Сайрам ауданының әкімі А.Сәбитов Ақбұлақ ауылдық округінде болды. Аралау барысында ауылдық округінің әкімі М.Оразбаев нысандардағы атқарылып жатқан жұмыстар мен өзекті мәселесін таныстырды.
Алдымен, спорт ғимаратын салу бойынша ұсынысын жеткізді. Айтуынша, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу мақсатында жұмыс істеп тұрған цехтың жалпы көлемі 0,80 га жер учаскесі «Стамбеков және с» өндірістік кооперативі жеке меншік құқығымен сатып берілген. Аталған цехтың жер учаскесінің құжатын рәсімдеп, 2006 жылы сатылған. 2021 жылы сату-сатып алу келісімшарты негізінде У.Султановтың жеке меншігіне өткен. Мемлекеттен қаржы қаралып, мемлекет мұқтажы үшін сатып алуға жер учаскесінің иесі келісімін берді. Бүгінгі таңда осы жердің 0,24 гектарын мемлекеттің меншігіне қайтарылған. 0,62 гектар жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтарған жағдайда алдағы уақытта спорт кешенін салу жоспарымен бөлісті.
Мұнан кейін, Мәткерім көшесінде құжатсыз салынған 33 жеке тұрғын үйлердің құжаттарын заңдастыру барысын түсіндірді. Жеке тұрғын үйлер орналасқан жер учаскесі аудан әкімдігінің тиісті қаулысымен 2,5 гектар нысаналы мақсаты жайылымдық жер учаскесі басқа азаматқа берілген. Аталған жер учаскесі аудан әкімінің қаулысымен ауданның арнайы жер қорының құрамына жайылымдық жер телімі ретінде енгізілген.
Сонымен қатар, 4,20 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер ретінде шаруа қожалыққа жеке кәсіпкер иеленуіне байланысты, жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару бойынша сотқа аудан әкімдігі тарапынан талап арыз беріліп, сотта қаралуда. Аталған жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылған жағдайда, құжатсыз салынған үйлерді сот арқылы меншік құқығын тануға және спорт алаңшасын салу мүмкіншілігі болады.
Келесі кезекте «Жайлы мектеп» мәселесі талқыланды. Ұлттық жобасы аясында мектеп құрылысын жүргізу үшін Ә.Тәшімов көшесі бойынан 2,4 гектар жер телімі қарастырылып, шешім шығарылған. Бүгінгі таңда мемлекеттік акт алынып, мектеп салынатын жер телімінің астынан өткен газ құбырын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан ауыз су, электр жарығы, табиғи газ және байланыс желісімен қамту бойынша техникалық шарттары әзірленуде.
Жер қойнауын пайдаланушылар жергілікті тұрғындарының арызы бойынша «Ниетім-Н» ЖШС-і түзген келісімшартының пайдалы қазбаларды өндіру аумақтарын зерделеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық жауапты мекемелер тарапынан жұмыс тобы құрылды. Аталған нысан өз жұмысын 2015 жылы бастаған. Жұмысшы топ құрамымен зерделеу жұмыстары жүргізіліп, шекарасы анықталып, құжаттары заң талаптарына сәйкес рәсімделгені анықталған. Алайда, 20-25 метр тереңдікте қазылғандығына байланысты арнайы маманның қызметі арқылы алдағы уақытта зерделеу жұмыстары жоспарлануда.
Жерге қатысты мәселелер тыңдалған соң, аудан әкімі ауыл әкімі және аудандық жер қатынастары бөліміне жер мәселесін бақылауға алуды тапсырды.