Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Спорт (страница 2)

Спорт

ШОРТ-ТРЕКТЕН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Шымкент қаласындағы «Мұз сарайында» шорт-тректен үлкен және орта жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты басталды. Жарысқа еліміздің 12 өңірінен, жалпы 200-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Шоқан Әбдіхалықов, шорт-тректен ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Азамат Әлиев жарыстың ашылу рәсімінде спортшыларға сәттілік тіледі. Мемлекеттік жаттықтырушы А.Әлиев жылдан жылға қатысушылар саны және спортшылардың шеберліктері артып келе жатқанын атап өтті. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

Түркістан облысы Арыс қаласында ережесіз жекпе-жектен ересектер, жастар мен жасөспірімдер арасында облыс чемпионаты өтті. Шараның ұйымдастыруылына облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық жауынгерлік аралас жекпе-жек федерациясы және «Arys Fight» аралас жекпе-жек клубы атсалысқан. 17-19 ақпан күндері өткен турнирге өңірдегі 300-ге жуық спортшы қатысты. MMA турниріне әскери самбодан 4 дүркін Әлем чемпионы, ережесіз жекпе-жек шебері Арман Оспанов пен бокстан Әлем ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ПАРА ДЗЮДОШЫЛАР ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРДЫ ИЕЛЕНДІ

Пара дзюдодан ересектер арасында Қазақстан Республикасының кубогы өтті. Тартысқа толы турнирде облыстық мүгедектерге арналған «Сауран» спорт клубының спортшылары 1 алтын 2 күміс, 4 қола медаль еншіледі. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған Зәуре Әйтек +70 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды. Балуандардың жаттықтырушылары елімізге белгілі тәжірибелі бапкерлер – Марат Нұрмаханов пен Шавкат Ешматов. Шымкент қаласында өткен жарыста спорт клубтың ...

Толығырақ »

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ДОП ДОДАСЫ БАСТАЛДЫ

«25 қазан — Республика күні» мерекесіне орай аудан орталығындағы футбол алаңында Қазығұрт ауданы әкімінің жүлдесіне арналған футболдан аудан біріншілігі басталды,  деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Спорттық іс-шараны ашып беру үшін аудан басшылары арнайы барып, құттықтау сөз сөйлеп, барша футболшыларға сәттілік тіледі. Үш күнге жоспарланған біріншілікке ауданымыздың барша ауыл округтерінен 14 команда қатысып, 4 топқа ...

Толығырақ »

ҚАЗЫҒҰРТТА ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

Жуырда Қазығұрт ауданының Қазығұрт елдімекеніндегі орталық футбол алаңында «2022-жыл – Балалар жылы және ТМД халық шығармашылығы мен мәдени мұра жылына» арналған футболдан 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында Қазығұрт аудандық №4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен облыстық жарыс өтті. Жарысқа Түркістан облысының спорт мектептерінің командалары қатысты. Ойындар айналым тәсілімен екі топта өтті. Ойындардың нәтижесінде бірінші орынды «Қазығұрт», екінші орынды «Облыстық ...

Толығырақ »

Шымкентте мектеп мұғалімдері арасында футболдан сайыс басталды

Шымкент қаласының Қаратау ауданында мектеп мұғалімдері арасында футболдан сайыс басталды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Аталған бәсеке ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру аясында, мектеп мұғалімдері арасында достықты дәріптеу, бұқаралық спортқа тарту мақсатында ұйымдастырылды. Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Азамат Парманов сайыстың ашылу рәсімінде командаларға сәттілік тілеп, іс-шараның маңызына тоқталды. Жеңімпаз командалар, ойыншылар арнайы жүлделермен марапатталады. Жалпы сайысқа Қаратау ауданында 14 мектептің ...

Толығырақ »

ҚАЗЫҒҰРТ: АРУЖАН БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ!

Қазығұрт ауданының спорт саласын дамытуда үлес қосып келе жатқан Аружан Елікбаева біздің мектебіміздің ғана емес ауданымыздың мақтанышы. Мектебіміздің түлегі, грэпплингтен спорт шебері Елікбаева Аружан жастарға үлгі ететін, мақтаулы спортшы қызымыз. Ол 2003-жылы Қазығұрт ауданы, С.Рақымов ауыл округіне қарасты Майбұлақ ауылында дүниеге келген. «Майбұлақ» жалпы орта білім беретін мектебінің түлегі. Бүгінде Аружан қызымыз грэпплингтен әлемдік додаларда бағын сынап жүр. Аружан Елікбаеваның ...

Толығырақ »

ҚАЗЫҒҰРТ: ФУТБОЛДАН ӨТКЕН АУДАНДЫҚ ТУРНИР

Жуырда Қазығұрт ауданының орталық футбол алаңында 2022-жыл «Балалар жылы және ТМД халық шығармашылығы мен мәдени мұра жылы» және «Спорт күніне» арналған футболдан 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында Қазығұрт аудандық №4БЖСМ турнирі өтті. Жарысқа №4 БЖСМ командалары қатысты. Ойындар айналым тәсілімен екі топта өтті. Ойындардың нәтижесінде бірінші орынды «Қазығұрт», екінші орынды «Рабат» үшінші орынды «Қожамберді» командалары иеленді. Жеңімпаздарға №4 БЖСМ тарапынан ...

Толығырақ »

ОҚТАРБЕК АЙДАРБЕК — ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН «ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІНІҢ ЖҮЛДЕСІНЕ АРНАЛҒАН ТУРНИРДІҢ ТҮЙЕ БАЛУАНЫ

Түркістан облысы, Сайрам ауданының орталығы Ақсукентте ұлттық спортымыздың төресі саналатын қазақ күресінен «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің жүлдесіне арналған 59-шы дәстүрлі турнирдің жалауы көтерілді. Тартысты додаға өңіріміздің барлық аймақтары мен қатар Шымкент қаласының балуандары қатысып, бас жүлдені сарапқа салды. Жоғары дәрежеде ұйымдастырылған сайыстың ашылу салтанатында Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков, Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев ...

Толығырақ »

САЙРАМДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА КИКБОКСИНГТЕН ЖАРЫС ӨТУДЕ

«AMANAT» партиясының ардагері, Сайрам ауданы ядролық полигоны ардагерлері кеңесінің төрағасы Ирсметов Махаммеджанның бастамасымен, «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының қолдауымен жасөспірімдер арасында кикбоксингтен VII-ші облыстық турнир басталды. Жастарымыздың бос уақыттарын тиімді өткізу, оларды спортқа баулып, қызушылықтарын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізіліп жатқан турнир 2013 жылдан бастап тұрақты өткізілуде. Турнирдің ашылу салтанатына Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев, Семей ядролық ...

Толығырақ »

ТАПСЫРЫС САНЫ 40 ПАЙЫЗҒА АРТҚАН

Бұл жөнінде Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Алмаз Тілеуханов айтты. Ол «Шымкент қаласы бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу» тақырыбында жасаған баяндамасында 2019 жылдан бері әскерге шақырушылар саны 40 пайызға артқанын жеткізді. Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары полковник ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ 7 АЙДА МЫҢҒА ЖУЫҚ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Түркістанда Спорт күні мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті. «Түркістан-Арена» стадионында өткен іс-шарада облыс спортшыларының жеңіп алған жүлделерінің көрмесі жұртшылық назарына ұсынылды. Әлемдік деңгейдегі кубоктар мен медальдар көрсетілді. Жалпы биыл 7 ай көлемінде Түркістан облысының спортшылары жалпы саны 1000-ға жуық медаль олжалап, бұл көрсеткіш бойынша республикада алдыңғы қатарда келе жатыр. Салтанатты жиында биыл республикалық және халықаралық додаларда жеңіске жеткен спортшыларға және ...

Толығырақ »

МАУСЫМ БІРІНШІЛІГІНІҢ ЖҮЙРІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Түркістан қаласы Әуесқойлар шағын футбол лигасының «Көктем-Жаз 2022» маусым біріншілігінің жарысы өз мәресіне жетті. Чемпионатқа 64 команда қатысып, жүзден жүйрік шыққандары жеңімпаз атанды. Лига ойындарының қорытындысына сәйкес «Муслим», «Marka.kz», «МФК Город» футбол командалары Республикалық чемпионатқа жолдама алды. Сондай-ақ, “А”-лигасы бойынша «СУПЕР ЛИГА» біріншілігінде «Шытты Отырар»,«Тастемір», «Alash NM» ойыншылары келесі маусымда бақтарын сынамақ. “Б”-лигасында «Бекзат жастары», «Qazsnab», «Allo pizza» футболшылары да ...

Толығырақ »

АРДА АЗАМАТТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИРДІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Киелі өңірдің өсіп-өркендеуімен гүлденуі жолында орасан зор еңбек етіп, ел есінде іскер әкім ретінде аты қалған абзал жан, Түркістан қаласының Құрметті азаматы Әліпбек Өсербаевты еске алуға арналған ересектер арасындағы волейбол және кіші футболдан Түркістан қаласының ашық біріншілігінің ашылу салтанаты өтті. «Түркістан арена» стадионында басталған шараға облыстық, қалалық мәслихаттың депутаттары, сонымен қатар зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар мен қала тұрғындары қатысты. Ашық ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН СПОРТШЫЛАРЫ IV АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНДА ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛДЫ

Жетісу облысында IV ауыл спорты ойындары өз мәресіне жетті. 25 шілдеден бастап Талдықорған қаласында 14 өңірдегі ауылдардан келген 3000-ға жуық жас спортшы спорттың 12 түрінен: шағын футбол, волейбол, баскетбол (3*3), көгалдағы хоккей, қазақ күресі, асық ату, тоғызқұмалақ, армрестлинг, грек-рим күресі, дзюдо, еркін күрес пен үстел теннисінен сынға түсті. Аса тартысты өткен сайыстың қорытындысы бойынша жерлестеріміз мынадай нәтижеге қол жеткізді. Жарыстың ...

Толығырақ »

БҮКІЛ ӘЛЕМДІК ШАХМАТШЫЛАР КҮНІ — ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА АТАЛЫП ӨТТІ

Бәрімізге белгілі, елімізге құрылыс саласында танымал болған BI Group инновациялық құрылыс холдингі, Шымкент қаламыздың гүлдену мен шырайын келтіруде өз үлестерін қосып келеді. Аталған құрылыс компаниясы, алғашқы рет BI Chess Халықаралық шахмат күніне орай, қаладағы «Орталық саябақта» ашық аспанда Асанбай Асқаров атындағы алғашқы шахматтан BI CHESS рейтингілік турнирін ұйымдастырды. Асанбай Асқаров —  көрнекті мемлекет, саясат және қоғам қайраткері, ақын, мемуаршы, зерттеуші, ...

Толығырақ »

ЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ

28 маусым — Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай Қажымұқан атындағы орталық стадионда журналистер арасында жыл сайын дәстүрге айналған спартакиаданың ресми ашылуы өтті, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Мемлекеттік саясатты насихаттап, өзгенің мәселесін көрсететін, арқалағаны алтын, жегені жантақ журналистердің жиналып бас қосатын жері  -осы спартакиада. Басты мақсат – салауатты өмір салтын насихаттап, әріптестер арасындағы шығармашылық және достық қарым-қатынастарды нығайту, бұқаралық ...

Толығырақ »

КӨШЕ СПОРТЫНАН ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

Қала күніне орай іс-шаралар легі жалғасуда. Кезекті сайыс Қошқар ата демалыс аймағында Street Workout атты көше спорт түрінен өтуде. Онда спортшылар кіл мықтыдан кім мықтыны анықтап жатыр. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов жарысты ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Мақсұт Пернебайұлы қалада бұқаралық спортты дамытуда жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бұл іс-шара саламатты өмір салтын ұстанып, бұқаралық спортты насихаттауды мақсат ...

Толығырақ »

СПОРТ АЛАҢШАЛАРДА АУЛА ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

Шымкент қаласында әр аптаның жексенбі күндері төрт аудан аумағында орналасқан спорт алаңшаларда «Аула чемпионаты» ұйымдастырылуда. Бұл туралы қала әкімінің төрағалығымен өткен аппараттық жиында дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Қалмұхамедұлы Тұманбаев мәлім етті,   деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Сала жетекшісі аталған спорттық іс-шара «Балалар жылы» аясында мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді пайдалану және ...

Толығырақ »

ШАХМАТ БӘСЕКЕСІНІҢ ФИНАЛДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТУДЕ

Шымкент қаласының «Орталық саябақ» аумағында «Шымкент жастар лигасы» ойындарындағы шахмат бәсекесінің финалдық кезеңі өтуде, деп хабарлайды қалалық ақпараттық — коммуникациялық орталығына  сілтеме жасаған Didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Спорттың шахмат түрінен іріктеуге 130 команда қатысып, финалдық кезеңге әр ауданнан төрт, жалпы 16 команда жолдама алды. Жеңімпаз және жүлдегер командалар бүгін анықталмақ. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Жұмабекұлы Мұқан, қалалық мәслихат депутаттары, ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТІК ДЗЮДОШЫЛАР ЕЛ БІРІНШІЛІГІНДЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Елордада дзюдодан жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты өтуде. 21-25 наурыз аралығына жоспарланған ел чемпионатында 700-ден астам спортшы бақ сынауда. Сайыста шымкенттік жас дзюдошылар жүлделі орындардан көрінді. Жасөспірім ұлдар арасында Талғат Орынбасар (60 келі), Нұрдаулет Төлен (66 келі) алтын, Арман Билалханов (81 келі) күміс жүлдеге ие болды. Жасөспірім қыздар арасындағы бәсекеде Сабина Юлдашбекова (40 келі), Маржан Даушова (44 келі) жеңімпаз атанды.

Толығырақ »

ОТБАСЫЛЫҚ ЖАРЫСҚА ҚАТЫСТЫ

«Елбасы Медалі» жобасының қатысушылары «Отбасы күніне» арналған спорттық отбасылық  эстафета жарысына қатысты. 12 қыркүйек “Отбасы күні” мерекесіне орай “Елбасы академиясы” қоғамдық бірлестігі мен “Қазақстан жастар конгресінің” бастамасымен ата- аналар мен жасөспірімдер арасында тығыз қарым – қатынасқа болуға шақыру, отбасылық құндылықтарды сақтау, сонымен қатар қатысушыларды салауатты  өмір салтына бейімдеу және  дене шынықтыру сабағына  қызығушылығын арттыру, шапшаң қимылдауды, жарыса жүгіруді дамыту мақсатында ...

Толығырақ »

ОЛИМПИАДА ЛИЦЕНЗИЯСЫНА ИЕ БОЛДЫ

Халықаралық карате федерациясы (WKF) Олимпиадалық рейтинг бойынша Токио Олимпиадасына жолдама алған спортшылар тізімін жариялады. Оған сәйкес, Шымкент қаласының каратэшілері тағы екі Олимпиада лицензиясын иеленді. «D-3» біліктілігі бойынша халықаралық рейтингке сәйкес, Данияр Юлдашев Олимпиада лицензиясына ие болып, Азия өңірінде ең жоғары нәтиже көрсеткен үздік каратэші атанды. Сондай-ақ, тағы бір жерлесіміз Софья Берульцева (+75 келі) да халықаралық рейтингке сәйкес, құрлықтық жолдамаға ие ...

Толығырақ »

ДЕБЮТТІК КЕЗДЕСУІН ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ

Алматыда аралас жекпе-жектен OCTAGON 17 турнирі өз мәресіне жетті. Дүбірлі дода ға біздің Шымкенттік спортшылар да қатысып жеңіс тұғырынан көрінді, деп жазады «Оңтүстік» телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі. ММА спорты әлемдік аренада өзіндік орны бар жекпе-жек түрі болып табылады. Біздің өңірде де бұл спорттың түрі кеңінен таралып келеді. Сөзімізге дәлел болса керек, біздің жерлесіміз  18 жасар Алдияр Анарбаев Алматы ...

Толығырақ »

ДЕВУШКА-БОКСЕР ИЗ ШЫМКЕНТА В СОВЕРШЕНСТВЕ ВЛАДЕЮЩЕЙ ТЕХНИКОЙ

Бокс – это вид спорта, которым в основном занимаются мужчины. Но заслуженный мастер спорта Жайна Шекербекова так не считает. Ее интерес к данному виду спорта начался с приезда в Шымкент. Во время учебы в юридическом колледже «Фемида», она ходила на бокс. В 2006 году Жайна стала победителем первенства страны в городе Кызылжар. Так, молодая девушка решила полностью заняться любительским боксом. ...

Толығырақ »