Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазығұрт » Қазығұрт әкімі азаматтармен жеке қабылдау өткізді

Қазығұрт әкімі азаматтармен жеке қабылдау өткізді

Қазығұрт ауданының әкімі Исмаилов Азизхан Әзімханұлы Қазығұрт, Жаңабазар және Қ.Әбдәлиев ауыл округтерінен келген бірқатар азаматтармен жеке қабылдау өткізді. Жеке қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім, мекеме басшылары, тиісті ауыл округ әкімдері қатысты. Әкімнің қабылдауында болған азаматтар ауыз су, жол жөндеу, көше жарықтары, материалдық көмек алу, оқу ісі мәселелері төңірегінде сұрақтар қойып, өтініштерін айтты. Аудан басшысы тұрғындарды мұқият тыңдап, қойылған сұрақтарға толыққанды әрі нақты жауап қатып, ауыл әкімдері мен бөлім басшыларына заң аясында шешімін табуды тапсырды.
Соынмен бірге, Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаиловтың жұмыс жоспарына сай бүгін аудан әкімі ғимаратында әкімдік мәжілісі өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат қызметкерлері, ауыл округі әкімдері, бөлім басшылары мен тиісті мекеме басшылары қатысты. Күн тәртібінде төрт мәселе талқыланды:
1. Облыс әкімінің алдында есеп беру кезінде берілген тапсырмалардың орындауы туралы;
2. 5 айдың қорытындысымен даму көрсеткіштердің орындалуы және 6 айдың болжамы, 19 маусымға қаржының игерілуі және 1 шілдеге болжамы;
3. Аудан көлемінде көгалдандыру, тазалық жұмыстары мен коммерциялық, жеке тұрғын үйлердің, мәдениет нысандарының қас беттері мен көше бойындағы банерлардің жағдайы туралы;
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті қызметкерлер баяндамалар жасады. Көтеріліп отырған тақырыптар жан-жақты талқыланып, аудан әкімі тарапынан тиісті тапсырмалар берілді.

Пікір жазу