Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАП…

АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАП…

Биыл Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 75 жыл толды. Осыған орай, Орташыршық ауданы әкімі Олимжон Нұрматов бастаған сектор басшылары мен жауапты мамандар аудандағы 5 соғыс ардагерінің үйлерінде болды. Аудан әкімі О.Нұрматов Президенттің соғысқа қатысушыларға жолдаған құттықтауын оқып, Мемлекет басшысы тарапынан берілген 10 миллион сумды және Өзбекстан мен Ресей Федерациясының Президенттері жіберген «Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығы» естелік медальдарын табыстады. Мұхиддин Дүйсенбаев және оның көршісі Сұлтанхан Мұхаммедханов соғысқа 1943 жылы 23 ақпанда аттанғанын, соғыстан кейін олар 1945-1950 жылдары Берлинде қалып, Германияның бөлінуіне және Герман Демократиялық Республикасының құрылуына қатысқанын әңгімелеп берді.

Осы ауданның тағы бір ардагері, ұлағатты ұстаз Қалықұл Нохов соғыстан кейінгі өмірін шәкірт тәрбиелеуге арнаған. Оның білім берген ұрпақтары бүгінгі таңда түрлі салада еңбек етіп келеді. Ол шәкірттерін адал еңбек етуге тәрбиелегенін ерекше атап өтті.
– Әр адам адал кәсіппен шұғылданып, адал табыспен күн көруге ерекше назар аударуы тиіс. Ардақты Мұхаммед ﴾ﷺ﴿ Пайғамбарымыз көптеген хадистерінде адал еңбек жасап жүрген мұсылмандарды мақтап, адал несібе іздеуге шақырған. «Құлшылық он түрлі нәрседен құралады. Бұл он нәрсенің тоғызы адал ризық іздеуде» (Дәйлами, (Әнастан ﴾р.а.﴿); «Кейбір күнәлар бар, оларға намаз, ораза, қажылық та кәффарат бола алмайды. Тек күнкөріс қамымен қажымай жұмыс істеу ғана оны жуып-шая алады», – дейді Қалықұл Нохов ақсақал.

Өзбекстан – көпұлтты ел. Қасиетті елді мекендеген еш ұлт өкілі шетте қалмайды – бәріне бірдей қамқорлық көрсетіледі. Қалықұл Нохов Ташкент облысының Орташыршық ауданындағы «Жоңышқалы» ауылының, ал Мұхиддин Дүйсенбаев «Әбдікарім Жолбарысов» ауылының тұрғындары. Екеуі де қазақ ұлтының өкілдері. Ұлтаралық достықты сақтаған елдеріміз аман болсын!

© Айгүл Тешебаева,
Өзбекстан Республикасы

Пікір жазу