Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » Шымкент: Биыл Ақжар елді мекенінде 600 орындық мектептің құрылысы жүргізіледі

Шымкент: Биыл Ақжар елді мекенінде 600 орындық мектептің құрылысы жүргізіледі

Шымкент қаласы Тұран ауданына қарасты Ақжар елді мекенінде 600 орындық мектептің құрылысы жүргізіледі, деп хабарлайды didarbek.kz.

Тұран ауданында қазіргі уақытта барлығы 25 мектеп орналасқан. Ауданға қарасты Ақжар елді мекеніне 600 орындық жайлы мектеп құрылысын 2023 жылы жүргізу жоспарланып отыр. Аталған мектептің құрылысы 2024 жылы аяқталатын болады.

Сонымен қатар, Жаңаталап елді мекенінде 600 балаға арналған жайлы мектеп құрылысы 2024 жылы басталып, 2025 жылы пайдалануға беріледі. Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша орта білім беру нысандарын салу жөнінде Жол картасы жасалған. Ұлттық жоба аясында қалада 25 мектеп салынады, биыл – 12, келесі жылы 13 ғимараттың құрылысы жүргізіледі. Қазіргі таңда қалада үш ауысымды 4 білім ошағы бар. Жыл соңына дейін пайдалануға берілетін ғимараттар есебінен бұл мәселе түбегейлі шешіледі. Қала басшысы жауаптыларға салынатын ғимараттардың сапасын, өндірістік кестеге сай аяқталуын қадағалауды тапсырды.

Сондай-ақ, құрылыс жүргізілетін аумақтарды тиісті инфрақұрылым жүйелерімен қамтамассыз ету, ғимараттардың барлық талаптарға сай жабдықталуы бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді. Соңғы екі жылда мегаполисте жеке инвесторлар тарапынан жан басына қаржыландыру есебінен 50 мектеп салынды. Яғни, білім ордалары 21 300 орынмен толықты. Алдағы уақытта тағы да 25 мектеп салуға ұсыныс берілген. Нәтижесінде, үш ауысымда білім беретін мектептер мәселесін 2023 жылы, ал, сынып толымдылығы жоғары мектептер мәселесі 2025 жылы шешіледі деп жоспарланып отыр. Жалпы, Шымкент қаласында жаңа білім ордасынан бөлек, мектептерге қосымша корпустар да салынып жатыр. Еске сала кетейік, алдағы үш жыл ішінде «Жайлы мектеп» жобасы аясында елімізде 504 мектеп салу жоспарланған. Олардың құрылысына 2,6 млрд теңге бөлінуі мүмкін.

Пікір жазу