Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТ ПЕН АСТАНА АРАСЫНДАҒЫ ӘУЕ ҚАТЫНАСЫ КЕҢЕЙЕДІ

ШЫМКЕНТ ПЕН АСТАНА АРАСЫНДАҒЫ ӘУЕ ҚАТЫНАСЫ КЕҢЕЙЕДІ

2026 жылғы 12 маусымнан бастап «Air Astana» әуе компаниясы Астана – Шымкент және Шымкент – Астана бағыттары бойынша тұрақты рейстерді іске қосады. Ұшақтар аптасына үш рет – жұма, сенбі және жексенбі күндері қатынайды.

Жаңа бағыттың ашылуы мегаполистің көлік қатысаны саласындағы мүмкіндіктерін кеңейтіп, қала тұрғындары мен қонақтарына әуе тасымалының қолжетімділігін арттырудағы маңызды қадам болмақ. Қалалар арасындағы қатынас желісінің дамуы іскерлік, туристік және өңіраралық байланыстарды нығайтып, тұрғындардың мобильділігін арттыруға қосымша мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы елімізде көлік инфрақұрылымын дамытуға, өңірлер арасындағы байланысты күшейтуге және заманауи логистикалық жүйе қалыптастыруға ерекше назар аударып келеді. Әуе қатынасын кеңейту мен көлік қолжетімділігін арттыру – осы бағыттағы маңызды жұмыстың бірі.

Бүгінде Шымкент қаласы тұрақты дамып, еліміздің ірі экономикалық әрі іскерлік орталықтарының бірі ретіндегі орнын нығайтып келеді. Осыған байланысты көлік инфрақұрылымын кеңейту және авиациялық қатынасты дамыту айрықша маңызға ие.

Жаңа әуе бағыт Шымкенттің еліміздің ірі көлік, экономикалық және инвестициялық орталығы ретіндегі мәртебесін одан әрі нығайта түседі.

Жаңа рейстердің іске қосылуы жолаушылар үшін сапарларды жоспарлауды анағұрлым ыңғайлы етеді. Ұшу жиілігінің артуы тұрғындардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік беріп, елорда мен мегаполис арасындағы қатынасты одан әрі жандандырады.

Әуе қатынасының кеңеюі кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін де қолайлы жағдай қалыптастырады. Іскерлік сапарлардың қолжетімді болуы өңіраралық экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, жаңа серіктестік байланыстар орнатуға және инвестициялық белсенділікті арттыруға ықпал етеді.

Сонымен қатар, жаңа бағыт ішкі туризмнің дамуына оң әсерін тигізеді. Астана мен Шымкент арасындағы туристік ағынның көбеюі екі қаланың мәдени, тарихи және заманауи нысандарына қызығушылықты арттырып, қызмет көрсету саласының дамуына серпін береді.

Көлік байланысының нығаюы өңірлер арасындағы әлеуметтік және экономикалық ықпалдастықты күшейтіп, тұрғындардың сапалы әрі қолжетімді көлік қызметтерін пайдалануына жол ашады. Бұл еліміздің бірыңғай көлік жүйесін дамытуға бағытталған жұмыстардың маңызды нәтижелерінің бірі болып саналады.

 

Фото — ЖИ.

Пікір жазу