Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 27.08.2026

ШЫМКЕНТТЕ 40 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРДІҢ КІЛТІНЕ ИЕ БОЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қаланы аралау барысында бірқатар әлеуметтік және білім беру нысандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Аралау аясында қала әкімі 40 отбасыға жаңа пәтердің кілтін табыстады. Азаматтарға берілген баспаналар кейіннен жекеменшікке рәсімдеу мүмкіндігі қарастырылған жалға беру тетігі арқылы ұсынылды. Пәтерлер ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, толық емес отбасыларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, ...

Толығырақ »

ӨНЕРКӘСІПТІҢ ДАМУЫ: ШЫМКЕНТТЕ ӨНДІРІС КӨЛЕМІ 969 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТЫ

2026 жылдың қаңтар-шілде айларында Шымкент қаласының кәсіпорындары 969,5 млрд теңгенің өнімін өндірді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,7%-ға жоғары. Қаланың өнеркәсіп құрылымындағы негізгі үлес (86,8%) өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Есепті кезеңде бұл салада 847,2 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 109,5%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларында тұрақты өсім қалыптасты. Атап айтқанда, сусын өндіру көлемі – 2,9 есеге, өзге де ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

Шымкент қаласында қоршаған ортаны қорғау, су нысандарын абаттандыру және қалдықтарды тиімді басқару бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифинг барысында Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Әбілқайыр Бақытқалиұлы мәлімдеді. Қала аумағы арқылы ұзындығы 20,1 шақырым болатын Қошқар ата өзені ағып өтеді. Қазіргі таңда өзен жағалауын кезең-кезеңімен абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Елтай тұрғын алабында ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласында қолайлы қалалық ортаны қалыптастыру, экологиялық ахуалды жақсарту және шаһардың сәулеттік келбетін көркейту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифинг барысында айтылды. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қала аумағын көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінуде. Биыл магистралдық көшелерге 1,6 млн біржылдық қызғалдақ және 1,6 млн көпжылдық гүл отырғызылды. Сонымен қатар, жалпы аумағы 48 ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ АУЫЗ СУ ҚАПТАМАСЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ ОРНАЛАСТЫРЫЛУДА

Шымкент қаласы әкімінің бастамасымен жергілікті кәсіпорындар өндіретін ауыз су ыдыстарында профилактикалық ақпарат орналастыруға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жоба жүзеге асырылуда. Жобаға «F&B Int.» ЖШС және «Aqua Rossa» ЖШС қосылды. Олардың өнімдерінің жапсырмаларында «Назар аударыңыз – жолда балалар!», «Ашық терезе – балаларға қауіпті!», «Ата-аналар, балаларыңызды қорғаңыздар!», «Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар!» және «Жабдықталмаған жерлерде суға түспеңіздер!» деген ескертулер орналастырылған. Ауыз су қаптамасын әлеуметтік ...

Толығырақ »