Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының кестесіне сәйкес, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Б.Жалмұрзаев, Абай ауданы әкімдігінің, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің қызметкерлері «Қайнарбұлақ» тұрғын алабымен және саяжай тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында, жалпыұлттық бірлікті ілгерілету, азаматтық келісімді нығайту, кереғар діни ағымдардан сақтану жөніндегі келелі ойлар ортаға салынды. Еліміздің қолданыстағы заңдылықтарын сақтау, ішкі біртұтастық пен бірлікті бекемдеу, өскелең ұрпақ — жастарға оң тәрбие беру мәселелері туралы жан-жақты сөз болды.
Жастарға қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті насихаттау және деструктивті теріс діни ағымдардың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесуде жастар арасындағы тәрбие, ұлттық құндылықтар, отан алдындағы әскери борышты өтеу, оларды отансүйгіштікке баулу, мәселелері қозғалып, ұлт араздығы мен діни түсініспеушіліктердің алдын алу мәселесі жөнінде түсінік берілді.
Жиын барысында сөз алған спикерлер жастар көтерген мәселелер бойынша пікір алмасты. Еліміздегі қолданыстағы заңдылықтарын сақтаумен қоса, Ассамблея қызметінің негізгі бағыттарына тоқталды. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылу барысы, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға қатысты, этносаралық қатынастар саласындағы келіспеушіліктер мен дауларды реттеу, қақтығысты жағдайларды болдырмау жөнінде ұсынымдар әзірлеу және практикалық шараларды іске асыру және оларды шешуге қатысу, жалпыұлттық бірлік саласындағы қайырымдылықты, медиацияны дамытуға жәрдемдесу мен ішкі біртұтастық пен бірлікті бекемдеу, жастар өкілдеріне оң тәрбие беру мәселелері сөз болып, арнайы дайындалған бейнероликтер әзірленіп, кездесуге қатысуларға көрсетілді.