Еңбекші ауданы аумағында кезекті аралау жұмыстары жүргізіліп, инфрақұрылымдық нысандар мен көшелердің қазіргі жағдайы зерделенді.
Атап айтқанда, Қамысты көшесінде бұрын орын алған кәріз жүйесіндегі ақаудың салдарынан бұзылған жол бөлігін қалпына келтіру жұмыстары атқарылуда. Қазіргі таңда инженерлік желілер ретке келтіріліп, жол жабынын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы орта қалыптастыру мақсатында Елтай тұрғын алабында аяқжол салу жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, Елтай каналын бетондау мақсатында топырақ төсеу және жобалау жұмыстары толық аяқталып, алдағы кезеңде бетондау жұмыстары жоспарлануда.
Е. Исраилов көшесінде кешенді жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жол жабыны, аяқжолдар және көше жарықтандыру жүйелері кезең-кезеңімен жаңартылуда.
Аралау барысында атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен мерзімдері бақылауға алынып, сала мамандарына жұмыстарды жүйелеу бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
Аудан аумағындағы инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары тек негізгі көшелермен шектелмей, ішкі орамдар мен тұрғын үйлерге іргелес аумақтарды да қамтып отыр. Бұл бағытта көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыру және жолдардың ұзақ мерзімді сапасын қамтамасыз ету мақсатында қосымша техникалық бақылау шаралары күшейтілуде.
Сонымен бірге, атқарылып жатқан жұмыстар барысында мердігер ұйымдардың жауапкершілігіне ерекше назар аударылып, әрбір кезең бойынша орындалу сапасы тұрақты түрде тексерілуде. Бұл өз кезегінде жобалардың уақытылы әрі талапқа сай аяқталуына ықпал етуде.
Тұрғындар тарапынан келіп түскен ұсыныстар мен ескертулер де назарға алынып, инфрақұрылымдық шешімдерді жоспарлау кезінде ескерілуде. Қоғамдық пікірді ескеру арқылы жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігі мен ашықтығы артуда.
Алдағы уақытта аудан аумағында жол және инженерлік инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасып, бірқатар жаңа нысандар бойынша да жөндеу және абаттандыру шаралары іске асырылатын болады.