Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Төтенше (страница 9)

Төтенше

ЕЛДІҢ АЛҒЫСЫНА БӨЛЕНГЕН БЕРІК

Таяуда ғана әлеуметтік желілерде танымал фотограф Мақсат Шағырбайдың ит құшақтаған құтқарушыны түсірген суреті тез тарап,қызу талқыға түскен болатын. Оның аты-жөнін,қайда қызмет ететінін сұрап,қызығушылық танытқандар да аз болған жоқ. Бүгін бір топ әріптестеріміз құтқарушыны топан су астында қалған Фирдауси ауылында кездейсоқ қызмет бабында кездестіріп қалыпты. Оның аты-жөні Берік Төлегенов. Ол бүгінде Шымкент қалалық төтенше жағдай департаментінде құтқарушы болып қызмет етеді. Берік ...

Толығырақ »

ҚҰРЫЛЫСҚА ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНДАР ТАРТЫЛУДА

Мақтааралдағы құрылыс жұмыстарына жергілікті тұрғындар тартылуда, деп жазады Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Мақтаарал ауданында тасқын судан зардап шеккен азаматтарға арнап салынатын тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары басталып кетті. Қазірдің өзінде Мырзакенттің шығыс бетіндегі 50 гектар аймақта 40-тан астам құрылыс компаниясы келіп, үйлердің іргетасын қалау жұмыстарына кірісіп кеткен. Бұдан бөлек, мұнда 1200 орындық мектеп, 250 орындық балабақша да салынбақ. Құрылысқа ...

Толығырақ »

АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚОЙМАСЫНА БЕЙНЕБАҚЫЛАУ ОРНАТЫЛДЫ

Мақтаарал ауданы Атакент кентіндегі облыстық орталықтандырылған қоймаға бейнебақылау қондырғылары орнатылды. Бұл өз кезегінде азық-түліктің ысырапсыз таралуы мен себепсіз үлестіруіне тосқауыл болмақ. Бүгін бұл туралы Түркістан облыстық «Nur Otan» партиясы филалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев мәлім етті, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Қоймада орнатылған 4 бейнекамера екі жүк қабылдау есігі мен ішкі шыға беріс жағына орналастырылуда. ...

Толығырақ »

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІ САҒЫНСАҢЫЗДАР…

Қоғамдық көлікті сағынсаңыздар, Сіздерді жақсы жаңалық күтуде. Шымкентте 12 мамырдан бастап қоғамдық көліктер жүре бастайды. Ал, қоғамдық көліктерде азаматтардың карантин талаптарын қатаң сақтағаны дұрыс. Бұл туралы ақпараттық коммуникация — орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мәлім етті. — Қазақстанда бүгіннен бастап төтенше жағдай режимі алынды. Алайда пандемияның кең таралуына жол бермеу мақсатында Шымкент қаласы аумағында 11 ...

Толығырақ »

ТОҚАЕВТЫҢ ТОҚЕТЕРІ

Бүгін Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысы өтті. Жиынға облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының басшылары бейне байланыс режимі арқылы қатысты. Қ.-Ж.Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның отырысында сөз сөйледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында ...

Толығырақ »

АПАТТЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫ

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаев Түркістан облысы Мақтаарал ауданының су басудан зардап шеккен ауылдарына келді. Атап айтқанда, министр Е.Тұрғымбаев тұрғындар қиын жағдайға тап болған Өргебас және Фердоуси ауылдарында жүргізілген авариялық-құтқару жұмыстарының барысымен танысты, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Бүгінгі күні Түркістан, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл облыстарының полиция және ТЖД ...

Толығырақ »

ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖЕК КӨРЕТІН ЖАСТАР КӨПТЕП ПАЙДА БОЛУДА

Әсет ӘССАНДИ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласындағы департаменті жанынан құрылған Арнайы мониторингтік топтың жетекшісі: – Әсет Сандыбайұлы, Сіз ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласындағы департаменті жанынан құрылған Арнайы мониторингтік топтың жетекшісі болып сайландыңыз. Алдымен құрылғанына 2 жыл уақыт толған бұл топтың атқарып жүрген жұмыстарына тоқталмас бұрын, оның негізгі міндеті мен мақсаты жөнінде сөз бастасаңыз. – ...

Толығырақ »

БРИФИНГ О ЧРЕЗВЫЧАЙНЫХ СИТУАЦИЯХ ЗА ПРАЗДНИЧНЫЕ МАЙСКИЕ ДНИ

В Департаменте по ЧС г.Шымкент проведен брифинг о чрезвычайных ситуациях на территории города за прошедшие майские праздничные дни. Спикером выступил начальник департамента полковник гражданской защиты Нурболат Дербисов. За прошедшую неделю в целом было объявлено 4 штормовых предупреждения. Все штормовые предупреждения были доведены до жителей города по телевидению с помощью перехвата каналов, а также по социальным сетям. По сообщению КазГидроМетЦентра 05.05.2020г. ...

Толығырақ »

160 ТОННАДАН АСТАМ КӨМЕК КЕЛДІ

Мақтаарал ауданына Атырау облысынан 160 тоннадан астам гуманитарлық көмек келді, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Атыраудан Мақтааралдағы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмектер келді. Алып жүк керуені 2 күн бойы жол жүріп келген. Атыраудан 160 тонна азық-түлік, киім-кешек пен гигиеналық заттар тиелген гуманитарлық көмекті жеткізу үшін 6 жүк көлігі, 20 «Газель» мен 2 жеңіл көліктен құралған ...

Толығырақ »

БАС САНИТАР ДӘРІГЕРДІҢ ҚАУЛЫСЫ

Шымкент қаласының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Тулебаев Абдиманап Кошкарович, Қазақстан Республикасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 7-1 бабы 1 тармағының 13 тармақшасының негізінде және Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 10 мамырдағы №36, Шымкент қаласы бойынша төтенше жағдай режимін ...

Толығырақ »

ЖОМАРТ ЖАННЫҢ СЕРТИФИКАТЫН АЛА БАСТАДЫ

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Мырзакент кентінде ауыл тұрғындарымен кездесті. Онда эвакуацияланған мақтааралдықтардың алғашқы легі Әлішер Усмановтың қорынан бөлінген қор қаражатының сертификатын алды. Бұл қаражат эвакуацияланған 5202 отбасының жеке шотына түседі. Қазіргі уақытта қаражат алатын барлық азаматтардың құжаттары қабылданып жатыр. Құжаттар толық жиналған кезде, әр отбасы өздеріне тиесілі қаржыны ала алады. ...

Толығырақ »

СУ ДЕҢГЕЙІ ЕКІ МЕТРГЕ ЖУЫҚ ТӨМЕНДЕДІ

Мақтаарал ауданындағы су деңгейі орта есеппен 175 см-ге төмендеді. Өргебаста үш тәулік ішінде су 1 м. 67 см-ге, Фирдоусиде – 1 м. 55 см-ге төмендеген. Бұл туралы «Қазсушар» Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорнының Мемлекеттік техникалық қызметі департаментінің бастығы Денис Коновалов мәлімдеді, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Су сору үшін «Қазсушар» Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорнының техникалары жұмылдырылған. Түркістан облысы ...

Толығырақ »

ЖАҢА ШАҒЫН АУДАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Мырзакент кентінде ӨР Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен кездесу өткізді. Үкімет басшылары Мақтаарал ауданының су басқан аумақтарын аралап көрді, сондай-ақ Жаңажол ауылдық округінің Нұрлыжол, Өргебас және Фирдоуси ауылдарында болып, су тасқыны салдарын жою аясында жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. Апаттық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарға 1300-ден астам адам мен 220 бірлік техника, оның ішінде Өзбекстаннан ...

Толығырақ »

96 ТОННА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы азық-түлік қоймасына бүгінге дейін 408 тонна гуманитарлық көмек келіп түскен. Оның 96 тоннасы эвакуациялық бекеттердегі азаматтарға, жекелеген туыстарының үйінде жатқан тұрғындарға үлестіріліп берілді. Бүгін бұл туралы «Nut Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, төтенше жағдайлар бойынша гуманитарлық көмектерді үйлестіруші Бейсен Тәжібаев мәлімдеді. Мақтаарал ауданындағы тасқын судан зардап шеккен азаматарға көмек ретінде облысымыздың аудандарынан бөлек, Нұр-Сұлтан, ...

Толығырақ »

ШЫҒЫНДАРДЫҢ БІР БӨЛІГІ ӨТЕЛЕДІ

Экспорттаушылар 2020 жылдың 1 маусымына дейінгі аралықта мемлекеттік қолдаудың қаржылық шараларын алуға өтінім бере алады. Түркістан облысы бойынша өткен жылдың қорытындысына сәйкес QazIndustry компаниясы тарапынан «еңбек өнімділігін арттыру» бағыты шеңберінде 69 кәсіпорыннан 779,15 млн.теңгеге 122 өтінімдердің шығындары өтелді, ал «отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға жылжыту» бағыты бойынша 139 кәсіпорыннан 3,9 млрд. теңгеге 179 өтінімдердің шығындары өтелді, оның 3,5 млрд. теңгесі тауарларды ...

Толығырақ »

АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАП…

Биыл Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 75 жыл толды. Осыған орай, Орташыршық ауданы әкімі Олимжон Нұрматов бастаған сектор басшылары мен жауапты мамандар аудандағы 5 соғыс ардагерінің үйлерінде болды. Аудан әкімі О.Нұрматов Президенттің соғысқа қатысушыларға жолдаған құттықтауын оқып, Мемлекет басшысы тарапынан берілген 10 миллион сумды және Өзбекстан мен Ресей Федерациясының Президенттері жіберген «Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығы» естелік медальдарын табыстады. Мұхиддин ...

Толығырақ »

ЖЕЛДІҢ САЛДАРЫ ЖОЙЫЛДЫ

Шымкент қаласында 2020 жылғы 8-9 мамыр аралығында ауарайының өзгеруіне байланысты дауылды алдын ала ескерту жарияланған. Дауылды ескерту бойынша 2020 жылғы 8 мамырда кешкі сағат 20.00-ден бастап Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің шұғыл кезекшілеріне хабарламалар түсе бастады. Осы ретте қаладағы Әл-Фараби алаңы жанында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде профнастилден жасалған шатыры ұшып, жедел жәрдем автокөлігін басып қалғаны туралы хабарлама түсті. Ұшқан шатырдың ...

Толығырақ »

ОН МИЛЛИОН ТЕҢГЕНІҢ КӨМЕГІН ЖІБЕРДІ

Мақтаралдағы жағдай қазақстандықтардың татулығы мен бірлігін, қиын қыстау кезеңде бір қолдың саласындай біріге алатындығын тағы бір дәлелдеді. Белгілі кәсіпкер, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Бахадыр Ирисметов басқаратын Түркістан қалалық өзбек этно- мәдени бірлестігі мақтаралдықтарға азық-түлік, киім-кешек, тұрмысқа қажетті заттар, гигиеналық құралдар, жиһаздар тиелген гуманитарлық көмек жеткізді. Көмек керуенінің жалпы құны — 9 млн 862 мың теңге. Түркістан қалалық өзбек этно-мәдени қоғамдық ...

Толығырақ »

СЕЛ САЛДАРЫ ТОЛЫҚ ЖОЙЫЛАДЫ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қатты жауған нөсерден өзен суы арнасынан асып, бірнеше көшелерді су шайған Төлеби ауданының жайын біліп қайтты. Селден жапа шеккен тұрғындардың көкейіндегі мәселелерді оңтайлы шешу мақсатында олармен кездесіп, су шайған жерлерге бақылау жүргізді. Табиғаттың тосын мінез танытуына қарсы шаралар мейлінше күшейтілген.Аудан әкімі Бауыржан Омарбековтің төрағалығымен тасқын зардаптарын жою жөніндегі құрылған жедел штаб жұмыс істейді. 300-ден астам ...

Толығырақ »

ЕГІН-МАЛ ШЫҒЫНДАРЫ ТОЛЫҚ ӨТЕЛЕДІ

Мақтаарал ауданында жалпы көлемі — 7639 гектар ауыл шаруашылығы жерлері зақымданған. Ал мал шығыны 297-ні құрады. Барлық шығындар есептеліп, Үкіметке ұсынылды. Алдағы уақытта өтемақы жасалатын болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметін өткен брифингте облыстық Ауышл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов мәлімдеді, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. «Ауданда 11 елдімекеннің егістіктері зақымданған. Жалпы 1 мыңнан астам ...

Толығырақ »

500 ЕРІКТІ ЖӘРДЕМДЕСУДЕ

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Дамир Жүнісов және «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев Мақтаарал ауданында жұмыс істеп жүрген еріктілермен кездесті. Олар басқосуда волотерлардың жұмыстарымен танысып, алдағы уақытта атқарылатын шаруаларды түсіндірді. Ауданда орын алған төтенше жағдайға байланысты облыстық қоғамдық даму басқармасы мен «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен Жастар орталығының жанынан «Біргеміз, Мақтарал» волонтерлар штабы ...

Толығырақ »

ЕМДІК СУ МАҚТААРАЛҒА ЖЕТКІЗІЛДІ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы техногендік апат қазақ елінің бірлігінің, жанашырлығының, қиын қыстау сәтте бір болып, жәрдем қолын созатындығын тағы бір рет көрсетті. Әр қазақ жалғызым деген азаматтар қолдан келген көмегін қиын кезде қиналмасын деп мақтааралдықтарға көмектесуде. «Тіршілік көзі – су» Мақтаарал ауданындағы құрылған эвакуациялық пункттерде ауыз су тапшылығы туындамауы үшін, Атакент елді мекенінде орналасқан орталық азық-түлік қоймасына өңірімізге белгілі кәсіпкер ...

Толығырақ »

ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ

Түркістан облысының әкімдігі мен «Өзбекстан Республикасы құрылыс министрлігі» екіжақты өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Ортақ Меморандум Қазақстан мен Өзбекстан арасында бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды механизміне айналмақ. Осылайша, екі тарап тығыз коммерциялық байланыстарды дамытуға, екіжақты инвестициялар мен технологияларды беру көлемін ұлғайтуға негіз болмақ. «Түркістанды біз тек Қазақстанның емес, түркі әлемінің мәдени орталығы ету үшін 3 бағытта дамытудамыз. Рухани-мәдени орталық ...

Толығырақ »

ДЕПУТАТТАР ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Түркістандық депутаттар Мақтаарал ауданына 11 млн. теңгеге гумантарлық көмек көрсетті, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Бүгін Түркістан облысының бір топ депутаттары «Nur Otan» партиясының республикалық «Біз біргеміз» акциясы аясында Мақтаарал ауданына жалпы құны 11 млн. теңгені құрайтын 11 жүк көлігіне тиелген гуманитарлық көмек әкелді. Оның ішінде азық-түлік, көрпе-төсек, киім кешек, гигиеналық заттар мен 2 тонна балық ...

Толығырақ »

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ

Мақтаарал ауданында төтенше жағдайдың орын алуына байланысты көршілес аудандардан қосымша көмекке медицина қызметкерлері тартылды. Яғни, эвакуациялық орталықтардағы азаматтардың денсаулықтарын бақылау жұмыстарына Сарыағаш, Келес, Шардара, Жетісай аудандарының орталық ауруханасы және облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының ақ халаттылары атсалысуда. Бұл туралы онлайн режимде өткен брифингте облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов мәлімдеді, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме ...

Толығырақ »