Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2023 (страница 26)

Годовые архивы: 2023

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА ТАҒЫ БІР ЗАМАНАУИ ЖАБЫҚ ФУТБОЛ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

Қазығұрт ауданы, Шанақ ауылы округі, Ақжар елді мекенінде ауыл азаматы, спорт жанашыры Үшқара Құлажановтың демеушілігімен жабық футбол алаңы ашылды. Түркістан облысының 5 жылдығына орай ел игілігіне берілген футбол алаңының ашылу салтанатына Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов, Түркістан облысының денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев арнайы қатысып, демеуші болған азаматтарға ауыл тұрғындары атынан ризашылығын білдіріп, алғыс хаттармен марапаттады. Сонымен қатар ...

Толығырақ »

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА АСТЫҚ ОРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Апта ішінде Қазығұрт ауданы бойынша астық ору науқаны бастау алып, алғашқылардың қатарында Шанақ ауыл округінде орналасқан «Ықылас» өндірістік кооперативі бұл жұмыстарға кірісті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов науқанның жұмысын көріп, жан-жақты танысу үшін ауылдарды аралап, атаулы өндіріс кооперативіне де барды. Іссапар барысында шаруаларға сәттілік тілеп, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН ТРАНСФОРМАТОРЛАР МЕН ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛМАҚ

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов ауыл округтерді аралау барысында бірқатар шешімін қажет ететін мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар берген болатын. Яғни, бірінші кезекте тұрғындардың көтеріп жүрген мәселелеріне назар аударды. Соның бірі – электр жарығы. Осы орайда, аудан әкімі Арман Сәбитов «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің бас директоры Мұрат Ибрагимовпен кездесті. Мақсат – аудан тұрғындарын электр жарығымен тұрақты қамтамасыз ету бойынша келіссөздер жүргізу. ...

Толығырақ »

САЙРАМ: ҚАРАБҰЛАҚТА ТҮЙІНДІ МӘСЕЛЕНІҢ ШЕШІМІ ТАБЫЛУДА

Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі Камилжан Абдилахатов ауылдық округінде жыл басынан бері атқарылып жатқан жұмыстардың барысын баяндады. Сөзіне қарағанда, түйінді мәселенің шешімі табылуда. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне заңсыз құрылыстарды жүргізген азаматтардың тұрғын үйлері мен жер учаскелері заңдастырылып, биылғы жылы құжаттары рәсімделіп, иелеріне табысталуда. Келесі кезекте тұрғындарды табиғи газбен, ауыз су және электр жүйелерімен тұрақты қамтамасыз етуге, сондай-ақ ішкі ...

Толығырақ »

САЙРАМ: ЖІБЕК ЖОЛЫ АУЫЛ ОКРУГІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Барлық ауыл округі әкімдігі тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттері туралы ауыл әкімі мен қызметкерлері аудан басшысының қабылдауында болып жатыр. Негізінен бюджеттің тиімді жоспарлануы мен өзекті мәселелердің шешілу мәселесіне баса назар аударып жатқан аудан әкімі Арман Сәбитов кезекті Жібек жолы ауыл округіндегі маңызды мәселелерге тоқталып, бірқатар тапсырмалар жүктеді. Әсіресе, «Ауыл аманаты» жобасы аясында жеңілдетілген несие беру бойынша округтегі жұмыстың ...

Толығырақ »

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ауылды дамыту ЭКОБЕЛСЕНДІ ӘРЕКЕТІ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасы негізінде «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес 2030 жылға қарай қалдықтарды қайта өңдеу үлесі 40%-ға, 2050 жылға қарай 50% -ға дейін жеткізілуі тиіс. Осыған байланысты өңірлердің басшыларына шағын және орта бизнес субъектілерін кеңінен тарта отырып, тұрмыстық қатты қалдықтарды заман талабына сай қайта өңдеу шараларын қабылдауды міндеттеді. Ал біздің ауданда тұрмыстық қалдықтарды азық-түлікке айырбастауға болады. Ауданның эко-белсенділері ...

Толығырақ »

Қазығұрт әкімі азаматтармен жеке қабылдау өткізді

Қазығұрт ауданының әкімі Исмаилов Азизхан Әзімханұлы Қазығұрт, Жаңабазар және Қ.Әбдәлиев ауыл округтерінен келген бірқатар азаматтармен жеке қабылдау өткізді. Жеке қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім, мекеме басшылары, тиісті ауыл округ әкімдері қатысты. Әкімнің қабылдауында болған азаматтар ауыз су, жол жөндеу, көше жарықтары, материалдық көмек алу, оқу ісі мәселелері төңірегінде сұрақтар қойып, өтініштерін айтты. Аудан басшысы тұрғындарды мұқият тыңдап, қойылған сұрақтарға ...

Толығырақ »

Шымкентте 5 мыңнан астам адам субсидияланатын жұмыс орындарына орналасты

Шымкент қаласында 5 мыңнан астам адам субсидияланатын жұмыс орындарына орналасты, деп хабарлайды didarbek.kz. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді Жұмыс берушілер қала тұрғындарын «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» және «Күміс жас» жобалары шеңберінде субсидияланатын жұмыс орындарына, әлеуметтік және қоғамдық жұмыстарға қабылдайды. Жұмысшылардың еңбек ақысы бағдарлама талаптарына қарай мемлекет есебінен толығымен немесе ішінара төленеді. Қалалық жұмыспен қамту ...

Толығырақ »

Шымкент: Үш жылда 12 ірі кәсіпорын іске қосылды

Шымкент қаласында үш жылдың ішінде 12 ірі кәсіпорын іске қосылды, деп хабарлайды didarbek.kz. Шымкент еліміздің үшінші мегаорталығы ретінде халық санының демографиялық өсуі жағынан, инвестициялық динамикалық көрсеткіштері жағынан да белсенді дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласының аумағында отандық өнім өрісі кеңейіп, құрылыс, түсті металлургия, фармакология, кондитерлік салаларда кәсіпорындар саны артып, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту қарқын алды. Сонымен Шымкент қаласында соңғы 3 ...

Толығырақ »

Шымкентте үш жылда 150-ге жуық спорт нысаны салынған

Шымкент қаласында үш жылда 144 спорт нысаны салынған, деп хабарлайды didarbek.kz. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті. Бұқаралық спорт халық арасында жаппай белең алу үшін қажетті спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу керектігі белгілі. Қазіргі уақытта қала бойынша спорттық нысандар саны 1077-ге жетіп, 2021 жылмен салыстырғанда 144 спорт нысанға артқан. 2021 жылы қала аумағындағы тұрғын алаптар мен шағын аудандарда ...

Толығырақ »

Шымкентте құлпынай өсіруге бағытталған жобалар қолға алынады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Жолдауында кәсіпкерлік саланы дамыту мен бизнес идеяларды қолдау шараларымен бірге мемлекет бизнеске көмек көрсету бағдарламаларын жалғастыра беретінін айтқан болатын. Бұл бағытта қаланың индустриалдық аймақтарында жүйелі жұмыстар жасалуда. Соңғы жылдары Шымкент қаласында жылыжай шаруашылығына қызығушылық артып келеді, деп хабарлайды didarbek.kz. Қазіргі таңда қала аумағында 209 гектар жылыжай кешені бар, оның 71 гектары өнеркәсіптік жылыжайларға тиесілі. Аталған ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ЕЛІМІЗДЕ СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН ПЕРУ ЛАЛАГҮЛІ ҚАЗЫҒҰРТТА ЖАЙҚАЛЫП ТҰР

Қазығұрт ауданындағы Тұрбат ауылын гүл өсірушілердің Қазақстандағы кіші Отаны десе де болады. Осы ауылдың тұрғыны Жәмила Ырысова отбасымен бірге Перу лалагүлі – альстромерияны Тұрбатқа жерсіндіріп үлгерген. Ерекше күтімді қажет ететін альстромерияны өсіру, күтіп-баптау оңай шаруа емес. Алты жыл бұрын үйіргелік 6 сотықтан басталған бағбандық кәсіп бүгінде миллиондаған теңге табыс әкелетін бизнеске айналды. Отағасы Әбсадыр да жарына көмектесіп, бақтың топырағын қопсытып, ...

Толығырақ »

Шымкент: Су айдындарынан бактериологиялық зерттеуге сынама алынды

Шымкент қаласындағы су айдындарынан бактериологиялық зерттеуге сынама алынды, деп хабарлайды didarbek.kz. Бұл туралы Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ахметов Алдарқұл Райымқұлұлы брифинг барысында мәлімдеді. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі жазғы кезеңде қала аумағындағы шомылу және демалу орындардағы жүзу бассейндері мен ашық су қоймалары суының сапасына және орталықтанған су құбырынан алынатын жүзу бассейндерінен зертханалық зерттеулерге сынама алумен мониторинг жүргізеді. Осы ретте ...

Толығырақ »

Шымкентте 350 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылды

Шымкент қаласында 350 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылып, сызылды, деп хабарлайды didarbek.kz. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті. Қауіпсіз жол қозғалысын ұйымдастыру мақсатында көшелерде жол таңбаларын жаңарту, бағдаршам, жол белгілері мен жасанды жол кедергілерін орнату, жаяу жүргіншілер өткелдері мен оң жақ өткелдер салу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жыл басынан бері белгіленген аумақтарға 1079 жол белгісі орнатылып, 220-сы жаңаланды, ...

Толығырақ »

Шымкент: 50 мекеме квота бойынша мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа қабылдайды

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Біз «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз. Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады. Қоғам игілігіне арналған қызмет деңгейі жоғары болуына кепілдік береді. Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетеміз. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да көмектесеміз, деп айтқан болатын. Шымкент қаласында 50 мекеме квота бойынша ...

Толығырақ »

Шымкентте тағы бес индустриалды аймақ ашу жұмыстары қолға алынды

Шымкент қаласының индустриалды аймақтары өнеркәсіп саласының дамуына серпін беруде, деп хабарлайды didarbek.kz. Қазіргі таңда бес өндірістік аймақта 13 мыңнан астам жаңа жұмыс орны мен 337 кәсіпорын ашылған. Қолданыстағы өндірістік аймақтардың толымдылығы 90 пайызды құрап, қажеттілікке қарай тағы 5 индустриалды аймақ ашу жұмыстары қолға алынды. Нәтижесінде 400 миллиард теңгеге 284 кәсіпорын өз жұмысын бастап, 12 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылмақ. Қазір ...

Толығырақ »

Шымкентте «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдау басталды

Бүгін Шымкент қаласында «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша жалпы саны 116 пәтерге өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды didarbek.kz. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті. Конкурсқа өтініштерді қабылдау мерзімі 22.06.2023 жылдан бастап 18.07.2023 жыл аралығында жүргізіледі. Аталған конкурсқа 2022 жылы «Бақытты отбасы» бағдарламасының конкурсына қатысып, негізгі тізіміне кірмеген, осы бағдарлама бойынша өте алмаған, яғни өткен жылдың резервтік тізімінде қалған ...

Толығырақ »

Шымкентте қараусыз қалған қарттар мемлекет қамқорлығына алынды

Қараусыз қалған қарияларды мемлекеттің қамқорлығына алу мақсатында Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты алғашқы қарттар үйі жұмысын бастады, деп хабарлайды didarbek.kz. Қала аумағында орналасқан қарттар үйі кезінде Түркістан облысының балансында қалған болатын. Жаңадан ашылған №10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан қазіргі таңда 30-ға жуық қария, оның ішінде ерекше күтімді қажет ететін 5 мүгедектігі бар қарт пана тапқан. ...

Толығырақ »

Шымкент: Тұранда кезекті спорт алаңшасы пайдалануға берілді

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің елдімекендердің инфрақұрылымы және баршаға қолжетімді спортты дамыту туралы тапсырмасына сәйкес, Қаратау ауданы аумағы кезекті жаңа спорт алаңшасымен толықты, деп хабарлайды didarbek.kz. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті. Аудан аумағына қарасты Тұран шағын ауданындағы Алатау батыр көшесіне ашық спорт алаңшасының құрылыс жұмыстары аяқталып, таяуда тұрғындар игілігіне пайдалануға тапсырылды. Спорт – елімізде денсаулығы мықты, ...

Толығырақ »

Шымкентте биыл 300-ге жуық көшеге орташа жөндеу жүргізіледі

Шымкентте биыл жалпы жол жабындысы жағдайын жақсарту мақсатында 300-ге жуық көше орташа жөндеуден өтеді, деп хабарлайды didarbek.kz. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Құрылыс жұмыстары 202,6 шақырымға жүргізіледі. Қазір қала аумағындағы 26 көшеге асфальт төселуде. Асфальттеу жұмыстары Агропром шағынауданындағы Алтынтөбе, Құрсай шағынауданындағы Бекболатов және №1,2,3,4,5,6 көшелерде, Айнатас тұрғын алабында Шоқтас және Боғылысай, Асар-2 шағынауданында Күншоғыр және №1,2,3 көшелерде, ...

Толығырақ »

Шымкент: №4 емхана жанынан амбулаториялық хирургияның күндізгі стационар бөлімі ашылды

Шымкенттегі №4 емхана дәрігерлері хирургиялық оталарды енді өздері жасайды, деп хабарлайды didarbek.kz. Бұл үшін емхана жанынан амбулаториялық хирургияның күндізгі стационар бөлімі ашылды. Бір ерекшелігі №4 емхана жанынан ашылған бұл хирургиялық күндізгі стационарда амбулаториялық деңгейдегі 60-қа жуық отаның түрі жасалады. Мұнда дәрігерлер қаладағы өзге де емханадағы пациенттерді портал бойынша қабылдап, хирургиялық көмек көрсетуге мүмкіндігі бар. Күндізгі хирургиялық бөлімшені ашудағы басты мақсат ...

Толығырақ »

Шымкент: Тұран ауданында ойын алаңшасы пайдалануға берілді

Шымкент қалалық Тұран ауданына қарасты Мангельдин көшесінің №40 тұрғын үй ауласында балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді, деп хабарлайды didarbek.kz. Қала күніне орай, ұйымдастырылған іс-шара аудан тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады. Алаңшаның құрылысы маусым айының басында басталып, 15 күннің ішінде аяқталды. Тұран ауданында биыл 13 балалар ойын алаңшасының құрылысы аяқталып, тұрғындар игілігіне берілмек. 2023 жылы “Халық қатысатын бюджет” жобасы аясында Шымкент қаласы ...

Толығырақ »

САЙРАМ: АУДАН ӘКІМІ ЖІБЕК ЖОЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІН ЗЕРДЕЛЕУДІ ТАПСЫРДЫ

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов Жібек жолы ауылдық округінде болып, өзекті болып отырған ауыз су мәселесімен танысты. Аралауға аудан әкімінің орынбасары Б.Хасанов, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Б.Бейсембаев, «Сайрам тазалық» ЖШС-нің директоры Қ.Бегалиев, ауылдық округінің әкімі А.Тұраров, ауыл билері және тұрғындары қатысты. Ауыз су жүйесіне бөлім мен қызмет көрсетіп отырған «Сайрам тазалық» ЖШС-і тарапынан ...

Толығырақ »

САЙРАМ: АУДАН ӘКІМІ МАНКЕНТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІН АРАЛАДЫ

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитұлы Манкент ауылдық округін аралады. Аралау барысында Алма-ата және Бірлік көшелерінде орналасқан су ұңғымаларының жағдайы, аудандық маңызы бар КХ-40 «Ақсу-Манкент-Жібек жолы» автомобиль жолына жүргізіліп отырған күрделі жөндеу жұмыстары, сонымен қатар «Қайрағаш» атындағы бастауыш мектебінің ғимаратын аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің балансына өткізу мәселелерімен танысты. Ауылдық округінің әкімі А.Сайтмуратов жаз айында жергілікті тұрғындардың ...

Толығырақ »

САЙРАМ: АУДАН ӘКІМІ АҚБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ЖЕРГЕ ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЫҢДАДЫ

Сайрам ауданының әкімі А.Сәбитов Ақбұлақ ауылдық округінде болды. Аралау барысында ауылдық округінің әкімі М.Оразбаев нысандардағы атқарылып жатқан жұмыстар мен өзекті мәселесін таныстырды. Алдымен, спорт ғимаратын салу бойынша ұсынысын жеткізді. Айтуынша, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу мақсатында жұмыс істеп тұрған цехтың жалпы көлемі 0,80 га жер учаскесі «Стамбеков және с» өндірістік кооперативі жеке меншік құқығымен сатып берілген. Аталған цехтың жер учаскесінің құжатын ...

Толығырақ »