Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ (страница 186)

Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ

Еңбекші: 30-дан астам көше жарықтандырылады

Биыл Шымкент қаласы Еңбекші ауданында 34 көшені жарықтандыру жоспарда бар, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Ауданда қазіргі таңда 18 көше жарықтандырылды. Еңбекші ауданы аумағындағы 702 шақырымды құрайтын 611 көшенің қазіргі таңға дейін 103 көшесі жарықтандырылған. 2021 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасына аясында 18 көшеге 20,9 шақырым жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Ал, желтоқсан көшесіне қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 15 көше ...

Толығырақ »

Еңбекші: 100-ге жуық көшеге асфальт төселді

Шымкент қаласы Еңбекші ауданында 99 көшеге асфальт қабаты төселіп, пайдалануға берілді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Қазіргі таңда жалпы 86,4 шақырымды құрайтын 132 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 99 көшеге асфальт қабаты төселіп, пайдалануға берілді, 33 көшеде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ауданда ұзындығы 702 шақырымды құрайтын 611 даңғылдар, көшелер мен өткелдер бар. Жолдардың 502 шақырымы асфальт, 181 шақырымы тас, 19 ...

Толығырақ »

БІРЛІГІ БЕКЕМ ЕЛДЕ БЕРЕКЕ БАР

Шымкенттегi Мирас шағынауданында маңызды кездесу өтті, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Оған жергілікті ақсақалдар мен белсенді тұрғындар қатысты. Аталған кездесудің мақсаты – жергілікті тұрғындарға, жастар өкілдеріне қоғамдық келісімді сақтау, этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын нығайту, құқықтық тәрбие мен жастар арасында әскери міндеттілікті өтеу мәселелерін түсіндіру болды. Кездесуде қалалық «Қоғамдық келісім» мекемесі мен Қаратау ауданы әкімдігінің қызметкерлері және қалалық ...

Толығырақ »

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ — ҚОҒАМ ТАЛАБЫ

Шымкент қаласы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «БІЛІМДІ ҰЛТ: ТЕРЕҢ БІЛІМ, ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ ҚАСИЕТ» тақырыбындағы тамыз конференциясы аясында «Инклюзивті білім беру ортасын құру және ерекше білімді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау» атты оффлайн режимде панельдік секция отырысы өткізілді. Секция жұмысының мақсаты: инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдауды қамтамасыз ету. Панельдік секция отырысына Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты ерекше білім беру қажеттіліктері ...

Толығырақ »

41 из 223 ШКОЛ ШЫМКЕНТА ПЕРЕШЛА НА ОДНОСМЕННОЕ ОБУЧЕНИЕ

В Шымкенте показатель материально-технического обеспечения организаций образования за последние три года вырос с 32% до 72% и укрепился более чем в два раза. Это положительно влияет на качественное образование учащихся. Об этом сообщил аким Шымкента Мурат Айтенов на августовской педагогической конференции на тему «Ценностный ориентир: качественное образование, самооценка, новые возможности». — Глава государства поручил оказывать поддержку учителям и создавать условия ...

Толығырақ »

КОНСТИТУЦИЯ – АДАМ БОСТАНДЫҒЫ МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ҚОРҒАУШЫСЫ

1995 жылдың 30 тамызы Қазақстан Республикасының Ата Заңы қабылданған күн. Содан бері әр жылы еліміз 30 тамыз – Конституция күнін ерекше мәртебелі мереке ретінде атап өтеді. Ата Заңымыз – мемлекеттің әрбір азаматының құқықтарын қорғап, міндеттерін айқындайтын, ел игілігі үшін дұрыс өмір сүрудің бағыт-бағдары бола білген маңызды құжат. Бұл – мемлекетіміздің барлық заңдарының бірлескен тетігі секілді. Яғни, біздің азаматтардың тәртіпке бағынып, ...

Толығырақ »

Құқықтық мәдениетті көтеру – уақыт талабы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының әділет органдарының қызметкерлері жыл сайын 30 қыркүйекте өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді. Бұл – заң мәртебесі үшін қызмет етіп, сөзімен де, ісімен де әділдіктің ақ туын биік ұстап, мемлекеттің конституциялық тұтастығын қамтамасыз ететін әділет қауымдастығының барлық өкілдерін біріктіретін атаулы күн. Биыл еліміздің әділет органдарының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Кеңес Одағы кезеңіндегі әділет құрылымдары тәуелсіз ...

Толығырақ »

Алимент өндіру бойынша 13 532 құжат орындалған

Шымкент қаласында Әділет департаментінде алимент өндіру бойынша 13 532 құжат орындалған. Бұл туралы қалалық Әділет департаментінің атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Бағдәулет Қалдашұлы мәлімдеді. –Бөлімнің міндеті – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және Шымкент қаласының Әділет департаментінің регламенттерін, құжаттама жасаудың, оны басқарудағы қағидасының талаптарын, бұйрықтарын, нұсқауларын, нормативтік құқықтық актілер мен әдістемелік құжаттарын, бөлімнің ережесін және осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа ала ...

Толығырақ »

ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ЖАҢА МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕДІ

“Құндылыққа бағдар: Сапалы білім. Өзін-өзі бағалау. Жаңа мүмкіндіктер”. Биылғы тамыз кеңесі осындай тақырыппен ұйымдастырылды. Жиынға қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов, білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызы Тәжиева мен мектеп директорлары, жалпы 800 педагог қатысты. Кеңеске қатысушылар үшін арнайы көрме қойылып, білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен оқушылардың өнері, ғылым мен білім саласында жеткен жетістіктері таныстырылды. Әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен жалпы 32 панельдік секция ...

Толығырақ »

ӘЗІРБАЙЖАН ЕЛІ ШЫМКЕНТТІКТЕРГЕ ТӨРІН ҰСЫНДЫ

Бакуде бүгінде “Шымкент қаласының күндері” өтуде. Оны Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастырса, Қазақстанның Әзірбайжандағы Елшілігі қолдады. Биыл Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл. Айтулы датаға орай Әзірбайжан елінің астанасы Баку қаласында «Welcome to Kazakhstan» атты еліміздің өңірлерінің қатысуымен туристік-мәдени күндер өтуде. Осы мақсатта бір аптаға жоспарланған “Шымкент қаласының күндері” аясында Оңтүстік өңірдің ...

Толығырақ »

В КАНУН ДНЯ КОНСТИТУЦИИ В ГОРОДЕ ПРОШЛА АКЦИЯ «МЫ — СЧАСТЛИВЫЕ ДЕТИ!»

Около 300 человек приняли участие в празднике, организованном учреждением «Қоғамдық келісім» городского управления внутренней политики и по делам молодежи. В мероприятии, приуроченном ко Дню Конституции и проведенному в рамках Года детей в Казахстане, приняли участие госслужащие, председатели этнокультурных объединений, руководители структур при городской АНК, родители и дети. «Президент объявил 2020 год Годом детей. У казахов есть пословица: «Дом с детьми ...

Толығырақ »

ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУДА ЖАҚЫПОВТАР ОТБАСЫНЫҢ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ БОЛДЫ

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы – бір шаңырақ астында берекелі өмір сүрудің қаншалықты маңызды екенін түсінуге, отбасылық өмір салты, ата-аналық парыз, жауапкершілік секілді ұғымдарды ел санасына сіңіруге, әсіресе, жастарға жеткізуге мүмкіндік береді. Ұлттық байқаудың қалалық кезеңінің марапаттау рәсімінде сөз сөйлеген Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мұратжан Шотанов осылай деді. –Халқымызда «Отан – отбасыдан басталады» деген ұлағатты ...

Толығырақ »

Шымкентте 34 мыңнан астам тұрғын табиғи газбен қамтылады

Шымкент қаласын табиғи газбен толық қамту үшін 15 нысанда құрылыс жүргізілуде, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Шымкентте 81 елді мекен бар болса, соның 31-і табиғи газбен жартылай қамтылған. Ал 8 елді мекенге газ тартылмаған. Бүгінде халықты толықтай көгілдір отынмен қамту үшін қаладағы 15 нысанда құрылыс жұмыстары қарқынды. Бұл туралы Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Булатбеков брифинг ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТІК БАЛАЛАР «ҚАЗАҚТАНУ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ МЕРЕКЕГЕ ҚАТЫСТЫ

Үшінші мегаполисте «Біз бақытты баламыз!» мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылып, балақайлар тамаша көңіл-күйге бөленді. Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесі мұрындық болған мерекеге 300-ге жуық адам қатысты. Балалар жылы аясында және Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орайластырылған жиынға басқарма басшылығы мен этномәдени бірлестіктердің төрағалары, қалалық Ассамблея жанындағы құрылымдардың жетекшілері, ата-аналар мен балалар қатысты. –Мемлекет басшысы 2020 жылды ...

Толығырақ »

КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ ҮШІН 20 НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкенттегі елді мекендерді кәріз жүйесіне қосу үшін құрылыс жұмыстары жалғасын табуда, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Қазіргі таңда шаһардың 54% кәріз жүйесімен қамтылса, биыл бұл көрсеткішті 60-ға жеткізу жоспарланған. Осыған байланысты ағымдағы жылы 20 нысанда құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарға қойылған. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне өткізген брифингте Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Булатбеков мәлімдеді. Оның мәліметінше, жыл ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕГІ 78 ЕЛДІ МЕКЕН САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛҒАН

Шымкент қаласындағы 81 елді-мекеннің 78-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Шымкент қаласы Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбеков брифинг барысында мәлімдеді. Ал, қалған 3 елді мекен ауыз суды кестемен тұтынуда. — Көрсеткішті арттыру мақсатында биыл барлығы 7 нысанда құрылыс жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Олар Құрсай 1,2 – кезек, Асар-2 екінші кезек, Текесу ...

Толығырақ »

Дендросаябақта тазалау жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласындағы Асанбай Асқаров атындағы дендросаябақта тазалау жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Шымқаладағы көрікті демалыс орындарының бірі — «А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік Дендрологиялық саябағы». Тұрғындар мен қонақтар осы саябақта серуендеп, демалуды әдетке айналдырған. Сол себепті де саябақ тазалығы басты назарда. Осыған орай саябақ аумағында «Build Stroi» және «Жасыл жер» ЖШС қызметкерлері тазалық жұмыстарын жүргізді. Жасыл желектер суғарылып, толық ...

Толығырақ »

Шымкент: Абай ауданындағы 111 көшеге жарықшам орнатылды

Биыл Шымкент қаласы Абай ауданындағы 111 көшеге жарықшам орнатылды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. 2021 жылға дейін Абай ауданындағы 71 көше жарықтандырылған болатын. Көрсеткішті арттыру мақсатында биыл мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аудандағы 111 көшеге жарықшам орнатылды. Сонымен қатар, 2023-2025 жылдары жарықтандырлған көше саны 259-ға жететін болады. Қала әкімдігі бекіткен жобаға сәйкес, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 2021-2023 жылдары 312 көшені жарықтандыру жоспарланған. Мемлекет ...

Толығырақ »

Шымкент: Құрсайдың жаңақұрылыс аумағы табиғи газбен қамтылады

2024 жылы Шымкент қаласы Құрсай елді мекенінің жаңақұрылыс аумағы табиғи газбен қамтылатын болады, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Аудан аумағы бойынша 34 елді мекеннің 24 елді мекені (73,5%) табиғи газ жүйесімен қамтылса, қалған 10 елді мекен қатты отынды пайдалануда. 2021 жылы Алтынтөбе елді мекені табиғи газбен қамтылды. 2022 жылы 5,3 миллиард теңге қаралып, 7 елді мекенде (Көкбұлақ, Батыс, Арғымақ, Ақжар, ...

Толығырақ »

Сапалы электр жарығымен қамтылады

Биыл Шымкент қаласы Абай ауданында 3 елді мекен сапалы электр жарығымен қамтылады, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Аудан аумағы бойынша 34 елді мекеннің 31 елді мекені (96%) мемлекеттік электр жарығымен қамтылып отыр. Қалған 3 елді мекен (4%) жеке меншік транформаторларды пайдаланады. 2021 жылы 5 елді мекенді (Ынтымақ-2, Айкөл, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл, Ақжар) электр жарығымен қамту үшін жалпы 7,2 миллиард ...

Толығырақ »

Шымкент: 2025 жылға дейін Абай ауданының 59%-ы кәріз жүйесімен қамтылады

2025 жылға дейін Шымкент қаласы Абай ауданының 59 пайызы орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтылады деп күтілуде, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Абай ауданының 8 елді мекені 115,9 мың адам (36,0%) орталықтандырылған кәрізбен қамтылған, қалған 26 елді мекен 207,0 мың адам (64,0%) кәрізбен қамтылмаған. 2020 жылы 1 нысанның жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді. Ал, өткен жылы Самал-1 шағынауданында, 2022 жылы Самал-3, Солтүстік-батыста құрылыс жұмыстары ...

Толығырақ »

Шымкент: Абай ауданында 9 елді мекенге ауыз су берілді

Шымкент қаласы Абай ауданындағы 34 елді мекеннің 33-і сапалы ауыз сумен қамтылған, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. 2020 жылы ауыз суға 1,9 миллиард теңгеге 9 жоба (Қызылжар, Игілік, Жаңаталап, Нұршуақ, Батыс, Тәуелсіздікке 20 жыл, Ынтымақ-2, Ақтас-2). 2021 жылы 6,9 миллиард теңге қаралып, 9 елді мекенге ауыз су берілді (Қызылжар, Игілік, Жаңаталап, Нұршуақ, Батыс, Тәуелсіздікке 20 жыл, Ынтымақ-2, Ақтас-2). 2022 жылы ...

Толығырақ »

Шымкент: 3 мың адамға жаңа жұмыс орны ашылады

Шымкент қаласы Абай ауданында «Стандарт» жеке индустриалды аймағы салынуда, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Мемлекет басшысы жолдауда 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге көбейтуді тапсырды. Осыған орай «Стандарт» жеке индустриалды аймағы салынуда. Мұнда шағын және орта бизнес субъектілері шоғырландырылады. Аумағы 118 гектарды құрайтын жеке индустриялық аймақта 176 мың шаршы метр дайын өндірістік алаңдар, оның ішінде 64 мың шаршы ...

Толығырақ »

Шымкент: тұрғын үйлердің аулаларында тазалық жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы аумағында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында тазалық жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп отырады, деп хабарлайды didarbek.kz. Сондай кезекті тазалау жұмыстары барысында аулалардағы ішкі орам жолдары, сонымен қатар, негізгі көшелер мен аяқ жолдар, ирригациялық жүйелер тазаланды. Қоқыс алаңшалары тазаланып, шөптер орылып, балалар ойын алаңшалары ретке келтірілді. Мұндағы механикалық және қолмен тазалау жұмыстары мердігер мекеме тарапынан жүргізілді. Аталған жұмыстар ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: МӘРТӨБЕЛІКТЕР ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БІРЛІКТІ ҚОЛДАЙДЫ

Шымкент қаласындағы Мәртөбе тұрғын алабындағы жергілікті тұрғындармен кездесу өтті, деп хабарлайды didarbek.kz. Кездесуге қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесі мен Қаратау ауданы әкімдігінің жауапты қызметкерлері, ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдардың өкілдері мен жергілікті тұрғындар қатысты. Аталған кездесудің мақсаты – жергілікті тұрғындарға, жастар өкілдеріне қоғамдық келісімді сақтау, этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын нығайту, құқықтық тәрбие ...

Толығырақ »