Шымкент қаласы әкімінің бастамасымен жергілікті кәсіпорындар өндіретін ауыз су ыдыстарында профилактикалық ақпарат орналастыруға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жоба жүзеге асырылуда.
Жобаға «F&B Int.» ЖШС және «Aqua Rossa» ЖШС қосылды. Олардың өнімдерінің жапсырмаларында «Назар аударыңыз – жолда балалар!», «Ашық терезе – балаларға қауіпті!», «Ата-аналар, балаларыңызды қорғаңыздар!», «Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар!» және «Жабдықталмаған жерлерде суға түспеңіздер!» деген ескертулер орналастырылған.
Ауыз су қаптамасын әлеуметтік ақпарат тарату алаңы ретінде пайдалану маңызды осындай маңызды үндеулерді қала тұрғындары мен қонақтарына жеткізуге мүмкіндік береді. Мұндай ескертулер кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне назар аудартып, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін оқиғалардың алдын алуға бағытталған.
Жобада балалар үшін ең өзекті қауіп-қатерлерге ерекше мән берілген: жол қауіпсіздігі, терезеден құлаудың алдын алу, су айдындарындағы қауіпсіздік және ересектердің тұрақты бақылауының маңыздылығы.
Жергілікті өндірушілердің бұл бастамаға қатысуы бизнестің әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге нақты үлес қоса алатынын көрсетеді. Мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлердің өзара іс-қимылы профилактикалық ақпараттың қамту аясын кеңейтіп, өскелең ұрпақтың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Су бөтелкелерінің ауыз жапсырмаларына әлеуметтік хабарламалар орналастыру арқылы ақпаратты күнделікті тұрмыста жиі кездесетін форматта ұсынуға мүмкіндік береді. Тұрғындар өнімді сатып алу және пайдалану барысында қауіпсіздікке қатысты ескертулерге назар аударып, балалардың жүріп-тұруына, терезе маңындағы қауіпсіздігіне және судағы тәртіпке мұқият болуға қосымша себеп алады.
Әсіресе балалардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігіне қатысты ескертулердің маңызы жоғары. Демалыс уақытында кәмелетке толмағандар бос уақытын көшеде, аулада және су айдындарына жақын аумақтарда көбірек өткізетіндіктен, ата-аналардың алдын ала сақтық шараларын қабылдауы және баланың қайда жүргенін бақылауы маңызды.
Мұндай әлеуметтік жобалар қауіпсіздік мәселесін тек арнайы кездесулер мен түсіндіру жұмыстары кезінде ғана емес, халықтың күнделікті тұтынатын өнімдері арқылы да тұрақты түрде еске салуға жол ашады.
Айта кетейік, әлеуметтік ақпарат орналастырылған өнімдер бүгінде қаладағы сауда орындарында сатылымға шығарылған.
Фото — ЖИ көмегімен өңделді.