Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ: «АГРО АЙМАҚ» ІСКЕ ҚОСУ ЖОСПАРЛАНУДА

САЙРАМ: «АГРО АЙМАҚ» ІСКЕ ҚОСУ ЖОСПАРЛАНУДА

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, мал бордақылау алаңдары мен мал сою бекеттерін елді мекен шегінен тысқары шығару мақсатында ауданда жиналыс болып өтті. Бүгінде Сайрам ауданы бойынша 21 мал сою бекеті бар.
Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Ш. Убайдуллаев пен Туркістан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқарма басшысы Нұржігіт Мырзахметов төрағалық етті. Аталған жиында Бәйдібек ауданында «Агро аймақ» жасауға жер телімдерін беру барысы талқыланды.
Бүгінде ауданда 500-ден 2000 бас аралығында мал бордақылап отырған кәсіпкерлер бар.
Бұл ретте жиында кәсіпорынды ұлғайту үшін ең алдымен жер мәселесі айтылды. Толығырақ айтатын болсақ: Сайрам ауданында жер тапшы болғандықтан Бәйдібек ауданына қарасты жер телімдерін, яғни Сайрам ауданымен шекаралас жатқан 163 гектар жер және 287 гектар жер аумаққа «Агро аймақ» іске қосу жоспарлануда.

Пікір жазу