Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТ: ҚАЙНАРБҰЛАҚ САЯЖАЙЫНА САПАЛЫ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІ ТАРТЫЛДЫ

ШЫМКЕНТ: ҚАЙНАРБҰЛАҚ САЯЖАЙЫНА САПАЛЫ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІ ТАРТЫЛДЫ

Шымкент қаласындағы Саяжай тұрғындары сапалы интернет желісіне қосылды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Саяжай тұрғындары сапалы интернет желісіне қосылды. Қалалық цифрландыру басқармасы тарапынан талшықты оптикалық желімен қамту мәселесін шешу жұмыстары жүргізіліп, бүгінде саяжайдың 11 орталық көшесіне талшықты оптика жүргізілді.
1. Мичурина;
2. Гагарина;
3. Комарова;
4. Серегина;
5. Клубничная;
6. Абрикосова;
7. Ореховая;
8. Химиков;
9. Фруктовая;
10. Яблоневая;
11. Сиреневая.
Саяжай тұрғындары интернет желісіне қосылу үшін төмендегі телефон нөмірі арқылы өтінім беруге болады.
Сондай-ақ, қала аумағындағы интернет сапасы төмен 30 тұрғын алап анықталып, оптика тарту жұмыстары жүргізілуде. Осы ретте Нұртас, Тассай, Таскен, Пахтакор шағын аудандарындағы 4 көшеге (400 үйге) кабель жүргізіліп, интернетке қосылды. Ал Ақжайық және Достық шағын ауданына талшықты оптика желісі толық (100%) жүргізілді. Сонымен қатар, жеке инвестор «Fishnet» ЖШС-мен келіссөздер жүргізу нәтижесінде инвестор есебінен 2021–2023 жылдары шалғай орналасқан елді мекендерді сапалы интернетпен қамтуға қаржы қарастырылып отыр.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі bailanys.bar сервисін іске қостты. Аталған сервистің міндеті — бүкіл ел бойынша интернеттің нақты сапасын білу және қосылу жылдамдығы төмен аудандарды анықтау. Bailanys.bar геолокацияны бөлісуге, интернетке қосылу жылдамдығын тексеруге және өлшеу нәтижелерін көруге мүмкіндік береді. Шалғайдағы елдімекен тұрғындары порталды пайдалана отырып, интернет сапасына мониторинг жүргізе алады. Сервис браузерде де, Aitu мобильді қосымшасы арқылы да қолжетімді. Оны PlayMarket және App Store платформаларында жүктеуге болады. Айта өту қажет, бұл Қазақстан тарихындағы интернет сапасына жүйелі тәуелсіз мониторинг жүргізуді ұйымдастыруға жасалған алғашқы қадам.

Пікір жазу