Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ: ҚАРАБҰЛАҚТА ТҮЙІНДІ МӘСЕЛЕНІҢ ШЕШІМІ ТАБЫЛУДА

САЙРАМ: ҚАРАБҰЛАҚТА ТҮЙІНДІ МӘСЕЛЕНІҢ ШЕШІМІ ТАБЫЛУДА

Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі Камилжан Абдилахатов ауылдық округінде жыл басынан бері атқарылып жатқан жұмыстардың барысын баяндады. Сөзіне қарағанда, түйінді мәселенің шешімі табылуда. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне заңсыз құрылыстарды жүргізген азаматтардың тұрғын үйлері мен жер учаскелері заңдастырылып, биылғы жылы құжаттары рәсімделіп, иелеріне табысталуда.
Келесі кезекте тұрғындарды табиғи газбен, ауыз су және электр жүйелерімен тұрақты қамтамасыз етуге, сондай-ақ ішкі көшелердің жолдарын жөндеуден өткізуге бюджеттен қаржы қарастыруға ықпал етуін сұранды.
Аудан әкімі Арман Сәбитов сала басшыларымен өзекті мәселелерді қарап, тиісті тапсырмаларды орындауға жүктеді.
Атап айтқанда, аудан әкімі аппаратына кейбір тапсырмалардың орындалуына байланысты бақылаудан алу мәселесі ескертілді.
Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Бахром Моминжановқа барлық ауылдық округінің кіреберістерінде орнатылған ауыл белгілерін біркелкі болуы және абаттандыру үшін эскиздік жобаларын дайындап, ұсыну бойынша тапсырма берді. Сонымен қатар, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының басшысы Баймурза Бейсембаевқа ауыз су құрылыстарының жобалары мемлекеттік сараптамадан қысқа мерзімде өтуіне әрекет жасауды тапсырды.
Ал, ауылдық округінің әкіміне ауылдық мәдениет үйін жөндеуден өткізу үшін жобалық сметалық құжаттарын әзірлеу, қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру мақсатында жергілікті халыққа түсіндіру жұмыстарын жалғастырудың қажеттілігін жеткізді.

Пікір жазу