Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУДЕ КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ САРАЛАНДЫ

ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУДЕ КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ САРАЛАНДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын ұстану аса маңызды» деген болатын. Бұл орайда Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов ауылдық округ тұрғындарымен кездесуінде көтерілген проблемалардың орындалу барысы бойынша жиналыс өткізді. Әсіресе, аудан тұрғындарының талап-тілектеріне дер кезінде назар аудару, тиісті сала мамандарын жұмылдырып, мәселенің оң шешілуіне көңіл бөлуде нақты жұмыстар жетерлік.
Жиналыста аудан әкімі тұрғындар тарапынан түскен барлық мәселеге жеке-жеке тоқталды. Ақбұлақ елді мекенінің тұрғындарымен кездесуінде Ташимов, Сауран, Яссы көшелеріндегі тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жаңадан орнатылған су мұнарасынан («Аква Марин» ЖШС) лай аралас су мәселесі айтылған болатын. Бұл ретте аталған нысанда лай судың шығу электр қуатының тұрақты қосылмау салдарынан болғаны анықталды. Қойылған КТП-дан ақау шығып, изоляторлары ауыстырылды. Бүгінде мәселе толық шешіліп таза ауыз су тұрақты берілуде.
Мұнан соң Теспе ауылындағы ауыз су желісіндегі қысымы «Сайрам тазалық» ЖШС мамандарымен зерделеніп,қазір ауыз су қысымы проблемасы реттелді. Сонымен қатар, Көлкент ауыл округіне қарасты Ханқорған, Шапырашты және Көлкент ауылдарындағы елді мекен шегіндегі жайылым жерлерді заңсыз қоршап алған азаматтарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде Ханқорған ауылындағы өз бетінше заңсыз қоршаған 4 азамат, Көлкент ауылында 3 азамат қоршауларын ашты.
Арман Сәбитұлы халықпен кездесулерде барлық сауалдарды өзі жазып отырады. Бұл көтерілген мәселелердің ешқайсысы назардан тыс қалмайтынын көрсетеді. Айта кетейік, күн тәрітібінде III-тоқсанда көтерілген 71 мәселенің орындалу барысы сараланды. Бүгінгі күні түрғындар тарапынан түскен 7 сұрақ нақты шешімін тапқан, ал 24 өтініш орындалу үстінде. Орындалмаған 6 мәселе бар. Сондай-ақ мерзімі бар 26 өтініш және 8 тұрақты мәселе қалды.
Жиын барысы аудан әкімі тапсырмалардың орындалуын талқылаумен жалғасып, бірқатар тапсырмалар жүктелді. Сондай-ақ, Арман Сәбитұлы аппарат басшысына жұмыстарды жылдамдату қажеттігі, қадағалаудың күшейетіні ескертілді.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір жазу