Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » Шымкент: Су айдындарынан бактериологиялық зерттеуге сынама алынды

Шымкент: Су айдындарынан бактериологиялық зерттеуге сынама алынды

Шымкент қаласындағы су айдындарынан бактериологиялық зерттеуге сынама алынды, деп хабарлайды didarbek.kz.

Бұл туралы Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ахметов Алдарқұл Райымқұлұлы брифинг барысында мәлімдеді. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі жазғы кезеңде қала аумағындағы шомылу және демалу орындардағы жүзу бассейндері мен ашық су қоймалары суының сапасына және орталықтанған су құбырынан алынатын жүзу бассейндерінен зертханалық зерттеулерге сынама алумен мониторинг жүргізеді. Осы ретте маусымдық шомылу кезеңінің басталуына байланысты түрлі инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатында мониторинг бойынша осы жылдың маусым айында су айдындарындағы судың сапасына бактериологиялық зерттеулер жүргізу үшін 13 сынама, санитариялық-химиялық зерттеулер үшін 9 сынама, тырысқақ ауруына 84 су сынамасы алынды. Сынама алынған орындардың барлығы санитариялық нормаларға сай келеді.

Айта кетейік, Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті демалу орындарының әкімшілігі тарапынан өндірістік зертханалық бақылауды қамтамасыз ету бойынша қажетті жұмыстар жүргізілуі тиістігін ескертеді. Өндірістік зертханалық бақылау тәртібі бойынша жүргізілген талдау нәтижелері қанағаттанарлықсыз болған жағдайда ақпарат 24 сағат ішінде міндетті түрде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне жіберіледі. Бұл жағдайда бассейн жабылып, бассейннің қалыбы шайылып дезинфекцияланады. Сондай-ақ, күрделі жинау, қажет болған жағдайда қосымша микробиологиялық және паразитологиялық зерттеулер жүргізіледі. Еске сала кетейік, Шымкент қаласы аумағында 18-ден аса шомылу орындары бар, оның ішінде 8-і жазғы демалыс ұйымдары.

Пікір жазу