Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ (страница 157)

Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ

ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСТЫ АЛДЫН АЛУ ТИІСТІ ТАЛАПТАРҒА САЙ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бүгінде Шымкент қаласы аумағында атқарылып жатқан заңсыз құрылысты алдын алу шаралары барысын қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Нұрдәулет Құрбанбекұлы akimat_shymkent парақшасы арқылы тікелей эфирде баяндады. Орта және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысына қолайлы жағдай жасау — мемлекет міндеті. Бұл бағыттағы шаралар басқарма тарапынан барлық заң талаптары аясында атқарылуда. Сондай-ақ заңсыз құрылыспен күрес жұмыстары да күшейтіліп, құқықбұзушылықтар жойылуда. Қаладағы 14 ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БЮДЖЕТ КӨЛЕМІ МЕН САЛЫҚ КІРІСТЕРІН АРТТЫРУ ЖҰМЫСЫ КҮШЕЙЕДІ

Түркістан облысында қосымша кіріс көздерін анықтау, салықтан жалтарудың алдын алу бағытында жұмыстар күшейеді. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте осы мәселе талқыланып, алдағы жоспарлар сараланды. – Облыста салық пен бюджет түсімін арттыруға мүмкіндік бар. Полиция департаменті мен инвестицияға жауапты басқарма заңсыз жер қойнауын пайдаланушыларды зерделеп, келісімшартты орындамағандары үшін тиісті шара қолдануы қажет. Бұл тараптан да салық толық түсуі қадағалансын. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА «ТАБЫСТЫ ОТБАСЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ТҮЛЕКТЕРІНЕ КӘСІБИ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР ТАБЫСТАЛДЫ

Сарыағаш ауданында «Табысты отбасы» әлеуметтік пилоттық жобасы аясында оқуды аяқтаған 43 азаматқа өз ісін бастауға қажетті құрал-жабдықтардың сертификаттары табысталды. Іс-шараға Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, Түркістан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрашов, жобаның авторы Айжан Нұрланова, аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Динара Динашова, «Самұрық- Қазына» АҚ өкілдері қатысып, жоба түлектеріне сәттілік тіледі. – ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

Түркістан облысы Арыс қаласында ережесіз жекпе-жектен ересектер, жастар мен жасөспірімдер арасында облыс чемпионаты өтті. Шараның ұйымдастыруылына облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық жауынгерлік аралас жекпе-жек федерациясы және «Arys Fight» аралас жекпе-жек клубы атсалысқан. 17-19 ақпан күндері өткен турнирге өңірдегі 300-ге жуық спортшы қатысты. MMA турниріне әскери самбодан 4 дүркін Әлем чемпионы, ережесіз жекпе-жек шебері Арман Оспанов пен бокстан Әлем ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА БАҒАНЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ МАҚСАТЫНДА 25 ӘМБЕБАП ДҮКЕН ИЕСІМЕН МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

Түркістан қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында қала аумағындағы 25 сауда орнымен келіссөздер жүргізіліп, меморандум түзілді. Меморандум бойынша келісімге отырған дүкендер азық-түліктің бастапқы бағасына 15 пайыздан артық үстемақы қоймауы шарт. Бағаның өсуі анықталған жағдайда келісімге тұрған дүкен иесіне әкімшілік шара көріледі. Бұдан бөлек, азық-түлік бағасының тұрақтылығын ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛЫНА 16 МЫҢ ТОННА ҚЫЗАНАҚ ПЕН ҚИЯР ӨСІРЕТІН ЖЫЛЫЖАЙ БАР

Түркістан облысы, Сайрам ауданында 11 гектар жерді қамтитын, облыстағы ең ірі жылыжай кешені бар. Облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы аталған жылыжайда болып, жұмысымен танысты. Бұл жылыжай өнімдері ел аумағында және Ресей еліне экспорттауға бағытталған. Облыс әкімінің орынбасары газ, су, электр жарығы сияқты коммуналдық қызметтердің қолжетімділігіне тоқталып, шаруалармен пікір алмасты. Қыс мезгілінде газ қысымы төмендеп немесе мүлдем өшіп қалған жағдайда баламалы ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 460 МЫҢ ТОННА ЕРТЕ КӨКТЕМГІ ӨНІМ ЖИНАУ ЖОСПАРЛАНУДА

Түркістан облысында жалпы егіс алаңы артып, 860 мың гектарды құрады. Өңірде көктемгі дала жұмыстары белсенді жүруде. Егістікті әртараптандыруға сәйкес дәнді дақылдардың егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 4,3 мың гектарға артып, 318 мың гектарға жеткізілді. Сондай-ақ мал азықтық дақылдары, көкөніс, картоп, бақша дақылдары артты. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық кеңесте көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы баяндалды. Әлеуметтік маңызы ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КЛИМАТЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КӨШЕТТЕРДІҢ ЖЕРСІНУІ 50 % -ДАН АСПАЙДЫ

Түркістан облысында 3,5 млн. 144 мың гектар орман қоры жері бар. Оның 50 %-ға жуығы орманмен көмкерілген. Өткен жылы орманды молайту шаралары бойынша 16 200 гектар жерге мәдени орман екпелерін жүргізу жоспарланып, толығымен орындалды. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында республика аумағында экологиялық ахуалды жақсарту үшін 2 млрд. ағаш көшеттерін отырғызу тапсырылған болатын. Осыған орай биыл Түркістан облысында 32, 6 млн. ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: АБАЙ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов 2022 жылды қорытындылап, БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берді. Абай ауданындағы шалғай елді мекендерді инфрақұрылыммен қамту жұмысы 2020-2022 жылдары қарқын алған. Аудан әкімінің айтуынша, қала әкімі Мұрат Әйтенов елді мекен тұрғындарымен кездесуінде ондағы әр мәселеге жеке назар аударып, қысқа мерзімде ЖСҚ жасалып, инфрақұрылым тарту жұмыс қызу жүргізіліпті. –Екі жыл ішінде ауыз су желісін тарту ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ПАРА ДЗЮДОШЫЛАР ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРДЫ ИЕЛЕНДІ

Пара дзюдодан ересектер арасында Қазақстан Республикасының кубогы өтті. Тартысқа толы турнирде облыстық мүгедектерге арналған «Сауран» спорт клубының спортшылары 1 алтын 2 күміс, 4 қола медаль еншіледі. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған Зәуре Әйтек +70 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды. Балуандардың жаттықтырушылары елімізге белгілі тәжірибелі бапкерлер – Марат Нұрмаханов пен Шавкат Ешматов. Шымкент қаласында өткен жарыста спорт клубтың ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ШАРУАЛАРДЫ АҒЫН СУМЕН ҚАМТУ ІСІ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы «Тұран су» МКК меншігіндегі су жүйелерінің жағдайымен танысты. Мақсат – көктемгі егістік науқанына дайындықты пысықтау, шаруаларды ағын сумен қамту ісін жүйелеу. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша шаруаларды ағын сумен қамту ісі тұрақты бақылауда. Еліміздегі суармалы алқаптардың 4/1 бөлігі Түркістан облысына тиеселі. Сондықтан ағын су мәселесі өте өзекті. 2019 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында су ...

Толығырақ »

ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӨНІНДЕ МӘЖІЛІС ӨТТІ

Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі-терроризмге қарсы комиссия аппаратының жетекшісі Илхам Абулхайровтың төрағалығымен кезекті мәжілісі өткізілді. Мәжіліске облыстық терроризмге қарсы комиссия аппаратының мүшелері және қала, аудан әкімдерінің жауапты орынбасарлары, құзырлы мекемелердің өкілдері қатысып, күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Күн тәртібіне сәйкес, «Созақ, Сауран аудандары мен Түркістан қаласының ТҚК жұмыс топтарының 2022 жылы атқарған жұмыстарының қорытынды есептері» бойынша тиісті аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ АЛТЫ ЕЛДІМЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛАДЫ

Шымкентте жергілікті халықты сапалы көгілдір отынмен қамту жұмыстары биыл да қарқынды жүргізілуде. Жыл соңына дейін Тассай, Тұран, Асар-2, Сәуле, Қайнарбұлақ, Солтүстік саяжай, Бозарықта газ құбырларын тарту жұмыстары аяқталып, аталған алты елді мекен халқы табиғи газбен қамтылады. Бұл туралы Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Мақсат Ердембеков өз саласы бойынша әкімге есеп беруі жиынында баяндады. Қазір қала әкімдігі тарапынан ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ — БАСТЫ НАЗАРДА

Шымкент қаласында инфрақұрылым саласын дамыту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Әсіресе, табиғи газбен, электр қуатымен, ауыз сумен қамту, көгалдандыру мен абаттандыру бағыттарына басымдық беріліп отыр. Мәселен, Шымкент қаласы Қаратау ауданда өткен 2022 жылдың өзінде 51 ойын және спорт алаңын салынып, тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді. Биылғы жылы да Қаратау ауданы аумағында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 34 ауланы абаттандыру жұмыстары жүргізілмек. ...

Толығырақ »

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ КЕПТЕЛІСТІ АЗАЙТАТЫН ҮЛКЕН ЖОЛДАР АШЫЛАДЫ

Шымкент қаласында биыл 9 нысанда жол құрылысы мен қайта құру жұмыстары жүргізіліп, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Олардың көпшілігі қаладағы кептеліс мәселесін шешуге елеулі ықпал ететін ірі нысандар. Сонымен қатар жалпы ұзындығы 201.7 шақырымды құрайтын 253 көше орташа жөндеуден өтеді. Жол құрылысы және қайта құру жұмыстары жүргізіліп, 2023 жылдың соңына дейін пайдалануға берілетін нысандардың қатарында Д.Қонаев даңғылы жалғасының 3-ші кезеңі, ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЫНА 254 000 ТОННА МАШИНА МАЙЫН ШЫҒАРАТЫН ӨНДІРІС ІСКЕ АСПАҚ

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен қала аумағында химиялық өндірісті қолға алу мақсатында мұнай және қалдықты өңдеу бағытындағы инвестициялық жобалардың талқылау жиыны өтті. Жиында «Шымкентская Химическая Компания» ЖШС жылына 57 000 тонна метиль-трет-бутильді эфир өндіретін жобасын таныстырды. Компания басшылары нәтижесінде 130-дан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылатынын алға тартуда. «Almex Polymer» ЖШС компания басшылары 2023-2026 жылдары аралығында құрылыс жүргізіп, полипропилен өндіретін мұнай-химиялық ...

Толығырақ »

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН ЖОБАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ ТӘСІЛІ ЕНГІЗІЛЕДІ

Мемлекет басшысы «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты жолдауында жерді тиімді игеру және алаяқтық мәселелеріне ерекше назар аударып, бірқатар нақты тапсырмалар берді. Осыған орай, қала прокуратурасы жобалық менеджмент тәсілімен жаңа жобаны іске асырмақ. Аталған жоба жерді өз бетінше иеленуге жол бермеу, алаяқтықтың алдын алу және сотталғандарды әлеуметтендіру мәселелері бағытында енгізіледі. Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және ...

Толығырақ »

ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛ БОЙЫНША 6 ҚЫЗМЕТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Ержан Нұразханов 2022 жылы атқарылған нақты жұмыстар және алдағы жоспарлар бойынша баспасөз брифингін өткізді. Ержан Болатұлы қала аумағында тұрғын үйлерді пайдалануға беру, жаңа бас жоспар, мемлекет мұқтажына жер телімдерін қайтару, геоақпараттық порталды құру жұмыстарынан хабардар етті. Биыл жалпы қала аумағында 1 млн 73 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ҚАЛАЛЫҚ СОТТАР 2022 ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Шымкент қалалық соттың алқа төрғалары Мұхтар Пәрменов, Низамиддин Жамашов және Гүлмира Қыдырбаева өткен жылдың 12 айында атқарылған жұмыстарды қорытындылап, сот төрелігінің іске асырылуы туралы баяндады. Азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы М.Пәрменовтың сөзінше, 2022 жылы Шымкент қаласының аудандық соттарына жалпы 28 240 іс пен арыз түскен. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шағымдар 8 пайызға өскен. Азаматтардың арызы бойынша 19 277 іс ...

Толығырақ »

ЖЕКЕ КУӘЛІКТІҢ МЕРЗІМІ ӨТІП КЕТСЕ…

Жыл басынан бері Шымкенттік ХҚО-ларда жеке куәлік пен төлқұжат рәсімдеуге өтініш білдірген тұрғындар саны көбейді. Осыған орай «Азаматтарға арналған үкімет» компорациясы Шымкент қалалық филиалының өкілдері төлқұжат пен жеке куәлікті қалай алуға болатыны туралы айтып берді. 1 қаңтардан бастап құжаттарды рәсімдеудің мемлекеттік баж көлемі өзгерген. Әзірге төлқұжат пен жеке куәлікті алу қызметі онлайн режимде қолжетімді емес, ол үшін міндетті түрде ХҚКО-ға ...

Толығырақ »

СҰЛТАН БЕЙБАРЫС – ТҮРКІ ӘЛЕМІНЕ ОРТАҚ ТҰЛҒА

А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасында Бейбарыс Сұлтанның туғанына 800 жыл толуына орай «Сұлтан Бейбарыс – түркі әлеміне ортақ тұлға» атты тарихи-мәдени кеш өтті. Дешті Қыпшақ даласында дүниеге келіп, жаугершілікте тұтқынға түсіп, қайсарлығы мен ержүректігі, дарыны мен даналығы арқасында құлдықтан хандыққа дейін көтеріліп, мәмлүктердің төртінші сұлтаны болған, Египетті билеген бабамызды қанша дәріптесек те артық болмайды. Кешті ұйымдастырушылардың да мақсаты да соған ...

Толығырақ »

ТӨРТ ТҰРҒЫН АЛАПТЫҢ ХАЛҚЫНА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ МЕН БИЗНЕС БАСТАУДЫҢ ЖОЛДАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Сайрам, Өтеміс, Шапырашты және Қызылсу тұрғын алаптарының халқымен кездесті. Шаһар басшысы кездесуде өткен жылы атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы мақсат-міндеттер жайлы айтты. —Жылдың басында Шымкент қаласындағы барлық елді мекендерді аралап, өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін беріп келеміз. Сонымен қатар халықтың жағдайымен, елді мекендердегі өзекті мәселелермен танысып жатырмыз. Наурыз айында қалалық бюджет нақтыланған кезде бірінші кезектегі ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ДӘРІГЕРЛЕР 4 АЙЛЫҚ СӘБИГЕ КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАДЫ

Шымкенттік дәрігерлер 4 айлық сәбиге күрделі ота жасап, оның көкірегіндегі жарықты (грыжа) алып тастады. Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасына 9 қаңтар күні 4 айлық сәби медициналық жедел жәрдем қызметімен келген. Аурухананың қабылдау бөліміне түскенде ата-анасы сәбидегі жөтелдің күшейіп, ентігу, жалпы әлсіздік бар екенін айтып, шағымданған. Пациенттің кеуде қуысын рентген арқылы тексеру кезінде дәрігерлер оның оң жақ көкірегіндегі жарықты анықтаған. Алғашқы ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ӘСКЕРИ БОРЫШЫН ӨТЕУГЕ НИЕТТІ АЗАМАТТАРЫ ҚАТАРЫ АРТТЫ

Шымкент қаласында өткен жылы көктемгі және күзгі әскер қатарына шақыру жұмыстары жоспарға сай жүргізілді. Әскерге шақыру науқанын сапалы ұйымдастыру – басты талап. Жергілікті атқарушы органдар бірлескен іс-әрекеттерді жүргізу, насихат жұмыстарын күшейту, жедел іс-шаралар қабылдауда нақты тапсырмалар берілді. Барлық аудан бойынша әскерге шақыру жоспары толық орындалды. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне, басқа да әскери бөлімдер мен құрылымдарға шақырылушыларды даярлап, барлық ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ ШАЛҒАЙ АУДАНДАҒЫ 200 МЫҢ ТҰРҒЫН САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Бұл туралы қалалық әкімдіктің ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық цифрландыру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мақсат Туғанбай мәлімдеді. Спикердің мәліметінше, басқарма 2023 жылы бірқатар маңызды мақсат бойынша жоспарлы жұмыс атқармақ. – Ең бастысы, қала аумағын мобильді интернет желісімен және сапалы байланыспен қамту үлесін 95 пайызға, ал шалғай елді мекендерді сапалы интернет желісімен қамтамасыз ету мақсатында оптикалық желі тартып, қамту ...

Толығырақ »