Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Тұрғындар арасында профилактикалық рейд

Тұрғындар арасында профилактикалық рейд

Шымкентте 28 қазаннан бастап мемлекеттік өрт қадағалау инспекторлары тұрғындар арасында жылыту маусымындағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру бойынша ақпараттық-насихаттау науқанын жандандырды. Сонымен, Еңбеші ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлері Көксай шағын ауданында кешенді алдын алу жұмыстарын жүргізді. Бұл ауданда ең осал әлеуметтік топтар бар: жалғыз басты қарт азаматтар және көп балалы отбасылар.


Суық түскеннен бастап адамдар өз үйлерінде жылуды қолдауға ұмтыла отырып, жылыту пештерін, электр жылыту аспаптарын, газ плиталарын және пештерді пайдаланады, олар жанулар мен жарылыстарға себеп болады. Шағын аудан тұрғындарына өрт қауіпсіздігі шаралары және алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану туралы дауысзорайтқыш арқылы айтылды. Сондай-ақ, жеке меншік үй иелеріне электр желісінің шамадан тыс жүктелуі қысқа тұйықталу мен жануға әкеліп соқтыратынын, ал үйлерде газ жабдығын орнату мен жөндеу жұмыстарын білікті мамандар ғана жүргізулері тиіс екендігін еске салды.


Сонымен қатар, Еңбекші ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлері қайырымдылық акциясын өткізіп, көп балалы отбасылардағы пештердің түтіндіктерін тегін тазалап, газдабылқаққыштарын орнатты. Шара соңында ересектер мен балаларға жадынамалар таратылды. Ақпараттық сүйемелдеуді «Оңтүстік»облыстық телеарнасы қамтамасыз етті.

Шымкент қ. ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

Пікір жазу