Пара дзюдодан ересектер арасында Қазақстан Республикасының кубогы өтті. Тартысқа толы турнирде облыстық мүгедектерге арналған «Сауран» спорт клубының спортшылары 1 алтын 2 күміс, 4 қола медаль еншіледі.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған Зәуре Әйтек +70 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды. Балуандардың жаттықтырушылары елімізге белгілі тәжірибелі бапкерлер – Марат Нұрмаханов пен Шавкат Ешматов.
Шымкент қаласында өткен жарыста спорт клубтың үкілеп додаға қосқан балуандары – Ақтолқын Сейілбекова 70 келі, Бағланбек Оңалбек +90 келі салмақта күміс жүлдеге қол жеткізіп, жаттықтырушылар үміті ақталды. Бауыржан Арықбаев +90, Еділ Рахманов 73, Мұхтар Әділбек 73, Дилором Дыханова 57 келі салмақта ҚР кубогының қола алқа иегерлері қатарынан көрінді.