұмыстар қарқын алуда. Әсіресе қала тазалығына аса мән беру күн тәртібіндегі басты мәселе.

Қаланың көркі халықтың айнасы екені рас. Сондықтан да қаланың барша тұрғындары, Түркістанның төрт қақпасынан келген қонақтарға жақсы пікір қалыптастыру үшін баршамыз қаланың көркі мен келбеті үшін бір кісідей атсалысуымыз керек.

Яғни қалада жасалған әрбір дүниеге көздің қарашығындай қарап, тұрғындар арасында қоғамдық тәртіпті берік ұстап, мәдениеттіліктің жоғары сатысын қалыптастыру барша түркістандықтардың басты мақсаты мен мүддесіне айналса екен.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір жазу