Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Шардаралық тұрғындар «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының қабылдауында болды

Шардаралық тұрғындар «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының қабылдауында болды

«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының төрағасы, Шардара ауданының әкімі Болатбек Қыстауов бір топ тұрғындарды қабылдап, өтініштеріне құлақ түрді, деп хабарлайды Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.


Қоғамдық қабылдауға алғаш болып кірген «Мәриям» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативінің төрағасы М.Базарбаев мал сою бекетіне арнайы жер сұраса, қаладағы Төменгі тоғай ауылының биі Т.Юсупов ауыз суға есептегіш қондырғысын орнату, үй-жайы жоқ, жағдайы төмен, көп балалы отбасына баспана беру, мөлтекауылдағы медпунктті күрделі жөндеуден өткізу секілді мәселелерді әкімнің назарына ұсынды. Қала тұрғыны Жайнагүл Аманова жұмыс тауып беру жөнінде өтініш айтты.
Тұрғындардың тілегін мұқият тыңдаған аудан басшысы олардың шешу жолдарын қарастырды. Азаматтар тарапынан айтылған әрбір өтінішті сала мамандарымен бірге талқылап, оң шешілу үшін нақты тапсырмалар жүктеді.


Қоғамдық қабылдау отырысына «Нұр Отан» партиясының аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Е.Қарымсақов, аудан әкімінің орынбасары Н.Сапаров, қала әкімі Е.Бекет, аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Талғат Әлімқұл, аудандық білім бөлімінің басшысы А.Бердалиева, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Ж.Оспанова, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ж.Тұрлыбеков, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Б.Көшекеева, «Шардара коммуналсервис» мекемесінің директоры Қ.Әкпаров қатысып, өздеріне қатысты мәселелер бойынша жауап берісті.

Пікір жазу