«Өмірім, сірә да, әріден басталған,
Әріден басталып, мәңгіге тасталған…»
Ғажайып ақындардың бірі – Мұқағали Мақатаев кішкентай бала кезінен бастап қаншама қиыншылық көрсе де, мойымай өлең – жырға әуес болған. Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды.
Поэзия әлемінде өз ойын көркемдікпен, асқан шеберлікпен жеткізе білу әрбір ақынға беріле бермейтін қасиет. Сондай таланттардың бірі, поэзия әлемінің асқар шыңы – Мұқағали Мақатаев.
Биыл ақиқық ақынның дүниеге келгеніне 90 жыл толып отыр. Осыған орай, ақынның мерейтойы аясында Төлеби аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты Сарқырама ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Жыр жүйрігі – Мұқағали!» атты әдеби – сазды кеш өтті.
Шара барысында ақынның өміріне, шығармашылығына шолу ретінде баяндама жасалып, ауыл өнерпаздары жыр жолдары мен әсем әндерін көрермен назарына тарту етті.
@DIDARBEK.KZ