Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » «HR-PROCESS» — ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ

«HR-PROCESS» — ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ

Шымкентте алғаш рет педагогтар мен білім ұйымдарының қызметкерлерін жұмысқа қабылдау бойынша «HR-Process» жүйесі енгізілді. Яғни, білім саласының кадрларын іріктеудің автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі.
«HR-Process» жүйесі педогогикалық бос орынға өтініш беру және өңдеу барысын автоматтандыруға, үміткерлер мен бос орындардың деректер қорын құруға, сонымен қатар, заманауи ақпараттық технологияларды қолдану негізінде педагогикалық құрамды іріктеу процесінің тиімділігін арттыруға арналған.

Педагогикалық құрамды іріктеуді автоматтандырудың мақсаты мен артықшылығы үміткерді таңдауда меритократия, жариялық және айқындық қағидаларын сақтауды назарға алады.
Жүйе конкурстық әдіске негізделеді. Педагогикалық қызметке үздік кадрларды іріктеп алуға мүмкіндік береді. Жемқорлықтың алдын алады.

Арнайы комиссия құрамына білім ұйымының директоры, пән мұғалімдері, психолог кіреді. Әлеуметтік желілерде конкурстық комиссия отырысының онлайн трансляциясы жүргізіледі.
Конкурстың барлық нәтижелері сайтта ашық, қолжетімді шығарылады. Кадрларды іріктеудің ашық және объективті жүйесі – білім саласына үздік мамандарды тартудың кепілі.
Айта кетсек, жаңа жүйеге 1 тамыздан бастап 137 мектеп, 88 балабақша қосылды. Сондай-ақ, 51 бос орын жарияланып, 33 өтініш берілді.
Шымкент қаласы білім мекемелерінің барлық бос орындары www.hr-process.kz. сайтында.

 

Пікір жазу