Шымкентте жыл басынан бері тұрғын үй кезегінде тұрған 3 474 отбасы қоныс тойын тойлады. Көпшілік үшін көптен күткен баспанаға көшу – баспана жағдайын жақсартуға, тұрмысын реттеуге және өмірдің жаңа кезеңін бастауға мүмкіндік берді.
2 099 отбасы кредиттік үйге ие болса, 1 375 отбасы жалға берілетін пәтерлерге қоныстанды. Көп қабатты жаңа үйлер қаланың инфрақұрылымы белсенді дамып жатқан аудандарында бой көтеруде.
Тұрғын алаптармен қатар қажет инфрақұрылым қалыптастырылып, инженерлік желілер мен жолдар тартылуда. Сондай-ақ, әлеуметтік және күнделікті қажет басқа да нысандардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге жағдай жасалуда.
Жаңа тұрғын үйлердің пайдалануға берілуі қаладағы баспана қорын толықтырып қана қоймай, тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Әсіресе әлеуметтік осал санаттағы азаматтар үшін тұрғын үй мәселесін шешудің маңызы зор.
Құрылыс жұмыстары жүргізілетін аумақтарда тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға басымдық берілуде. Үйлермен қатар инженерлік инфрақұрылымның дамуы жаңа шағынаудандардың толыққанды қалыптасуына жағдай жасайды.
Тұрғын үй бағдарламалары азаматтарға баспана жағдайын жақсартудың түрлі мүмкіндіктерін ұсынып, өз үйіне қол жеткізуіне жол ашып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрғындардың қажеттілігін ескере отырып жүзеге асырылуда.
Жаңа пәтерлер тұрғындардың баспана жағдайын жақсартып, отбасыларға тұрақты әрі жайлы өмір сүруге мүмкіндік беріп отыр. Бұл өз кезегінде азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын арттырып, қалада қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.
Алдағы уақытта да Шымкентте тұрғын үй құрылысының көлемін арттыру, жаңа жобаларды іске асыру және баспана кезегінде тұрған азаматтарды пәтермен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде жалғасады.
Айта кетейік, жыл соңына дейін тағы 3 912 отбасына пәтер кілтін табыстау жоспарланып отыр. Оның ішінде 2 469 пәтер – кредиттік бағыт бойынша, ал 1 443 пәтерді жалға алу жолымен тапсыру қарастырылған.
Жалпы, биыл Шымкентте 7 386 пәтер беру жоспарланған. Оның 4 568-і – кредиттік бағытқа, 2 818-і жалға берілетін үйлерге тиесілі.
Тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету жұмысы жалғаса береді, Алдағы уақытта нысандардың дайын болуына және тиісті рәсімдердің аяқталуына қарай пәтерлер баспана кезегінде тұрған азаматтарға кезең-кезеңімен табысталады.
Фото — көрнекілік үшін.