Бүгін Шымкент қаласының қорғаныс істері департаменті мен шаһардағы әскери бөлімдердің сарбаздары Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Жеңіс күні мерекесімен құттықтап, қарт майдангерлерге құрмет көрсетті. Атап айтқанда, департамент басшысы полковник Алмаз Тілеуханов 105 жастағы соғыс ардагері Негмат Гареевтің шаңырағына барып, оған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің арнайы Алғыс хатын салтанатты жағдайда табыстады. — Сіздер майданда дұшпанмен жан аямай шайқасып, ерлік пен отаншылдықтың керемет ...
Толығырақ »Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ
ШЫМКЕНТ: ҚАРТ МАЙДАНГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
7 мамыр — Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр — Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов Ұлы Отан соғысының ардагерлері Шаля Анна мен Атантаев Халел ақсақалдың шаңырақтарына бас сұғып, мерекелерімен құттықтады. Сондай-ақ Әл-Фараби ауданы әкімдігі де құттықтау тілектерін арнады. Іс-шара барысында ардагерлерге сый-сыяпат көрсетіліп, сол дәуірдің әскери формасын киген театр ...
Толығырақ »ҚАЛА ӘКІМІ АРДАГЕРДІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 9 мамыр – Жеңіс мерекесіне орай шаһардағы қарт майдангерлерді құттықтап, сый-сыяпат жасады. Бүгінде Шымкент қаласында 21 Ұлы отан соғысының ардагері тұрады. Қала әкімі Еңбекші ауданы «Бадам 1» елді мекенінің тұрғыны, Ұлы отан соғысының ардагері Қалтай Бектасовтың шаңырағына барды. 97 жастағы қарт жауынгер әлі де тың. Мұрат Дүйсенбекұлы ардагерге сый-құрмет көрсетіп, ұзақ ғұмыр тіледі. Қалтай Бектасов ...
Толығырақ »ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – АСЫЛ ҚАСИЕТ
Шымкент қаласындағы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әл-Фараби ауданы бойынша басқармасының әкімшілігі мен басқарманың бастауыш кәсіподақ ұйымы Рамазан айында тұрмысы төмен, көп балалы батыр ана, жалғыз басты ана мен жалғыз басты әке, асыраушысынан айрылған, мүгедектік топтағы, мүгедек балалары бар отбасы мүшелеріне әлеуметтік көмек көрсетті. Атап айтқанда: 6 отбасыға 15,0 мың теңгелік азық-түлік ...
Толығырақ »ЕР АЗАМАТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
7 мамыр – әр отбасынан бастап мемлекет бойынша ер адамдарға айрықша құрмет көрсетіліп, олардың батылдығы мен ерлігі айтылатын күн. Жылдағы дәстүр бойынша, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнінде құттықтау рәсімдері өткізіледі. Мереке күні қарсаңында қаламыздағы мектептерде салтанатты шаралар ұйымдастырылды. №109, №131, №27 және №3 жалпы орта мектебінде қызмет ететін кәсіподақ мүшелерінің басын қосқан салтанатты жиынға Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлері ...
Толығырақ »ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕЙІРБИКЕЛЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
«Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі ғимаратының мәжіліс залында «12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күні» мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Жиынға «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Шымкент филиалының төрағасы Ерқозы Батырбеков, қалалық ауруханалар мен емханаларда еңбек етіп жүрген бір топ медицина қызметкерлері қатысты. Салтанатты жиынды «Шымкент ...
Толығырақ »ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Шымкент қаласының инвестиция жөніндегі штабтың кезекті отырысы өтті. Бұл жолы ауыл шаруашылығы саласында 2021-2025 жылдар аралығында іске асырылатын жобалар, жаңа инвестициялар тарту және инвестициялық жобалардың өзекті мәселелері талқыланды. Бүгінгі штаб отырысына ҚР Парламент Сенатының депутаттары Нұрлан Бекзаназаров пен Айгүл Қапбарова, сондай-ақ, басқарма басшылары, инвесторлар қатысты. Қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбековтің мәлімдеуінше, ауыл шаруашылығы саласында 2021-2025 жылдары 71 инвест ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: ОРТА МЕКТЕПКЕ САБЫР РАХЫМОВТЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ
Үшінші мегаполистегі №53 мектеп енді генерал Сабыр Рахымовтың есімімен аталады. Салтанатты іс-шара 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында өтті. «Ұмытылмас ерлік» атты іс-шараны Шымкент қалалық білім басқармасы ұйымдастырды. Барлық санитарлық талаптар сақталып өткен мерекелік жиынға Абай ауданы әкімдігі аппаратының басшысы Димаш Дәуренбеков, Абай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ұлықпан Бәшенов, Қарулы күштер ардагерлері ұйымының төрағасы Серікбай Омбаев, Шымкент қалалық білім ...
Толығырақ »НАСИХАТТАУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАНДАНДЫРУ ҚАЖЕТ
Шымкент қаласының эпидемиялық ахуал жөніндегі кезекті штаб отырысындағы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позиловтың айтуынша, әлемде эпидемиологиялық жағдай өте күрделі. Штаб отырысына ҚР Парламент Сенатының депутаттары Нұрлан Бекзаназаров пен Айгүл Қапбарова, сондай-ақ, басқарма басшыларыда қатысты. Соңғы тәуліктерде Өзбекстан, Бразилия, Германия елдерінде коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші ұлғайған. Шымкент қаласы эпидемиологиялық жағдай бойынша қазіргі кезде «сары аймақта». Жыл басынан бері КВИ-дің ...
Толығырақ »ӘЛЕУМЕТТІК ПОРТАЛ АРҚЫЛЫ 500 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҢАЛТУ ҚҰРАЛЫ ЖЕТКІЗІЛДІ
Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдар техникалық оңалту құралдарының 55 түріне және түрлі қызметтерге онлайн тапсырыс бере алады. Портал мүмкіндігі шектеулі азаматтарға үйінен шықпай ЭЦҚ көмегімен көптеген мүмкіндік ұсынып отыр. Оңалту құралдары 14 күнде және тегін жеткізіледі. Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері қалада мүгедектігі бар 2510 адамға нақты 488 445 оңалту құралы ...
Толығырақ »АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН БЕКЕТТЕР ОРНАТЫЛАДЫ
Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ахмет Татыбаев және «А.Асқаров» атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» МКҚК-ның директоры Ғани Қарабековтің қатысуымен брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде Ахмет Өтегенұлы басқарма тарапынан осы жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар бойынша мәлімдеді. – Басқармаға 2021 жылдың үш айында қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін 169 өтінім қабылданып, оның 140-ы бойынша рұқсат берілді. ...
Толығырақ »ТИІМДІ ЖОБА
Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту әлеуметтік осал топ санатындағы азаматтарға қолдау көрсетуге зор мүмкіндік береді. Жаңа жобаның негізгі басым бағытының бірі – аз қамтылған азаматтарға көмек беру және жұмыспен қамту. Шымкентте қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мамандарының ұйымдастыруымен әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту туралы заң жобасы бойынша дөңгелек үстел өтті. Жиынға қаладағы бірқатар кәсіпкерлер қатысты. – Әлеуметтік кәсіпкерліктің ерекшелігі – бұл қызметтің ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ ИГІ БАСТАМА ҚОЛҒА АЛЫНДЫ
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Шымкентте игі бастама қолға алынды. Қала аумағында ата-анасының мақтанышына айналған, Шымкент қаласынан әскерге шақырылған үздік сарбаздардың бейнесі билбордтарға ілінуде. Ондағы мақсат – Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып жүрген азаматтардың ісін жастарға үлгі ету. Игі бастамаға Шымкент қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті ұйытқы болған. Айта кетейік, 7 мамыр ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: «АУЫЗАШАР СЕБЕТІ» ҮЛЕСТІРІЛДІ
Шымкентте қасиетті Рамазан айындағы қайырымды істер жалғасуда. Үшінші мегаполисте ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атынан ораза ұстаған тұрғындарға «Ауызашар себеті» үлестірілді. Игі іс-шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, наиб имамдар Мұхамеджан Естеміров пен Мұсабек Ақтамберді, аудандық мешіт имамдары мен ерікті топ мүшелері қатысты. Дәстүрлі шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов қайырымдылық шарасының мән-маңызына тоқталып өтті. ...
Толығырақ »ДӘРІГЕРЛЕР ЖАСӨСПІРІМДІ АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ
Шымкент қаласындағы балалар клиникалық ауруханасында дәрігерлер алғаш рет инсульт алған 14 жастағы қыз баласына ашық ота жасап, ажалдан арашалап қалды. Операция жасалған жеткіншектің бас ми қан тамырлары жарылып, салдарынан миына қан құйылған. 2021 жылы 23 сәуір күні қалалық клиникалық балалар ауруханасына жедел жәрдем қызметімен 14 жастағы қыз баласы жеткізілген. Дәрігерлер компьютерлік томография жасап, қан тамырларының жарылуына байланысты миға қан құйылғанын ...
Толығырақ »АРЫЗ — ШАҒЫМДАРДЫ ТЫҢДАУ – БАСТЫ МІНДЕТІМ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азаматтарды онлайн режимде қабылдап, тұрғындардың баспана, әлеуметтік, инфрақұрылым және т.б., мәселелерін тыңдады. Шаһар басшысы мәселелердің шешімін табу жолында жұмыс атқарылатынын айтты. Онлайн қабылдауда Самал-3 шағынауданының тұрғыны Теңге Аришова баспана мәселесін көтерді. Алайда тұрғынның мұраға қалу шарты негізінде Самал-3 шағынауданы №498 тұрғын үйі тіркелгені анықталып отыр. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алу үшін, азаматтың отбасы мүшелерінің ...
Толығырақ »СЕРТИФИКАТ ТАПСЫРУ ЖОСПАРЛАНУДА
Биыл Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы жергілікті бюджет есебінен бөлінген жалпы сомасы 300 млн теңгені құрайтын, әр азаматқа 1 млн теңгеге дейін тұрғын үй сертификатын беруді жоспарлап отыр. Бұл – қала әкімінің қолдауымен, әкімдік тарапынан берілетін қайтарымсыз көмек. Сертификат ҚР Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама немесе мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алыну барысында және ипотекалық тұрғын ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ МАРШРУТТАРЫ ӨЗГЕРДІ
Шымкентте жолаушылар тасымалдау үшін 18 жекеменшік көлік компаниясында 64 бағыт бойынша 872 автобус қызмет көрсетеді. Жолаушылар көлігі саласын жүйелендіру және дамыту мақсатында кешенді схема бекітілген. Бұл ретте аталған сызбамен жаңа маршруттық желі 78 бағытта ұйымдастыру жоспарланған. Қазіргі таңда аталған желіге сәйкес 23 жолаушылар көлігі жұмысы ұйымдастырылды. Ал ертеңнен бастап қоғамдық көліктердің сызбаларын оңтайландыра түсу үшін маршруттар желісіне өзгерістер енгізілмек. Қозғалыс ...
Толығырақ »ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ ШЫМКЕНТТЕ
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қаппарова Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келіп, «Тұран» шағын ауданындағы көп қабатты тұрғын үй құрылысы және бас жоспарға сәйкес инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстарымен танысты. Кездесу барысында Нұрлан Құдиярұлы іс сапардың маңыздылығына тоқталды. – Ең алдымен, халықты толғандыратын нәрсе – баспана мәселесі. Одан кейін оны заман талабына сай толық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету. Яғни, мұнда ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ 1 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛДІ
Шымкент қаласында қазіргі таңда 21 Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады. 9 мамыр – Жеңіс мерекесіне орай әр қарт майдангерге жыл сайынғы бір реттік ақшалай төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек – 360 АЕК яғни, 1 050 120 теңгеден берілді. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, қаражат барлық соғыс ардагерлерінің есеп-шоттарына толығымен аударылған. Сондай-ақ, қалалық мәслихаттың шешімімен 3307 тыл ардагеріне 12 ...
Толығырақ »ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 7751 АДАМ ВАКЦИНА САЛДЫРДЫ
Шымкент қаласында өткен тәулікте 7751 адам вакцина салдырды: I компонент – 3984, II компонент – 3767. Егу науқаны басталғалы барлығы 124 132 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 21 436 адам вакцинаның екі компонентін алды. 3 мамыр күні КВИ-дің 65 жағдайы тіркеліп отыр (белгілері бар — 36, белгілері жоқ — 29). 31 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 34 адам үй бақылауына алынған. Қазіргі ...
Толығырақ »ПОЛИЭТИЛЕН ҚҰБЫРЛАРЫ ЖОҒАРЫ СҰРАНЫСҚА ИЕ
Шымкент қаласында 50 жылдық кепілдікпен берілетін полиэтилен құбырлары нарыққа шығарылуда. «KAZ PLAST TRADE» ЖШС сумен және газбен жабдықтау, кәріз жүйелеріне арналған заманауи полиэтилен құбырларын шығаруға маманданған кәсіпорын. 2009 жылы құрылған компания 10 жыл ішінде жоғары сапалы полиэтилен құбырлар өндірісін дамытты. Сапалы шикізат және озық технологияларды қолдану арқылы жоғары өнімділікті құбырлар нарыққа ұсынылуда. Полиэтилен құбырлары жоғары сұранысқа ие. Кәсіпорын жеткізілетін өнімнің ...
Толығырақ »ӨРТ СӨНДІРУ ЖҰМЫСЫ ЖОҒАРЫ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ТАЛАП ЕТЕДІ
Өрт сөндіруші және құтқарушы болу әркімнің қолынан келе бермейді. Тек өз ісіне адал берілген, жауапкершілігі жоғары, өзіне талап қоя білетін, нағыз ер азаматтар бұл мамандықты таңдайды. Солардың бірі – азаматтық қорғау сержанты Шухратжон Халметов. Ол азаматтық қорғау органдарында 2013 жылдан бері қызмет атқарады. 2011-2012 жылдар аралығында 38-ші арнайы мақсаттағы десанттық шабуылдау бригадасында бөлімше командирі болып әскери борышын өтеген. Жастайынан спортты ...
Толығырақ »ЕКПЕ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚАТАРЫ АРТЫП КЕЛЕДІ
Шымкент қаласында егу пунктері күнделікті таңертеңнен бастап, түнгі сағат 24:00-ге дейін жұмыс істейді. Медицина мамандары емханада демалыс күндері, тіпті түскі үзіліске қарамастан, азаматтарға медициналық қызмет көрсетуде. Тұрғындарға күнделікті вакциналау жұмыстарын жүргізетін дәрігерлердің бірі – № 13 қалалық емханасының медбикесі Диляра Хусанова. Д.Хусанова елімізде жаппай вакциналау жұмыстары басталғаннан бері емханада үзіліссіз аянбай еңбек етуде. Білікті дәрігер күн сайын 400-ден аса адамға ...
Толығырақ »ҚАЛА ӘКІМІ МИТРОПОЛИТ АЛЕКСАНДРМЕН КЕЗДЕСТІ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қазақстан Православ шіркеуінің басшысы, митрополит Александрмен кездесті. Шаһар басшысы митрополитті Православ қауымының қасиетті Пасха мерекесімен құттықтады. Пасха мейрамының символдары саналатын махаббаттың мәңгілік құндылықтары, қайырымдылық пен мейірімділік еліміздің бүкіл тұрғыны үшін қымбат әрі қастерлі. – Православ өкілдерін Пасхамен құттықтаймын. Жаңару мен жақсылыққа деген сенімді білдіретін бұл мереке қоғамның барлық саласында жүріп жатқан жаңғырумен үндеседі. Сіз қоғамдағы ...
Толығырақ »